Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін
нәтижелер
|
Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады. Оқушылар Еуразия материгін дүниежүзіндегі 4-мұхит сулары шайып жатқанын картадан қарап айтып бере алады,және ең ірі өзендеріне жеке сипаттама бере алады.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді меңгерту сабағы
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология, география т.б пәндер.
|
Қолданылатын әдістер
|
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.
|
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
|
Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Еуразияның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы
Интерактивті тақта, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ
кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Кіріспе
|
2 мин
3 мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
1.Мұғалім оқушылармен амандасып,сынып оқушыларының көшбасшылығымен топқа ынтымақтаса отыртып бөлдірту.
2. Жалпы географиялық шолу жасау,оқушыларға «Сары май»әдісі арқылы үй тапсырмасынан сабақ сұрау.
«Картаға дұрыс орналастыр»картамен жұмыс көрсету арқылы үй тапсырмасын пысықтату
|
1.Оқушылар мұғалімге құрмет көрсете отырып амандасады,топтарға өзара ынтымақтаса отырып бөлінеді. Топтағы міндеттерімен бөліседі.
2.Әр топ «Сары май »әдісі арқылы сұраққа нақты жауап береді.
Үй тапсырмасын «Картаға дұрыс орналастыр »ойынымен пысықтау жасайды.
|
Тұсаукесер.
(POWER POINT)
|
3 мин
|
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
2. «Ретімен орналастыр» 4-мұхитты көлеміне қарай кестеге орналастырту.
Электронды оқулықтан Осы 4-мұхит туралы мәлімет беріп өту.
|
1.Оқушылар берілген кестеге мұхиттардың көлеміне қарай дұрыс орналастырту сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге электронды оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып керікті мәліметтерді дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.
|
Негізгі бөлім:
Білу
|
5 минут
|
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, оның тереңдңгі 13 м. Одан солтүстікке, батыс пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттық орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі – Исландия аралы. Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура - 40ºС, жазда - 0ºС. Жауын-шашын 100-200 мм-ден аспайды. Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік - 1ºС, экватор маңында +29ºС. Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.
|
1.Оқулықпен жұмыс, 66-71 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.
|
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.
А)«Қара ,оқып шық,жап,жаз»әдісімен жеке тапсырма ретінде тақырыппен танысу беріледі.
Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 5-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.
1топ:Солтүстік мұзды мұхит алаптарын және ірі өзендеріне сипаттама беру.
2топ:Атлант мұхит алаптарына жалпы сипаттама беру.
3топ:Тынық және Үнді мұхит алаптарына сипаттама беру.
4 топ: Атлант мұхиты мен Тынық мұхитын салыстыру
5 топ: Солтүстік мұзды мұхиты мен Үнді мұхитын салыстыру
2-тапсырма: Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды және ірі өзендерін картадан таптыртып шаруашылықтағы маңызы туралы әңгіме жаздыру.
3-тапсырма: «картамен жұмыс
|
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
1.Топтық жұмыс: оқушылар «Қара,оқып шық,жап,жаз»әдісі
мен оқулытан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды тортасып отырып сипаттама береді.
2-жеке жұмыс: Бүгінгі сабақтан кездескен жаңа сөздерді дәптерлеріне түртіздірту.
3-жұптық жұмыс:Оқушылар «жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.
|
Қолдану
|
5 мин
|
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет
1-топ. Еуразия материгін шайып жатқан мұхиттар.
2-топ.Атлант мұхиты.
3-топ. Солтүстік мұзды мұхиты
4-топ. Тынық мұхиты.
5-топ.. Үнді мұхиты.
2 тапсырма. Еуразия материгінің шайып жатқан мұхиттарын және теңіздерін кескін картаға сызу
|
Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, тест жұмысын орындайды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.
|
Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.
|
Талдау
|
5 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Пайдалы қазбалардың таралған жері,маңызды кен орындары» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.
|
Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.
|
Жинақтау
|
8 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау. Картамен жұмыс
|
Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында
Кескін картамен жұмыс жасайды,пайдалы қазбалардың орналасу ерекшелігімен танысады.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
|
Қорытынды
Рефлексия
|
6 мин
|
1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім?
|
Не ұнады?
|
Сабақтан алған әсерім
|
|
|
|
|
1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Жер бедері мен пайдалы қазбаларына жалпы шолу.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
|