Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет25/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Топқа бөлу.
Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу. Жер бедері дегеніміз не?
Кіріспе сұрақ:Материктің жер бедері неліктен қатпарлы-жақпарлы ?
Анықтаушы сұрақ: Материктердің орналасуы
Нақтылаушы сұрақ: Африка материгі не себепті шығысқа қарай беттейді?
Тікелей сұрақ: Африка материгінің негізгі проблемасы
Түсінік беруші сұрақ:Африка жер бедерінің басқа материктерден айырмашылығы

Ассоциацияларың: Еуразия материгінде қандай плиталар жатыр?


Жабық сұрақ:Материктің жер бедрінің қандай өзіне тән ерекшелігі бар
Ашық сұрақ;Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды



Тұсаукесер.
(POWER POINT)

3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Еуразия материгі туралы суреттер көрсетіледі
-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық
-Дұрыс айттыңдар Материктің зерттелу тарихы
-Ең үлкен материк?
-Дұрыс айттыңдар, Еуразия
-Олай болса, бүгін біз сабақта Еуразия материгінің Жер бедері мен пайдалы қазбалары оның басқа материктерден ерекшелігімен тереңірек танысамыз.






Негізгі бөлім:
Білу

5 минут

Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ең ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерге сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап аласарған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басулармен байланысты мұндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады. Бұл аймақтардағы жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңғар ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсан қазаншұңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған Орал, Сарыарқа, Қаратауда мүжілген қалдық таулы, ұсақ шоқылы жер бедері басым келеді.

1.Оқулықпен жұмыс, 71-75 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.



Түсіну

5 мин



Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Оқулықпен жұмыс.
1топ Еуразияның жер бедері
2топ Еуразияның Таулы аймақтары
3топ Еуразияның жазықтары
4топ Еуразия материгінің пайдалы қазбалары

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы материк пен жалпы жер бедері пайдалы қазбаларымен танысады

Қолдану



5 мин

Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет
1-топ. Еуразия материгінің жер бедерінің ерекшеліктері.
2-топ.Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
3-топ. Еуразия материгінің пайдалы қазбалары
4-топ. Еуразия материгінің пайдалы қазбаларының қолданылуы
5-топ..Еурахия материгінің таулы жерлерінің ерекшелігі
2 тапсырма.Еуразия материгінің пайдалы қазбалар картасын кескін картаға сызу



Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, тест жұмысын орындайды.

Сергіту сәті



2 мин

Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.

Талдау

5 мин

Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Пайдалы қазбалардың таралған жері,маңызды кен орындары» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.

Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.





Жинақтау



8 мин

Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау. Картамен жұмыс



Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында
Кескін картамен жұмыс жасайды,пайдалы қазбалардың орналасу ерекшелігімен танысады.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.

Қорытынды
Рефлексия

6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім













1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.



Үйге тапсырма

1 мин

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Еуразияның климатына жалпы шолу жасау.



Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет