Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет34/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: География

Күні:
Сыныбы: 7

Сағат реті № 60

Сабақтың
Тақырыбы

§23 Халқы және елдері.

Сілтеме

География. Материктер мен мұхиттар география 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт). Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық.Авторлары: Бейсенова Ә., С.Әбілмәжінова К.Каймульдинова Алматы «Атамұра», 2012, 256 бет

Мақсаты



Мақсаты:
Білімділік мақсаты – Еуразия халқы, саны мен орналасуы, Еуразияның ұлттық және тілдік құрамы туралы білімді қалыптастыру. «Халықтары және халық тығыздығы» деген картамен жұмыс істеу дағдыларын молайту.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін
нәтижелер



Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық ғылыми сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, тарихи мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Тарих, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар



Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Еуразияның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы
Интерактивті тақта, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

Сабақ
кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе



2 мин
3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
Топқа бөлу.
Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу халық дегеніміз не?
Кіріспе сұрақ: Еуразияда қандай нәсілдер кездеседі?
Анықтаушы сұрақ: Еуразия халқы қандай ұлттық және тілдік топтарға жіктеледі?
Нақтылаушы сұрақ: Еуразия материгіндегі ірі әлемдік діндер?
Тікелей сұрақ: Еуразия жерінде халық неге біркелкі қоныстанбаған?
Түсінік беруші сұрақ:Еуразия материгінің халқының басқа материк халқынан ерекшелігі
Ассоциацияларың: Материкте қанша халық тұрады?
Жабық сұрақ:Еуразия халқының өздеріне ғана тән ерекшеліктері
Ашық сұрақ:Еуразия материгінің көлемі жөнінен үлкен елдері?

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды

Тұсаукесер.
(POWER POINT)

3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Еуразия материгінің халқына байланысты суреттер көрсетіледі
-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық
-Дұрыс айттыңдар Еуразия материгінің табиғат зоналары
-Не себепті Еуразия жерінде арктикалық шөл, тундра зоналары кездеседі?
-Дұрыс айттыңдар, Солтүстік мұзды мұхитына жақын орналасқан
-Олай болса, бүгін біз сабақта Еуразия материгінің халқы және елдерімен және оның басқа материктерден ерекшелігімен тереңірек танысамыз.






Негізгі бөлім:
Білу

5 минут

Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді.

1.Оқулықпен жұмыс, беттері. Оқушылар 189-190 дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.



Түсіну

5 мин



Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Оқулықпен жұмыс.
1 топ Еуразия материгінің халқы
2топ Еуропалық тектес нәсілдер
3топ Еуразия материгінің Елдері
4топ Еуразия материгінде ұстанатын діндер
5 топ Материктің халқының нәсілдік ерекшелігі

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы оқушылар материктің халқы және елдері мен танысады



Қолдану



5 мин

Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің халқының ерекшеліктерін көрсет
1-топ. Еуразия материгінің нәсілдік ерекшеліктері.
2-топ. Еуразия материгінің ұстанатын діндерінің ерекшеліктері.
3-топ. Еуразия материгінің тіл тобының ерекшелігі
4-топ.Еуразия материгінің елдерінің ерекшеліктері
2 тапсырма. Еуразия материгінің аймақтары мен елдері картасын кескін картаға сызу



Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, картамен жұмыс орындайды.

Сергіту сәті



2 мин

Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.

Талдау

5 мин

Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Еуразия материгінің халқы және елдерінің басқа материктердің халқымен салыстыру» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.

Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.





Жинақтау



8 мин

Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау.
Картамен жұмыс



Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында табиғат зоналарымен ерекшеліктермен танысады
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.

Қорытынды
Рефлексия

6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім













1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.



Үйге тапсырма

1 мин

Еуразияның халқы және елдері. Солтүстік және батыс Еуропа елдеріне жалпы шолу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет