Атырау облысы
Махамбет ауданы
О.Шонаев атындағы орта
мектептің I-санатты
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибрашева Толқын Қарасқызы
7-сынып Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей "Тортай мінген ақ боз ат"
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жазушы өмірінен мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын ашу, тақырыбы мен идеясын анықтай отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасау;
ә) Тәрбиелік : Оқушыларды кейіпкер тағдырына ортақтастыра отырып, адамның жан дүниесін түсіне білуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
б) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзгенің пікірін тыңдай білуге, дәлелді пікір айтуға баулу;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ой қозғау, іздендіру, СКТ, СТО технологиясы: «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы
Сабақтың түрі: Білім мен дағды, іскерлікті меңгерту
Көрнекілігі: Cлайдтар топтамасы, видео «Жусан иісі», «Жетімнің көз жасы». Бағалау үшін кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, өзін-өзі тану пәні
Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру
а/сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру: қол шапалақтап сынып пен аралықта байланыс орнату;
ә/сыныпты алты топқа бөлу. /бірден мотивация кезінде бөліну әдісі: тізбектеле тұрып алтыға дейін санап, алтыға топқа бөліну; балаларға сәттілік тілеу, аты мен сыртында топ реті жазылады: 1, 2, 3, 4, 5, 6/
II Қызығушылықты ояту /Тақырыпқа кіріспе/
Мұғалім: «Әдебиет - тек асыл мұратпен, таза ар - намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз. Ендеше осы асқар тауға жетелейтін қасиетті әдебиет сабағын бастайық.
Оқушылардың кіріспе сөзі:
-Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы кішкентай ауыл Шыңғыстай да қарапайым шаруа адамы Бөкейдің отбасында дүниеге келген. Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлесе сөзі "алтын жалатқан қорғасындай" тауып айтатын адам болған. 1943 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде майданның қара жұмысына алынып, Орал тауы маңында еңбек еткен.
Анасы Күлия қызыл тілдің майын тамыза сөйлейтін, әнді де алқынбай шырқайтын өнері болған.
-Жиырма жасында қолына қалам алып, ширек ғасыр боларлық уақыт арасында бірнеше әңгіме, повесть, драма, романдар жазып, қазақ проза жанрын байытты.
О. Бөкей - өз дәуірінің қарапайым тұлғасын сомдай білген, сол арқылы қоғамның келеңсіз тұстарын аша білген жазушы.
- жазушының «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл еңбеккерлерінің қиындығы мен жетімдік тауқыметін тартқан балалардың өмірі туралы баяндалған.
Жалпы сабақ үдерісі бойынша білімді бағалау критерийлері/шектері/
Оқушының аты-жөні______________________________________________
Рет саны
|
Тапсырма мазмұны
|
Есептелетін ұпайлар саны
|
1.
|
Үйге тапсырманы орындау
|
|
2.
|
Топпен жұмыс жасауға қатыс
|
|
3.
|
Тапсырманы орындау
|
|
4.
|
Жаңа тақырыпты талдауға қатыс
|
|
5.
|
Сатылай кешенді талдау бойынша қатыс
|
|
6.
|
Шығармашылық жұмысты орындау
|
|
7.
|
Өзіндік пікір қосу
|
|
8.
|
Қорытынды түйін жасай білу
|
|
Ескерту: 10-12 ұпай - «өте жақсы»
8-10 ұпай - «жақсы»
5-8 ұпай – «қанағаттанарлық»
І С К Е С Ә Т !!!
ІII Мағынаны тану /Мәтін бойынша талдау жұмысы- «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы/
1-топ.Сілтеме табушылар.
Оралхан Бөкей "Тортай мінген ақ боз ат" (мәтін бойынша әңгімелеп береді)
2-топ. Ізденуші
Оралхан Бөкей "Тортай мінген ақ боз ат" әңгімесіне байланысты ұқсас қандай әңгіме өттік?
С Мұратбеков Жусан иісі шығармасындағы Аян бейнесі (видео көрсету)
/Венн диаграммасы бойынша салыстыру екі шығарманы, екі бейнені/
3-топ. Дәнекер
Жоғарыдағы талданған шығармадағы ұқсастық бүгінгі өмірде бар ма?
(«Жетімнің көз жасы» видео) /бүгінгі проблема және қамқорлықтар туралы/
4-топ. Бейнелеуші
Мәтіннен Тортай бейнесін табу, мәтін бойынша сурет салу
/Біздің ішімізде менен екі - үш жас үлкендігі бар бір бала болушы еді. Әке - шешеден ерте айырылып, алыстан қосылатын аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі - таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін./
5-топ. Сөз тапқыш
Шығарма бойынша жұмыс (мәтіннен теңеу, эпитет, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді табу) /міндетті түрде анықтамасын айтып кету.
Эпитеттер - жаймашуақ сәт, төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, көк мұнар дүние.
Теңеулер - табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма.
Мақал - мәтел - Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Ораза - намаз тоқтықта ғана.
Фразеологизмдер - Қой аузынан шөп алмас, ит басына іркіт төгу.
6-топ. Сұрақ қоюшы
Сұрақтар ашық сұрақ түрінде болады.
Тортайдың «Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол-кітап, әкем де, шешем де сол-кітап» деген сөзін қалай түсінесіздер?
Адал дос деген кім?
Сатылай кешенді талдау
Оралхан Бөкей "Тортай мінген ақ боз ат"
1. Авторы – Оралхан Бөкей-сан қырлы талант, көркем сөздің зергері.
2. Тақырып – Соғыстан кейінгі жетімдік тауқыметін тартқан балалардың өмірі мен тағдыры.
3. Әдеби жанры – Әңгіме
4. Идеясы - Автордың Тортайдың « ақ боз ат мінер» арман-мүддесінің символдық бейнесін шынайы жеткізуі
5. Шығарманың композициялық құрылысы
Сюжеттің басталуы- Салықсалған ауылының көрінісі
Сюжеттің байланысы- Тортай мен Ораштың достығы
Сюжеттің шиеленісуі- Тортайдың үйінен кетуі
Сюжеттің шегі- Тортайдың түсі
Сюжеттің шешімі- Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді...
6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – жағымды кейіпкер – Тортай, Ораш жағымсыз кейіпкерлер – Тортайдың туыстары
7. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу - кілемдей, ұлардай, бақсыдай, ұядай, қыздың шолпысындай, найзадай.
Эпитет - (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)
Тұрақты тіркестер- қой аузынан шоп алмас, бас алмай, ит басына іркіт төгілді, көз байлана бастады ( идиома), міз бақпай, қыздың жиған жүгіндей, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)
Мақал-мәтелдер: Ораза-намаз тоқтықта, Тоқ бала аш баламен ойнамайды.
8. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, достық қарым-қатынасқа, өз арманына жетуге тәрбиелеу.
IV. Ой толғаныс. /Тақырып бойынша ойды жинақтау,зерделеу/
Барлық топ сөйлеп болса, мына бір сұрақ төңірегінде ойланып көрейікші. Егер сіз жазушы болсаңыз шығарманы қалай аяқтар едіңіз?
V. Қорытынды сөз:
«Ең бастысы-адам факторы: Оның еркі, күш-жүгері, табандылығы мен білімі» Н.Назарбаев
Тәуелсіз елдің тірегі де өзіңсің.
Мен сенемін, білімді бол, жас ұлан!
Өзіңді өзің бағала.
Сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін бәріңізге қошемет!
VI. «Менің көңіл-күйім» ТЕРЕГІ
Рефлексия (кері байланыс)
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе адам суретін салып), тақтада ілінген терекке жабыстырады. Теректе жылдың төрт мезгілі бейнеленген. Көктем - «Керемет!», жаз - «Өзіме сенімдімін!», күз -«Жақсы!», қыс - «Маған көмек керек!» деп аталады.
VI. Бағалау. (Өз-өзін бағалау парағы бойынша бағалау)
VII. Үй тапсырмасы:
Әңгіменің мазмұнын түгел оқып келу.
«Баяғыда бір жетім бала болыпты...» тақырыбында ертегі құрастыру
Атырау қаласы №6 мектептің 7-сынып оқушыларымен өткізген сабағымның тақырыбы: Оралхан Бөкей "Тортай мінген ақ боз ат". Оқушыларды бірінші рет көріп тұрмын, менде бүгінгі күннің қалай өтетіні, сабақтың сәтті шығуы туралы толғаныс басым болды.
Сабақтың құрылымына, оның дәл солай өткізе алатыныма іштей сеніп тұрдым, бірақ адам баласы емеспін бе, қорқыныш та болмады дей алмаймын. Сабақты құруда оқытудың жаңа технологиялары басшылыққа алынды. Ол сабақ көшбасшылардың, ІІ,ІІІ деңгей оқыған мықты ұстаздарыммен бірге жасалған сабақ болғандықтан, мен сабақтың жүру барысы дұрыс екеніне сенімді болдым. Сабақты сәттілік тілеуден бастадым. Мен екі шапалақпен ілтипат білдіргенде, оқушыларымда сол шапалақты қайталады. Бұл дегенің дайынбыз дегенді білдірді. Алты топтың аты жазылып тұрғандықтан, өздеріңе ұнаған сөзді алып, сол топтың жанына бару ұысынылды. Сынып түгелдей бөлінді, артынша өзін-өзі бағалауды үшін парақтарды да алдарына таратып, түсіндіріп жбердім. І тапсырмадан бастап сұрай бастадым. Әр топ сөйлеген сайын сұрақ қоюшы топ айтылған тақырыпқа сұрағын дайындап отырды. Сұрақ қоюшы топтағы С,Т (оқушыларды танымағандықтан бас әріппен белгілеп отырмын) екі мәтінді де жақсы білетінін сұрақ қоюынан-ақ көрінді. Осы тұста сұрақ қоюшы топ басқа топтарға қарағанда белсенділік көрсетті. Тапсырма дәнекер тобына келгенде, оқушылар бүгінгі сабақты осы күнгі өмірмен байланыстыру керек болатын. Тамаша ресурстар осы жерде қолданылды. Ж. атты оқушы нгі өмірмен байланысын, статистика бойынша салыстыра қорғады. АКТ-ның көмегі сол, тақырып бойынша түсірілген бейнежазбалар жүріп тұрды. Бейнелеуші тобы Тортайдың арманындағы ақ боз атын, табиғат көрінісін, еш уайымы жоқ балалардың суреті бейнеленген суреттерін қорғады. Сөзтапқыштар мәтінді композициялық құрылысына СКТ-са, әдебиет теориясын мәтіннен тапты. Қорытындысын шығру мен үшін қиын болмады, балалардың өзін-өзі бағалауы арқылы мен сыныпты тез бағаладым. Ертеңгі күні болатын 9 мамыр Жеңіс күні екеіні еске сала тұрып, ескерткішке Ұлы Жеңіске 71 жыл деген жазуы бар төсбелгі (значок) тапсырдым. Бүгінгі сабақтың қалай өткендігі туралы кері байланыс орнатып, «менің көңіл-күйім» атты жылдың төрт мезгілі бейнеленген терекке есімдерін жазып стикерлерін жабыстырды. Сабақ сәтті өтті.
Бұл сабақтың сәтті шығуы ең алдыменен мектеп басшысы Айгүл Сұлтанғалиқызы, мектебімнің оқу ісінің меңгерушілері Роза Абуғалиқызы (ІІІ деңгей) мен Ғалымжан Исламұлының дұрыс бағыт бағдар беруі деп білемін. Білім саласының соңғы жаңалықтарын оқытуға енгізіп отырған, әр сабақтың осылай жоғары дәрежеде дайындалуына мән беріп, сын ескертпесін дәл тауып, уақытылы ескерткенінің нәтижесі деп білемін. Осындай үлкен сайысқа дайындалғанда жанымда болған әр ұстазыма, достарыма, оқушыларыма, ата-аналарға алғысым шексіз.
Достарыңызбен бөлісу: |