Сабақтың тақырыбы : Біз осындай баламыз Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері



бет2/3
Дата19.12.2016
өлшемі0,56 Mb.
#4208
түріСабақ
1   2   3

Шығармашылық жұмыс Балалардың суреттерге қарап,кімді не үшін құрметтеу керектігін баяндап беруді ұсыну.Балалар бұл шығармашылық жұмысты орындау барысында сыйластық,құрмет ұғымдарының мәнін түсінеді.Өз пікірлерін ашық айтады.

Назар аударыңдар Оқулықта сыйластық туралы Алпамыс пен Махабаттың атынан берілген үзіндіге балалардың назарын аударту: адамдар өзара сыйласып,бір-бірінің жақсы,ізгі қасиеттерін құрметтесе,сыйластыққа қол жеткізеді.Өзін-өзі сыйлайтын адам,өзгелерді де сыйлай біледі.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрастырып,дәптерге жазу.

1-тапсырма.Берілген сөздердің шеңбер ішінде отбасы мүшелерінің қайсына қатысты екендігін тауып белгілеу.

Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі әнді айтумен аяқтайды. «Бақытты балалар әні». Сабақты жағымды көңіл-күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуымен қорытындылау.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

11- ші сабақ.17- ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала- кішіпейіл бала.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Кішіпейілділік,кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

  • Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

  • Кішіпейіл,кешірімді болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Көрнекі құралдар: Күннің,бұлттың суреті,оқулық,дәптер,сөзжұмбақ.

Шаттық шеңбері Оқушылармен амандасып,А.Бейсебайдың өлең жолдарымен сабақты бастау:

Адамдарға кешіріммен қарайтын Кішіпейіл бала болғым келеді,

Жан жылуы жылылықпен тарайтын. Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Әңгімелесу Әңгімелесудің мақсаты-оқушылардың «кешірім сұрау», «кешіре білу», туралы ойларын тыңдап,адам өміріндегі мәнін түсіндіру.


  • Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?

  • Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

Мәтінмен жұмыс Р.Әбілқадырованың «Кешірім» атты мәтінді оқып,мәтіннің соңында берілген сұрақтар бойынша тұжырымдау жасау.

  • Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?

  • Атай қандай жақсы қасиет танытты?

  • Өздерің атайдың орнында болса болсаңдар не істер едіңдер?

Өзіммен-өзім Оқушыларға кішіпейілділік құндылығын сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастыру.

Дәйексөз «Кешірім-ізгіліктің белгісі»деген халық даналығы нақыл сөзін түсіндіру.

Ойын. «Құнды қасиеттер» Оқушыларды кешірімді,кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында ойын ұйымдастыру.

Дәптермен жұмыс Балалардың кешірім туралы түсініктерін үйде бекіте түсу үшін үй тапсырмасы беріледі және оны түсіндіру.

1-тапсырма. Сендер «Кешірім»әңгімесіндегі атаның орнында болсаңдар ,не істер едіңдер?

2-тапсырма.Сендер «Кешірім» әңгімесіндегі атаның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Жүректен жүрекке Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Сабақты жағымды көңіл-күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне кешірімділік таныту туралы жақсы тілек айтып,қорытындылау.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

12- ші сабақ.24- ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала- кішіпейіл бала.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Келісім,жарастық туралы түсінік беру;

  • Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

  • Өзара татулыққа,шағымдылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту..

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,бірдей етіп қиылған таспа кескінділері.

Шаттық шеңбері Шаттық шеңберінде оқушылармен амандасып,С.Молдасанұлының сөзіне жазылған Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнімен сабақты бастау.

Әңгімелесу

  • Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

  • Қалай татуластыңдар?

  • Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?

  • Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру үшін өсиет әңгімені айтып беру және оқушыларға сұрақ қойып,олардың жауаптарын тыңдау.

  • Адам,ат,ит қагдай келісімге келді?

  • Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

Келісімде,жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті Оқушыларды кешірімді,кішіпейіл болуға ұмтылдыру мақсатында мына мазмұндағы сергіту сәті ұйымдастырылады:

Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)

Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын жайып,қанат қағады)

Жағдаяттарды талдау Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешеімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға,адамдармен өзара жағымды әрекеттестік құра білуге үйренеді.

Ойын-жаттығу. «Күннің көзін бұлттан арылту»

Мәтінмен жұмыс «Автобуста» деген оқулықта берілген әңгімені оқып,талдау барысында балалардың үлкен адамдарға үнемі кішіпейілділік танытуға қажет екенін ұғындыру.

Назар аударыңдар


  • Кешірім жасау- татуласуға бірінші қадам жасау;

  • Кешірім жасау-кішіпейіл болу;

  • Кешірім жасау-қателікті мойындау;

  • Кешірім жасау-өзара түсінісу;

  • Кешірім жасау-ренішті ұмыта білу.

Дәптермен жұмыс «Досым көп болсын десең...» тақырыбында өз ойларын жазу.

Жүректен жүрекке Қ.Толыбаеевтың сөзіне жазылған И.Нүсіпбаевтың «Күн күледі» атты әнін айту.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

13 ші сабақ.1- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Келісім түбі жарастық.

Келісіп пішкен тон- келте болмас .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Келісім,жарастық туралы түсінік беру;

  • Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

  • Өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Достық», «сыйластық»адамгершілік құндылықтары туралы түсінктерін кеңейту.

.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,бірдей етіп қиылған тапсырма кескінділері.



Шаттық шеңбері Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып С.Молдасанұлының сөзіне жазылған Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнімен сабақты бастауды ұсыну.

Әңгімелесу



  • Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

  • Қалай татуластыңдар?

  • Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңдер?

  • Келісімге келу не үші қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру үшін өсиет әңгімені айтып беріп,сұрақ қою.Оқушылардың өздеріне де кезекпен мәнерлеп оқытуға да болады.

Өзіммен-өзім Достықтың мәнін тереңірек түсіну мен оны сезіну мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.

Жаңа ақпарат Жаңа ақпарат бірін-бірі толықтыратын екі ойдан тұрады.Біріншісі адамдардың бір-бірімен тіл табысуы,түсінісуі,ортақ шешімге келуі,екіншісі-олардың қуанышқа,шаттыққа бөленуі.

Адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы,түсінісуі,ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа,шаттыққа бөлейді.



Сергіту сәті Оқушылардың достық қарым-қатынастарын дамыту мен денесін сергіту мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.

Достығы жарасқан, (Оң қолын оң жаққа сөзады. )

Сыйлы біз баламыз. (Оң қолын түсірмей сол қолын сол жаққа созады.)

Келісіп бәрімен, (Бір-бірін көрсетеді.)

Татулық табамыз. (Өзін көрсетеді.)

Бәріміз бір болсақ, (Бәрі қол ұстасады.)

Бәрін де жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді.)

Таудай боп өсеміз! (Қолдарын жоғары көтерген күйінде біріктіреді.)

Дәптермен жұмыс Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

Тапсырма Берілген ойлардың қайсымен келісесіңдер?Неліктен?


  • Сыныпта тату болу.

  • Сабақты жақсы оқу.

  • Бірін-бірі тыңдамау.

  • Мұғалімді сыйлау.

  • Сыныптағы заттарды күту.

  • Оқулықтарға күтіммен қарау.

  • Келіскен уақытқа кешігу.

Жүректен жүрекке Бірлік пен татулық тек келісім мен жарастықта және адам өмірінде кездесетін кейбір жағымсыз жағдайлар:ерегісу,есептесу,дау-дамайдың зиянын ұғындыру үшін оқулықта ұсынылған «Келісім мен жарастық» өлеңінен үзінді оқумен сабақты қорытындылау.

Ерегісіп,есептесіп тұрмадық,

Дау-дамайға мойнымызды бұрмадық.

Бірлік пенен татулыққа кенелткен,

Келісім мен жарастықты жырладық.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

14 ші сабақ.8- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Келісім түбі жарастық.

Келісіп пішкен тон- келте болмас .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Келісім,жарастық туралы түсінік беру;

  • Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

  • Өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Достық», «сыйластық»адамгершілік құндылықтары туралы түсінктерін кеңейту.

.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,Күн шапағының сұлбасы.



Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрып,бәрі бірге «Достық» әнін шырқайды.

Жағдаяттармен жұмыс Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалармен ұштастыру мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап,балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт беру.Әр жағдаятты сұрақ бойынша талдау.

  • Тілес Бекарысты байқамай қағып кетті.....

  • Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды.....

  • Тар көпір үстінде екі лақ кездесіп қалды....

Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?

Мәтінмен жұмыс Оқушылардың жауаптарын түйіндеу,сондай-ақ олрдың достық пікірлерін білу мақсатында «Піл мен Маймыл» халық ертегісін оқып беру және қойылған сұратардың жауабын тыңдау.

Дәйексөз Тақтаға «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақалды жазып.түсіндіріп талдау.

-Адамдар бір-бірімен келісіп,ақылдасып атқарған істің нәтижесі де жемісті болады.Әр түрлі пікірлерден ортақ дұрыс шешімге келу адамдардың бір-бірін құрметтеуіне,сыйласуына ,достасуына жағдай жасайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген осы.



Назар аударыңдар Келісім:

  • Басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі;

  • Адамдарда бір-бірін жете тани білуге үйретеді;

  • Басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етеді.

Жаттығу. «Достық нұры» Оқушылардың татулық,келісім туралы ойларын бекіту үшін жаттығу орындалады.

-Балалар арасында ренжіскен сәттерде бірін-бірі түсінбей қалып,сол уақытта келісімге келмесе де,уақыт өткен соң түсініп,өкініп жататындары да болады.Ал біз сондай көңілсіз сәттерді болдырмау үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз,түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болу қажеттігін білеміз.Қанеки,өзімізді тексеріп көрейікші.Қазір мен тақтаға достық шапағын ілемін.Ал бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып, «нұр таратамыз».Әр қағазда шыдамдылық,татулық,бірлік,келісім,сыйластық,жарастық достық деп жазылған.Балалар әр-бір қағаз орамын ашып,ішінде жазылған сөздерді оқиды,тақтаға жапсырады.Сондықтан да тақтада шуақ күн пайда болады.

-Осы шуаққа алақан тосып,нұрын сезінейік.Айтылған қасиеттер бойымызда болып,аталған әрекеттерді жасай алсақ,бір-бірімізбен келісіп,жарастықта бола аламыз.

Дәптермен жұмыс Сабақта айтылған негізгі ойларды бекіту үшін үй тапсырмасы беріледі.

-Балалар, «Уәде» әңгімесінднгі Асан мен Жомарттың қателігі неде деп ойлайсыңдар?Дәптерде «Достық хат» айдарымен берілген бос жолақтарға Асан мен Жомартқа ақыл айтып,достық хат жазыңдар.



Жүректен жүрекке

-Балалар,бүгінгі сабақта бір-бірімізбін ренжіспей келісімге келу,бір-бірімізге шыдамдылық таныту-жарастықтың,достықтың белгісі екндігін түсіндік.Сендердің де барлық уақытта бір-біріңді тыңдап,біріңмен-бірің келісіп,достықтарың жарасып тұратындығына мен сенемін.

Барлығы қосылып «Ізгі тілек» өлең жолдарын айтады:

Ізгі тілек.

Көк аспанда күн күлсін, Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін. Ұл қолында ту жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін, Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын. Бірге жүрсін бүлдіршін.


Әлеует. М.Қалдыбаевтың «Уәде» атты әңгімесін оқып,сұрақ қою арқылы талдату.

  • Асан неліктен уәдеде тұрмады?

  • Асанның орнында болғанда сендер не істер едіңдер?

  • Осы әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?Өз ойларыңмен әңгімені аяқтаңдар.



Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

15-ші сабақ.15- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте.

Татулық-табылмас бақыт .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Бірлік туралы түсінік беру;

  • Көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

  • Бір-біріне көмектесуге,бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Достық туы,қайық, «Достық арқылы» дельфин,өзен,лақ,құмырсқа илеуі,дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мұғалім өз қалауына байланысты сабақты саяхат түрінде өткізуіге және мынадай сөздермен бастауға болады:

- Балалар,сендер білесіңдер ме,мөлдіреген көк теңіздің ортасында «Достық аралы»бар.Мәңгілік желбіреп тұратын «Достық туын» көруге елдің түкпір-түкпірінен балалар Аралға барып қайтады.Ондағы «Таңбалы тасқа» өздерінің тілектерін жазады.Біз де біздің бүгінгі «Күш бірлікте»атты сабағымызда «Достық аралына»барып қайтайық.Саяхатымызды әнмен бастайық.

Балалар үнтаспаға қосылып «Елімізді сүйеміз» әнін орындайды.

Өзіммен-өзім Оқушылардың достық қарым-қатынастары мен сезімдерін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл жүргізіледі.Теңіз толқындарының,қарсы ескен самалдың дыбыстары үнтаспадан естіледі.

Сергіту сәті

-Балалар,міне тапсырманы дұрыс орындау арқылы лақтың да судан өтуіне көмектестік.Енді мөлдіреген көк теңіздің де жағалауына жеттік.Теңіз жағалауында бойымызды сергітіп алайық.

Біз өнерлі баламыз. (Өзін көрсетеді.)

Шырқатып ән саламыз. (Екі қолды жанына созады.)

Би билейміз бұралып, (Би қимылын көрсетеді.)

Доспыз,тату боламыз. (Барлығы қол ұстасып,жоғары көтереді.)

- «Достық аралына» жету үшін бізге не қажет?

Балалардың жауаптары.

-Әрине,теңізбен жүзіп баратын қайық қажет.



Ойын-жаттығу. «Қайық жасап алайық»

Ойынның шарты:Мұғалімнің алдында қайық бөліктері(қағаздан жасалған)жатады.Осы бөліктердің артқы бетіне тапсырма жазылған.Тапсырмаларды орындау арқылы қайықты құрастыру керек.



Мәтінмен жұмыс Оқушылар аңыз әңгімені оқиды.Қарияның өсиетіне назар аударып,оқушылардың сұрақтарға берілген жауаптары арқылы,олардың да пікірлерін білу және бірлік ұғымының мәнін ұғындыру.

Дәптермен жұмыс Тақтаға үлкен қара тас бейнеленген суретт ілу.

-Балалар,алдымызда кездескен үлкен қара тасты бәріміз бірлесіп жолдың шетіне шығарып тастай аламыз ба?Оны орындау үшін дәптердегі ребусты бәріміз бірге шешейік.Оқушылардың барлығы өз дәптеріне қарап ,дауыстап айтып отырып,ребусты шешеді.

Ребуста жұмыртқа,бала,көйлек,дәптер,үкі,киім ілгіш суреттері берілген.Шешуі:Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Ребус шешілгеннен кейін,дәу қара тас жолдың шетіне шығарылады.



Жүректен жүрекке Сабақты балалардың бір-біріне тілек айтуымен аяқтауға болады.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

16-ші сабақ.22- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте.

Татулық-табылмас бақыт .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Бірлік туралы түсінік беру;

  • Көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

  • Бір-біріне көмектесуге,бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Достық туы,қайық, «Достық арқылы» дельфин,өзен,лақ,құмырсқа илеуі,дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Қол ұстасып Ф.Оңғарсынованың «Тату доспыз бәріміз»өлеңінін мұғаліммен бірге қосылып айтады.

Тапсырма Өткен сабақтағы ойды түйіндеу мақсатында оқушыларға тапсырма беру.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтау.



Жаңа ақпарат Адамдар арасында бірлік болса,олар ынтымақта,тату-тәтті өмір сүреді.Өзара сыйласып,ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.

Сахналау Б.Грасианның ізімен жазылған «Өмірлік сый» атты шағын әңгімені апалы-сіңілілі қыздардың диалогын сахналауды ұсынады.Сахналау кезінде балалар ағайынды адамдардың арасында да бірлік болуы өмір екенін түсінеді.

Дәйексөз Тақтаға «Татулық-табылмас бақыт»-деп халық мақалын жазып қою керек.

Оқушылар өз пікірлерін ртаға салып,неліктен «Татулық –табылмас бақыт»екендігін өз пайымдауларымен айтып береді,мұғалім толықтырады.



Жағдаяттармен жұмыс Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалармен ұштастыру мақсатында мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт береді.Әр жағдаятты сұрақ бойынша талдайды.

Назар аударыңдар

Бірлік-ортақ істе ұйымшылдық көрсету. Бірлік-жаныңдағылармен тату өмір сүру.

Бірлік-өзгенің пікірімен санаса білу. Бірлік-өзгенің қамын ойлау,көпшіл болу.

Дәптермен жұмыс Дәптерде бейнеленген таңбалы тасқа бірлік туралы тілектерін жазу.

Жүректен жүрекке Сабақты А.Естеновтің «Бата» өлеңімен аяқтау.

Бата

Ұзақ болсын ғұмырың, Өнегелі,өрісті,

Биік болсын тұғырың! Елін сүйген ұлан бол!

Ақиықтай қыран бол, Деп аталар өрелі

Абылайдай ұран бол! Баталарын береді.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан

17-ші сабақ. 29-желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес.

Өзіңді танығың келсе,тегіңді біл .

Мақал.


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • ата тегі,жеті ата туралы түсінік беру;

  • ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтырытуралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,бәйтерек суреті,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Үнтаспадан «Келші,келші,балашым» әніне қосылып айтады.

Әңгімелесу

  • Өз аталарың туралы не айтасыңдар?

  • Нағашыларың туралы не айтасыңдар?

  • Жеті атаңды айта аласың ба?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Ж.Дәуренбековтың «Арұлан»атты әңгімесін оқу.

  • Арұлан қандай бала? Аружан ше?

  • Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?

Тапсырма Балаларға туған-туыстарымен,жақындарымен қауышқан кезде қандай сезім-күйге бөленетіндерін ортаға салып айту үшін «Өз отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айту тапсырылады.

Шығармашылық жұмыс Оқушыларға өз отбастарында қалыптасқан тәлім-тәрбие ,дәстүрге сүйеніп, «Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып,әңгімелейді.

Жаңа ақпарат «Адамның жақсы қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу.Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап,қамқорлық жасайды».

Дәптермен жұмыс «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешу.

1. Әкеңнің шешесі... 5.Сенен үлкен туысың....


2.Атаңа сен кім боласың? 6.Алтыншы атаң......

3.Әкеңнің әкесі...... 7.Сені дүниеге әкелген жан...

4.Сенен кейінгі туысың....

Шешуі:әже,немере,ата,іні,аға,шөпшек,ана.



Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім өлең жолдарын айтады,оқушылар қайталайды:

Ата,бізге келіңіз! Күнде бата беріңіз!

Дайын сізге төріміз! Жүзіңізден нұр таймай,

Өстіп бізге күлімдеп: Жүз жасаңыз қартаймай!

«Өс,жарығым-күнім»,-деп

Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан

18-ші сабақ. 12-қаңтар.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • ата тегі,жеті ата туралы түсінік беру;

  • ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтырытуралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,бәйтерек суреті,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Ә.Тәжібаевтың «Атадан ақыл аламыз» өлеңін қосылып айтады.

Атадан ақыл аламыз

Атамыз-біздің панамыз, Атадан ақыл аламыз,

Атамыз-біздің данамыз, Атадай адам боламыз.

Мәтінмен жұмыс Е.Өтетілеуовтың «Текті білу тегін емес» атты өлеңін оқу.

Тапсырма «Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беру».


  • «Атаның ғана баласы болма,адамның баласы бол».

  • «Балаларымыз қуаныш әкелсін,немерелеріміз жұбаныш әкелсін».

  • «Қыздарымыз есті болсын,ұлдарымыз сесті болсын».

Ойлануға үш минут уақыт беріледі.Әр топтың оқушылары бірге ойланады.Әр топ өз арасынан жауап беруге бір не екі оқушыны дайындау.

Жаңа ақпарат

Оқушыларды өз ата тегін біліп, қастер тұта білуге баулу мақсатында, тегін білген бала жақсы азамат болып өсетінін өнеге ету үшін мынандай оқу ақпаратын беру.

«Ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.»

Назар аударыңдар

Түйіндеме Алпамыс пен Махаббат ұсынған «Жеті ата» туралы мәлімет беріледі.Балаларға «Жеті атаға» кімдер жататынын естеріне сақтау ескертіледі.

Жеті атаға жататындар:

1.Ата


2.Әке

3.Бала


4.Немере

5.Шөбере


6.Шөпшек

7.Немене


Оқушылардың ата тегін білуге деген көзқарастарын байқау мақсатында мынандай сұрақтар қойылады?

  • Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?

  • Сендерге үлкендердің ата тектерің туралы айтып, сендерден сұраған кездері болды ма?

Балалардың жауаптарын тыңдау.
Каталог: ulgi
ulgi -> Сабақтың түрі: аралас сабақ
ulgi -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
ulgi -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
ulgi -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
ulgi -> Сабақтың атауы Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сипаты Мақсаты
ulgi -> Сабақтың атауы Мақсаты Жалпы шолу
ulgi -> Қазақ тілі 4-сынып Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан
ulgi -> Сабақтың тақырыбы: IV тарау. Электр өрісі
ulgi -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Биология және оған тығыз байланысты ғылымдыардың зерттейтін саласымен таныстыру
ulgi -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет