5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.
1. Заттың қозғалысын білдіретін сөздер жаз.
2. Заттың түр түсін білдіретін сөздер жаз.
3. Мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз.
4.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем жаз ( түс көрдім,аттан түс ).
5. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды ата.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы жинақталып келіп, автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтін туралы түсінік берген соң,суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.
Шығармашылық жұмыс:
Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.
1. Жолдасына хат жазуды тапсыру.
2. Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.
3. Бір нәрседен шошынып,қорыққан жай-күйін жаздыру
4. Табиғат көрінісін суреттеу.
5. Әжесінің,атасының,әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме,тілектерін баяндап жаздыру.
Білімді бекіту : 1. Мәтін дегеніміз не? 2. Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің ?
3. Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің ?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздену
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тақтамен жұмыс :
Сөздің оң жақта бір бөлігі,сол жақта екінші бөлігі берілген.Екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау.Сөз мағыналарын түсіндіріп беру.
Бел құлақ
Қырық қосақ
Саңырау аяқ
Кемпір қазық
Темір басқа
Тас беу
2) Оңнан оқылса да,солынан оқылса да өзгермейтін 3 әріптен тұратын 10 сөз ойлап жазу.
Нан қақ көк тұт іні
Шаш кек тот сұс құқ
Берілген буындардан сөз құрап жазу.
най
|
зе
|
ре
|
|
шық
|
о
|
Лау
|
ба
|
те
|
ғай
|
|
жа
|
Ұр
|
рын
|
пан
|
ла
|
за
|
|
дық
|
ше
|
Кө
|
Найзағай ұршық көше
Терезе орындық жалау
Балапан
Білімді бекіту : Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Оңнан солға қарай оқылса да,соңнан оңға қарай оқылса да өзгермейтін, 5 әріптен тұратын 7 сөз ойлап жазу.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Тілдің сөздік құрамы
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың лексика туралы түсінігін кеңейту,қазақ тілінің құрамы туралы түсінік беру,меңгерту ;
ә) Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту;
б) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге,сөздерді дұрыс қолдана білуге,ана тілін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,деңгейлік тапсырмалар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырма еркін тақырып бойынша әңгіме жазу. Оқушылардың әңгімелерін оқытамын
Газет-журналдардан оқыған әңгімелері туралы сұраймын. Сөздік қордан өткенді қайталау үшін пысықтауға арналған сұрақтар.
1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?
2. Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
3. Мал атауларына қандай атаулар жатады ?
4.Табиғат құрылыстарының атаулары ?
5. Аң-құс атауларына қандай сөздер жатады ?
6. Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де,кейінен пайда болған жаңа сөздер де,термин сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.
2. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жай қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді.
Шығармашылық жұмыс : 144-жаттығу. 1.Күз суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар. 2. Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады. Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс : Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап сонан соң сөйлем құрап жазыңдар.
1. Мен,жаз,өзен,көп,шомыл.
2. біз,ауыл,маңы,ағаш,қалың,өс.
3. Айжан,жолдас,кітап бер.
4. Таңертең,күн,шай,ашық,бол,кеш,қатты,өзгер
Білімді бекіту : Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тереңдету әрі тиянақтау мақсатында пысықтауға арналған сұрақтар мен үлестірмелі кеспе қағаздар таратамын.
Бағалау : Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу барысына,жаңа сабақта береген жауаптарына,сабаққа деген ынтасына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма : Қазақ тілінің сөздік құрамы туралы оқып келу. 145-жаттығу.Сөйлем құрау.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Көнерген сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Көнерген сөздер оның түрлері туралы түсінік беру. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін 1. Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?
2.Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
3.Мал атауларына қандай атаулар жатады ?
4. Табиғат құбылыстарының атаулары ?
5. Аң-құс атауларына қандай атаулар жатады ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі : өнеркәсіптегі,ауыл шаруашылығындағы,ғылымдағы және техникадағы,өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды.
Мысалы : би,болыс,старшын,қосын,бәйбіше,тоқал,әмеңгер,дулыға,өлара,сәукеле т.б.
Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады.Көнерген сөздер архайзм және историзм болып екіге бөлінеді.
Тіліміздегі арсы,дабыл,шың-бұлар да көне сөздер.Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы-арман,тілек мағынасын білдіретінсөз.Жоғарыда аталған келе,арсы,дабыл,шың,бағы,тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде,көркем әдебиетте және ғылыми естеліктерде кездеседі.
Топпен жұмыс : Оқушыларға көнерген сөздер беріп,сөйлем құратқызамын.
Ояз,дулыға,пері,барымта,құн,дабыл,ілу т.б.
Білімді бекіту : 1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
2.Қандай көнерген сөздерді білесіңдер ?
Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма : 146-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,ішінен көнерген сөздерді тауып келуге беремін.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Есте сақтау диктанты
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге саутты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру.
б) өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі : баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
Жас балапандарды күту.
Жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде балапандарға тары ботқасы,ақ ірімшік беріледі.Жұмыртқаны қатты пісіріп,оған қабығын уатып,қосып берген де жақсы.Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі.Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де боладцы.Балапандарға жем беретін астаушаларға бор,көмір,ұсақ-ұсақ тастар салынып қойылады.Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға,жемді бойына сіңіруге көмектеседі.Балапандарға екі
айға дейін күніне алты рет,одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. (74сөз)
Жазып болғаннан кейін мәтіндегі сөйлемдерге фонетикалық талдау жүргіземін.
Мысалы : Б – дауыссыз
а– дауысты
л – дауыссыз
а – дауысты
п – дауыссыз
а – дауысты
н – дауыссыз
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап,қайталап келуге беремін.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Жаңа сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Жаңа сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ойын түрінде
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,плакаттар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.
1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
2.Көнерген сөздер нешеге бөлінеді ?
3.Тарихи сөздер дегеніміз не ?
4.Архаизм дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Тілде жаңа ұғымды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неогизмдер деп аталады.Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады.Кейін тілге сіңісіп,халыққа әбден танылып,жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы : космос,косманавт,спутник деген сөздер алғаш пайда полған кезде жаңа сөздер болатын.Кейін бұлар қоданыла келе жағңа сөз болудан қалады.Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер,соңғы жылдары ғарыш,ғарышкер,жер серігі деген қазақтың төл сөздеріменберіліп,жаңа сөздер болып есептеліп жүр.Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік,үнтаспа,жеделхат,саяжай,ермексаз,теңге,құжат,отбасы,кеден,зейнетақы,зейнеткер,сынып,үнқағаз т.б. сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп,қоданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік,бау-бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді : жылыжай,қызанақ,орамжапырақ т.б.
Кітаппен жұмыс : 164-жаттығу.
Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.
Сол сөздердің қандай мағынаны білідіріп тұрғанын сөздіктерге сүйеніп анықтаңдар
Ауыл шаруашылығына қатысты тағы қандай жаңғырып қолданылып жүрген сөздер барын айтыңдар.
Білімді бекіту :
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 165-жаттығу. Мәтіндегі неологизмдердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Жалпылама лексика
Сабақтың мақсаты :
а) Жалпылама лексика туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі әселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу..
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Өткен сабақты естеріне түсіріп бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Лексика нені зерттейді ?
2.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ?
3.Табу дегеніміз не ?
4.Тұрақты тіркестерді қалай түсінесің ?
5.Эвфемизм дегеніміз не ?
6.Дисфемизм дегеніміз не ?
7.Антоним дегеніміз не ?
8.Омоним дегеніміз не ?
9.Синоним дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама лексика дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды,әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы : су,ауа,тамақ,үй,нан,мал,жеу,ішу,көру,жүру,ақ,көк,үлкен,кіші.
Жалпылама лексикаға тән сөздер өздерінің тура мағынасында жұмсалады.
Жалпылама лексикаға жататын сөздерді бала да,үлкен де,малшы да,аңшы да,ақын да,ғалым да бәрі бірдей түсінеді және сөйлеу мен жазуда қолданады.Мысалы : Биыл қар аз жауды.Кеше күн суық болды деген сөйлемдердегі әрбір сөз өзінің тура мағыналарында ғанақолданылып тұр.Осы сөйлемдердегі сөздердің бәрі жалпылама лексикаға жатады.
Жалпылыма лексикаға жататын сөздер жалпы халыққа түсініктілігімен,анықтығымен,қарапайымдылығымен ерекшеленеді.Олар әдеби тілдің негізгі қоры болып табылады.
Жаттығумен жұмыс : Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен жалпылыма лексикаға жататын табиғат құбылыстарының атауларына қатысты бірнеше сөз теріп жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып жыл мезгілдерін суреттеңдер.
Білімді бекіту : 1. Жалпылама лексика дегеніміз не ?
2. Қазақ тілінің лексикасы нешеге бөлінеді ?
3. Жаңа сөздер дегеніміз не ?
4. Көнерген сөздер дегеніміз не ?
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 169 – жаттығу. Төмендегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай үлгіге сүйеніп топ – топқа бөліп жазыңдар.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Диалект сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Диалект сөздер оның ерекшеліктерін түсіндіру.Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Оқушыларды табиғаттысүюге,қоршаған ортаны бағалай білуге баулу,эстетикалықталғамдарын арттыру ;
б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,диалектологиялық сөздік
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Кірме сөздер дегеніміз не ?
2.Жалпылама лексика дегеніміз не ?
3.Жаңа сөздер дегеніміз не ?
4.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
5.Сөздік құрам дегеніміз не ?
6.Табу дегеніміз не ?
7.Эвфомизм дегеніміз не ?
8.Дисфемизм дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Диалект сөздер – белгілі бір жердегі (аймақ,облыс,аудан ) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы : әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал обылысында нұсқау,бұйрық деген мағынада қолданылады ; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы,шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады ; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді;әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысынд тұқым деп атайды.
Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы : тыңла – тыңда,құдағай – құдаға т.б.
Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп,жалпыхалықтық тілге айналды.
Топпен жұмыс : 184 – жаттығу.сөйлемдердегі диалект сөздерді тауып жазыңдар.
Білімді бекіту : Түсінбегенсұрақтарына жауапберемін
1.Диалект сөздер дегеніміз не ?
2.кірме сөздер дегеніміз не ?
Бағалау : Оқушылардың ынтсына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 185 – жаттығу.Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын табыңдар.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Кәсіби және термин сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;
б) тәрбиелік – ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Татулық – табылмас бақыт
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,география
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін
1.диалект дегеніміз не? 2.кірме сөздер дегеніміз не ?
3.жалпылама лексика дегеніміз не ? 4.табу дегеніміз не?
5.эвфмизм дегеніміз не ? 6.дисфемизм дегеніміз не ?
7.лексика нені зерттейді ? 8.антонимдер дегеніміз не?
9.синонимдер дегеніміз не ? 10.омонимдер дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.
1. Қолөнершілікке ( ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. ) қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
2. Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы ) 2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота. 3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.
Термин сөздер дегеніміз – ғылым,техника,өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Жаттығумен жұмыс : 193 – жаттығу. Мәтіннен ұсталық кәсіпке қатысты сөздерді теріп жазыңдар.
Білімді бекіту : 1. Ұсталық кәсіпке қатысты қандай кәсіби сөздерді – зат,ұғым атауларын білесіңдер ?
2. Ұста еңбегін өз көздеріңмен көргендерің бар ма? 3. Кәсіби сөздер дегеніміз не?4.термин сөздер дег не?
Білімді бекіту : оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып келу.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Достарыңызбен бөлісу: |