Сабақтың тақырыбы : Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»



Дата23.08.2017
өлшемі312,79 Kb.
#25203
түріСабақ
Сыныбы: 6 б

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» ( 2-сағаты)
Сабақтың білімділік мақсаты: Б.Соқпақбаевтың әйгілі шығармасының мазмұны мен идеясын ашу, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық мақсаты: қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды тәртіпті болуға шақыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сахналау, сэнкуэн, талдау, сұрақ-жауап, суреттер бойынша әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парақшасы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес ( топтық жарыс)
Сабақтың типі: талдау
Пәнішілік, пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысын тексеру;

- оқулықтары мен дәптерлерін түгендеу;

- кезекшімен сұхбат;


ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  • «Менің бал балалық шағым» тақырыбындағы шығармаларын оқыттыру;

  • Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы рефераттарын қорғату;

  • Көріністерін сахналау;

Сынып оқушыларын 4-топқа бөліп, әр топқа тапсырма берілген. Сол тапсырма бойынша оқушылар көрініс қою арқылы үй тапсырмасын айтады.

1-топ: «Лагерьге жолдама»

2-топ: «Дәулетпен танысу»

3-топ: « Педсоветте»

4-топ: « Құпия кеңес»


ІІІ. Жаңа сабақ

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» әңгімесін талдау.




  1. Қай топ ұғымтал? ( 9 жұмбақ) Интерактивті тақтадан сұрақтар жасырылады.

Бұл қай сәт

«Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін, ай!
Бұл қай сәт

«Есікті аша бергенімде тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»


Бұл қай сәт

«Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Омырауымды ағытып, желпініп ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен –ақ шығара ма?


Бұл кім?

«Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды....»


Бұл кім?

«Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастқтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер»


Бұл кім?

«Шыбыным, әйтеуір ешікмге тимей, ұрынбай жайыңа жүр. Сенің тектегіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма.»


Бұл кім?

«Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.»


Бұл кім?

«Мен сенің әкеңе қарызгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр.»


Бұл кім?


«Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.»



  1. «Білгенге маржан» кезеңі

Бұл кезеңде оқушыларға «Менің атым Қожа» фильмі туралы қысқаша мағлұмат беріледі.
Фильм туралы: Барлық мектепте аты шулы «сотқар» Қожа бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады.Әкесінен жетім қалған Қожаберген үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы Қожа әкесінің абыройын «шелектеп» төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа –ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Жанр: комедия, семейный

Мемлекет: Қазақстан

Шыққан жылы: 1963ж

Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

Әңгіме авторы: Бердібек Соқпақбаев

Сценарий: Б.Соқпақбаев, Н.Зелеранский

Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдағандар:

Қожа – Н.Сегізбаев

Сұлтан – М.Көкенов

Жанар – Г.Қурабаева

Жантас –Е.Құрмашев

Миллат ( Қожаның шешесі) – Б.Римова

Рахманов – Қ.Қожабаев

С.Майқанова – Р.Мухамедьярова

Қожаның әжесі – З.Құрманбаева



  1. Менің білетінім... ( кино кейіпкерлері туралы ой-толғаныс)

Интерактивті тақтадан «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді суреттер көрсетіледі. Сол суреттер бойынша әр топтың оқушылары өзіндік ой-пікірлерін айтады.

  1. Бұл қай жерде болып еді? ( 1-сурет)

  2. Кейіпкер туралы әңгімеле? ( 2-сурет)

  3. Қашан, кіммен кездесті? ( 3-сурет)

  4. Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз? ( 4-сурет)




  1. «Сэнкуэн» әдісі ( бес жолды өлең)

Кім? ( зат есім) – 1 сөз

Қандай? ( сын есім) – 2 сөз

Қайтті? ( етістік) - 3 сөз

Сөйлем ( кім туралы) – 4 сөз

Синоним -1 сөз


ІҮ. Бекіту






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет