Антивирустық программалар
Детектор – программалар Доктор – программалар Ревизор – программалар Доктор ревизорлар Фильтр – программалар Вакцина – программалар
— Детектор-Программалар — тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.
— Доктор-Программалар — немесе “фагтар” вирус жұққан программалармен дискілерді “вирус” әсерін алып тастау,яғни “жұлып алу” арқылы емдеп — оларды бастапқы қалпына келтіреді.
— Ревизор-Программалар — да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
— Доктор-Ревизорлар — доктор-программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
— Сүзгі-Программалар — компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады.Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
— Вакцина-Программалар — компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
— Ревизорлар — Олардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д. Мостов дайындаған прогамма-ревизор ADif жақсы танымал.
— Полифагтар.Олардың қызметі-вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканер И.Данилов құрған Dr. Web (Doctor Web) болып табылады.Ол вирустарды жақсы айырып таниды, бірақ оның базасында вирусқа қарсы күресетін құралдар басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз.Жалпыға әйгілі полифаг Е.Касперский зертханасы құрған
Kaspersky Anti-Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
“Кім жылдам” стратегиясы бойынша компьютерлік вирустар тақырыбына арналған тест тапсырмаларын шешу арқылы қорытындылау.
1. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар?
A. Компьютерлік вирустар
B. Компьютерлік бомбалар
C. Программалық вирустар
2. Ішінде вирус табылған программа?
A. Емделетін
B. Көрінбейтін
C. Бүлінген
3. Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
A. 5
B. 3
C. 2
4. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан жұғатын вирус?
A. Файлдық
B. Жүктейтін
C. Макровирустар
5. Макровирустар………
A. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады
B. Операциялық жүйені жүктегенде жұғады
C. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі
6. Жұмыс логикасына және мақсатына қарай?
A. Логикалық бомбалар, құрттар, троян аттары, ұстауыш вирустар
B. Бейсауат, насихатшы, мағынасыз, шантаж жасаушы
C. Жүктейтін, макровирустар
7. Қазіргі кезде шамамен неше вирус түрлері бар?
A. 15 000
B. 50 000
C. 25 000
8. Мақсатына қарай вирустар
A. Логикалық бомбалар, құрттар, троян аттары, ұстауыш вирустар
B. Бейсауат, насихатшы, мағынасыз, шантаж жасаушы
C. Жүктейтін, макровирустар
9. Мақсатына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
A. 3
B. 4
C. 5
10. Вирустың өлшемі
A. 200-500 байт
B. 200- 5000 байт
C. 200-50000 байт
V. Қорытындылау: Сабақ барысын талдау
VI. Үйге тапсырма: Компьютерік вирустар.СӨЖ Реферат жазу
VII Бағалау.
Мұғалімнің қолы: Н.Хаирлиев
Достарыңызбен бөлісу: |