Күні: 18.11.15
|
Пәні: Әліппе
|
Сынып: 1 Сынып жетекшісі: Қуанышева Ботакөз
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ү дыбысы мен әрпі
|
Сабақтың мақсаты
|
Ү дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға дағдыландыру
|
Оқытудың нәтижелері
|
О дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады. Сөйлем құрап айтуға дағдыланады.
|
Негізгі дерек-көздер
|
Плакат, маркер, бағалау парақшасы, қима қағаздар
|
Модульдің кіріктірілуі
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқыту
|
Сабақтың барысы
Сабақ бөлімінің кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
көрнекіліктер
|
Кіріспе
|
2 минут
2 минут
5 минут
|
І Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Кіріспе сөз: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз еркше болмақ. Қане, өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше? (Балалардың жауабы)
- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге есігіміз ашық, яғни бұл – ашық сабақ. Олай болса «Сәлем – сөздің анасы» деген мәтелді ескеріп,ең алдымен амандасып алайық Сыныбымыз тап - таза борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап Отырайық партаға
Сандар арқылы 4 топқа бөлу.
«Сұрақ қою және қайта сұрақ қою» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Дыбыс деген не? Әріп деген не?
Буын неден құралады? Сөзден не құралады?
І топ . Дауысты және дауыссыз дыбыс дегеніміз не?Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
ІІ топ.Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не?Қатаң дауыссыздарды ата.
ІІІ топ. Ұяң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Ұяң дауыссыздарды ата.
ІV топ. Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Үнді дауыссыздарды ата.
- Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? - Ө қандай дыбыс?
- Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі? Бөпешім» өлеңін жатқа сұрау
|
Шаттық шеңберін құрып, бір-бірлерне жылы тілектер айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыпт-ды
Қуанамын менде, Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
Үстел үстінен таратпа қағаздарды алып, орындарына жайғасып, топқа бөлінеді.
(айтамыз, естиміз) ( жазамыз, көреміз)
(әріптен) (сөйлем).
А, о,і,е,ы,ұ,ә,и,ө
т, п,н,ғ,р,л,м,б,с,ш,қ,к,д,ж,з,ң,й
Т,п,с,ш,қ,к,
Ғ,д,б,ж,з
Р,л,м,н,ң,у,й,
«Бөпешім» өлеңін жатқа айтып берген оқушыға сұрақ қояды.
|
Басбармақты көтерту арқылы формативі бағалау
|
Таратпа қағаздар
Бағалау парақшасы
|
Жаңа сабақтың таныстырылымы
|
Білу.
3 минут
Түсіну5 минут
|
«Миға шабуыл» әдісі бойынша интербелсенді тақтадан бейне баян көрсетіп, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады:
Жарықта соқырмын
Ұша алмай отырмын. ( үкі ) ( слайдтан үкінің суреті)
Кітаптағы үкінің суретімен танысу. Үкі суретін слайдтан көрсетіп, оқушыларға үкі жөнінде түсінік беру. Үкі туралы не білеміз?
Үкі түн құсы, Үкі — негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағатын құс екен.
— Сөздің қай жерінде тұр? Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү — кі. (екі буын)
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп,жүзіп,үйретті.
Су жұқпайтын тонына,
Кім білмейді ................?(үйректі)
Үйрек суретін көрсетіп слайдтан, үйрек үй құсы. Балалар, үкі ,үйрек деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?
Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.
Балалар, үкі мен үйректің қандай ұқсастығы бар екен, қарайықшы. (слайд)
Күн салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Себебі қыста жемдері азаяды.Сондықтанда қыстап қалатын құстарымызға үнемі қамқорлық жасап отыру қажет.Өйткені құстар-біздің досымыз
Құстарға байланысты “халық болжамдары” бар.
Үйрек бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
Жаңа сабақ:Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі (тақтаға тақырыпты жазу)
Үү деп дыбыстату. Хормен айту.
— Қалай дыбысталады?
— Қандай дыбысқа жатқызамыз?
— Ү дыбысын айтқанда ерін, тіл алға созылады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі.
— Дауысты, жіңішке қысаң, еріндік дыбыс екенін айту.
