Сабақтың тақырыбы
|
§13 Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары
|
Күні:
Сыныбы: 7
|
Сағат реті №13
|
Сілтеме
|
Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §13 , 59 - 61 б.
|
Мақсаты
|
Білімділік
|
Дамытушылық
|
Тәрбиелік
|
|
Оқушылармен Солтүстік жарты шар материктерінің қалыптасуы туралы түсінік қалыптастыру. Материктердің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, материктерді ажырата білуді, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
|
Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.
|
География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.
|
Негізгі идея
|
Солтүстік жарты шар материктерін ерекшелеп көрсету және табиғатындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алуға ықпал жасау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.
|
Таным деңгейлері
|
Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер
|
Ресурстар
|
Уақыт
|
Оқыту кезеңдері
|
Қызығушылықты ояту
|
Білу
|
Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.
|
Ойсергек . Сәттілік тілеу.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі анық жауап береі (бұл орайда өткен тақырыптар бойынша және солтүстік жарты шар материктері т.б ).
|
«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».
|
Үлестірмелі карточкалар
Географиялық диктант
Дүние жүзінің
Физикалық картасы
|
5 мин
|
Түсіну
|
Картамен жұмыс жасаттыру, Солтүстік Америка және Евразия материгінің географиялық орнын анықтай отырып, жер бедерінің қалыптасуына әсер етуші факторларын анықтау және жағалауын шайып жатқан мұхиттарды картадан көрсету. Материктің климаты мен табиғат зоналарына кіріспе жасап өту.
|
Картамен жұмыс жасайды. Ерекшелік еткен факторларын атайды, солтүстік жарты шарда орналасқан материктермен байланыс жасалады және материктің климатына толық тоқталып өтеді.
|
«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы
«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.
|
Дүниежүзінің физикалық картасы, контур карта, оқулық мәтіні.
|
10 мин
|
Оқыту кезеңдері.
|
|
Қолдану
|
Оқушыларды сырттай бақылау
|
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
|
Диалогтік.
|
А4 форматтағы солтүстік Америка,Еуразия
материгінің кескіні
|
7 мин
|
|
Сергіту.
|
АКТ
|
3 мин
|
Талдау
|
Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.
І топ. Материктің географиялық орнынын анықтау.
ІІ топ. Материктің жер бедерінін ерекшеліктерін анықтау.
ІІІ топ. Климатына тоқталып, сипаттама беру.
IV топ. Материктегі мұз басу аудандарын анықтап, түсіндіру.
Vтоп. Материктердегі ұқсастықтар мен өзгеріс аймақтарын анықтау.
|
Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
|
Диалогтік оқыту.
|
Оқулық, А4 , қаламсап
|
7 мин
|
Оқыту кезеңдері
|
Ой-толғаныс кезеңі.
|
Жинақтау.
|
Шығармашылық тапсырма беру. А4 форматтағы кескін картаға материктердегі:
-географиялық орнындағы
-жер бедеріндегі
-мұз басулардағы
-климаты
-табиғат зоналарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды белгілеу.
|
Тапсырмаларды орындайды. Берілген рет бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Диалогтік
АКТ
|
А4, қаламсап,
Дүниежүзінің физикалық картасы, контур карта, оқулық мәтіні.
|
10 мин
|
Бағалау.
|
Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға шолу жасап келу.
|
3 мин
|