Ана тілі 1 – сынып.
Сабақтың тақырыбы:Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Тиін.А.Синявский.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушылардың жуан және жіңішке дыбыстар туралы білімдерін кеңейту, сөздегі дауысты дыбысқа байланысты жуан және жіңішке сөздердің айтылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс түсініп оқуға төселдіру.2. Дамытушылығы: ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды , тапқырлықты шығармашылықты дамыту.3. Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Біз жадырап қалайық.
Психологиялық жаттығу.
Әрбір адам - туысым,досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу,ұлағат.
Әрбір сөзің – шыңдық, бірлік, адамдық,
Әрбір ісің – тілек, тірлік, адалдық.
2. Өткенді пысықтау.Оқушылар сұрақ - жауап әдісі бойынша өздерінің білімдерін тексереді.
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар? Неше дыбыс және таңба бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата. 15
- Дауыссыз дыбыстарды ата. 25
- Олардың айырмашылығы кандай?
- Дауысты дыбыстар туралы не білеміз?
- Олар нешеге бөлінеді? Ережені еске түсір.
- «Кыс» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ІІ.Операционалдық- орындаушылық кезең.
3.Жаңа сабақ . Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғарылап кетеді. \ тиін\
Ой қозғау.
Тиін туралы өздерің не білесіңдер ?
Достарыңызбен бөлісу: |