Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін
нәтижелер
|
Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады. Оқушылар Еуразия материгін картадан шеткі нүктелерін жағалауындағы теңіздер мен мұхиттарды таба отырып біледі,картадан Еуразия материгін шеткі нүктелерімен тауып бере алады.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді меңгерту сабағы
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология, география т.б пәндер.
|
Қолданылатын әдістер
|
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Есімдерді атау», «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы,жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау. Топтық таныстырылым,электронды оқулық тапсырмасы,кесте мен картамен жұптық,топтық жұмыстар,венн диограммасы
|
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
|
Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Еуразияның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы Интерактивті тақта, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ
кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Кіріспе
|
2 мин
3 мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
Топқа бөлу.
Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу. Материк дегеніміз не?
Кіріспе сұрақ: Қанша материк бар?
Анықтаушы сұрақ: Материктердің орналасуы
Нақтылаушы сұрақ: Еуразия материгі қандай дүние бөліктерінен тұрады?
Тікелей сұрақ: Еуразия материгінің алып жатқан ауданы?
Түсінік беруші сұрақ: Еуразия материгінің басқа материктерден айырмашылығы?
Ассоциацияларың: Еуразия материгін қандай мұхиттар шайып жатыр?
Жабық сұрақ:Материктің қандай өзіне тән ерекшелігі бар
Ашық сұрақ: Материкті зерттеген ғалымдар
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды
|
Тұсаукесер.
(POWER POINT)
|
3 мин
|
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
2. «Ой шақырту» Бұл материктің басты ерекшелігі:Жерінің көлемі жөнінен-дүние жүзінде -1орында 54млн жерді алып жатқан материк,4мұхит суы шайып жатқан ,екі дүние бөлігінен тұратын қай материк?
Оқушылармен ой бөлісіп жаңа тарау ,жаңа тақырып,жаңа материк-Еуразия материгінің жер бедері мен географиялық орны тақырыбын өз беттерінше оқуға шақыру.
|
1.Оқушылар берілген тапсырманы ой қозғау арқылы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге электронды оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып керікті мәліметтерді дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.
|
Негізгі бөлім:
Білу
|
5 минут
|
Еуразия дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қоса есептегенде 54 млн км2 астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес келеді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа және Азия құрайды. Еуропа мен Азия арасындағы шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Кума-Манч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
|
1.Оқулықпен жұмыс, 62-66 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.
|
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Оқулықпен картамен жұмыс
Еуразияның физикалық-географиялық орнын көрсету.
1.-тапсырма:Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.
А)«Қара ,оқып шық,жап,жаз»әдісімен жеке тапсырма ретінде тақырыппен танысу беріледі.
Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 3-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.
1топ:Еуразияға ең,ең ерекшеліктерімен сипаттама бергіздірту.
2топ:Географиялық орнына жалпы сипаттама бердірту.
3 топ:Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер,бұғаздар,шығанақтарға сипаттама бердірту.
2-тапсырма: «картамен жұмыс»Жеке тапсырма кескін картаға шеткі нүктелерін түсірту.
|
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
1.Топтық жұмыс: оқушылар
оқулықтан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды тортасып отырып сипаттама береді.
2-жеке жұмыс: Оқушылар «жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.
|
Қолдану
|
5 мин
|
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет
1-топ. Еуразия материгінің басқа материктерден ерекшелігі
2-топ. Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
3-топ. Еуразия материгін зерттеген ғалымдар
4-топ. Еуразия материгіндегі дүние жүзіндегі ең, ең
5-топ.Еуразия материгіндегі мүйістер
2 тапсырма. 1. Карточкаға жауап беру:
№1
1. Еуразия материгінің географиялық орнын картадан көрсетіп, сипаттама бер?
2. Жағалауын қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатыр?
№2
1.Еуразия мен оның жағалауында болып қайтқан зерттеушілерді атаңдар?
2.Шоқан Уалиханов қай жерлерді зерттеді?
№3
1. Еуразия материгін қандай халық негізін салған?
2.П.П. Семеновқа неліктен Тянь-Шань тауының аты берілді?
|
Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, тест жұмысын орындайды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.
|
Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.
|
Талдау
|
5 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Еуразия материгі мен Солтүстік жарты шар материктерімен салыстыру» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.
|
Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.
|
Жинақтау
|
8 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау. Картамен жұмыс
Теңіздер мен мұхиттарға сипаттама бергенде төрт мұхитқа таяу бөліктерінің географиялық орнын, ұзындығын, енін суреттеу үшін картамен жұмыс жасайды.
|
Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында
Кескін картаға материк жағалауындағы жылы және суық ағыстардың бағыттарын белгілеп, олардың пайда болуын түсіндіреді. Ағыстардың материк табиғатына тигізетін әсерлеріне нақты мысал келтіреді.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
|
Қорытынды
Рефлексия
|
6 мин
|
1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім?
|
Не ұнады?
|
Сабақтан алған әсерім
|
|
|
|
|
1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Еуразия материгінің географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге жалпы шолу жасау
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
|