Ү дыбысының әрпін баспаша жазбаша түрде таныстыру. Ү дауысты дыбыс екені айтылады.Ү әрпінің кішкенесінің және бас әрпінің жазылу емлесін түсіндіру.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла» Ортадағы қаламсап әдісін қолдана отырып (қаламсапты балаларға бергенде ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек)
|
Берілген сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбы «Наурыз» екенін табады.
Мағлұматтарды мұқият тыңдап, берілген тапсырманы ойлана отырып жауап береді.
(Балалар «Ү» деп жауап береді)
|
Басбармақты көтерту арқылы формативі бағалау
Топтық бағалау
Басбармақты көтерту арқылы формативі бағалау
|
Бағалау парақшасы, интербелсенді тақта, бейне баян
Оқулық, бағалау парақшасы
|
Жаңа сабақты қолдану
|
5 минут
Талдау
11 минут
|
Қолдану. Дәптермен жұмыс
Ауада жазу .Тақтада жазу. Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады. Бас, кіші әріптерін жазулары. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.
Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық? Ұ әрпімен сәйкестігін ескерту.
Ұқсастығы: Үү – Ұұ екеуі де дауысты дыбыс
Айырмашылығы:Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ -жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
Ұн құн құлақ
Үн күн күрек
«Аквариум» әдісі бойынша қарамен жазылған сөздерді тізбектеп оқып, сөздікпен жұмыс жасату.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқыту.
- Оқушылар өз бетімен оқиды.
- Әр топтан бірнеше бала оқиды.
«Жигсо» әдісі бойынша 4 топқа 4 түрлі тапсырма беру арқылы жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту.
І топ. Қай дыбыстан басталады
ІІ топ.Ретімен орналастыр» ойыны. Әріптерді өз орнына қою:
ІІІ топ. Жоғалған әріпті табу тапсырмасы
ІV топ. Берілген буындарды сызық арқылы қосып мақал құрастыру.
|
Берілген сұрақтарды әр топ ортада талқылап, ортақ бір шешімге келіп жауап береді. Пікір алмасады.
қарамен жазылған тізбектеп оқып, жаңа сөздерді талдап, пікір алмасады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы мүұият орындап, топ мүшелері өз қызметтері бойынша келесі тақтаға іліп , жұмыстарын қорғайды.
|
Басбармақты көтерту арқылы формативі бағалау
Топтық бағалау
Басбармақты көтерту арқылы формативі бағалау
Топтық бағалау
Басбармақты көтерту арқылы формативі бағалау
Топтық бағалау
|
Бағалау парақшасы
Оқулық, бағалау парақшасы, плакат, маркер
|
Жаңа сабақты қорытындылау
|
Жинақтау
5 минут
|
«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
тақтаға бір оқушы бормен үйрек, үкі сөзін жазады,талдайды
ү - дауысты, қысаң, еріндік, жіңішке ү- дауысты, қысаң, еріндік, жіңішке
й - дауыссыз, үнді к- дауыссыз, қатаң
р - дауыссыз, үнді і- дауысты, кысаң, езулік, жіңішке
е - дауысты, ашық, езулік, жiңiшке
к - дауыссыз, қатаң
Қорытындылау:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү дыбысы қалай айтылады?
|
Алған білімдерін қолдана отырып,
пайдасы туралы айтады.
|
Басбармақты көтерту арқылы формативі бағалау
Топтық бағалау
|
Бағалау парақшасы
|
3
минут
|
Бағалау. Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, топтық бағалау жүргізу.
Ауызша мақтау, мадақтау және басбармақты көтеру арқылы формативті бағалау
|
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.Мақтау сөздерің естіп ынталанады.
Сабақтың әр кезеңінен кейін басбармақтарын жоғары, төмен көтеру арқылы ынталаныды.
|
Басбармақты көтерту арқылы бағалау
|
бағалау парақшасы
|
3 минут
|
Рефлексия. Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін? Деген сұрақтарға стикерге жауаптарын жазғызу.
|
Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін? Деген сұрақтарға жауапты стикерге түсіріп, рефлексия парағына леді.
|
|
Рефлексия парағы, стикер
|
1 мин
|
Үйге тапсырма беру.
|
Күнделікке жазып алады.
|
|
Күнделік
|
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
1 «ә» сыныбы
Сынып жетекшісі:Қуанышева.Б
2015 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |