Түзете-дамыту қызметінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
І.Сәлемдесу
2. Баланың зейінін шоғырландыру
3. Сөйлеу ережесі
Ойымызды жинақтап
Дыбыстарды анықтап
Сөйлейміз біз дұрыстап
Жұрнақ-жалғау жалғаймыз
Тыныс алып сөйлейміз.
Артикуляциялық жаттығулар:
«Көңілді тіл» ертегісі.Ертегіні баяндай отырып, жаттығуды айна алдында орындату.
«Үйшік» ертегісін айтып беру.
Фонематикалық түсінігі:
Ертегідегі аңдар дауысын сал. Тышқан, аю, бақа, түлкі. Бала өз ойынша өз дауысымен салу.Логопед көмек береді.
Буындарды айту:
Ар, ор, ра,ро, ара, ора
Грамматикалық құрылымды қалыптастыру.
Ертегілер суреттеріне қарап отырып жәй сөйлем құрастыру. Тышқан үйге кірді. Аю төбеге шықты.т.б.
Сергіту жаттығуы:
Жел соғады бетке
Шайқалады талдар
Жел тыныш, тыныш
Талдар биікке өрлей бер
Жатқа айтқызу
Балам орныңнан тұр
Қоянның түсі сұр
Сөзге мойын бұр
Қстайтын құс-құр
Уәдеңе тұр
«Тез ойлан, тез тап» ойыны
Аңдар суреттері бала алдына қойылады. Бала суретті тез қарап, жылдам атауын тауып айту керек.
Қорытынды:Ертегі қалай аталады?
Ертегі кейіпкерлерінің атын ата?
Өткізілген күні_________
Түзете-дамыту қызметінің тақырыбы: Үй жануарлары.Қ-Ғ дыбыстары
Мақсаты:
Түзету-білімділік:үй жануарлары туралы айтып беру
Түзету-дамытушылық:фонематикалық түсінігін қалыптастыру,сөздердің грамматикалық құрылымдарын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуін дамыту,сөздік қорды молайту,артикуляциялық жаттығуларды орындату
Түзету-тәрбиелік:үй жануарларын қастарлеп, бағуға үйрету
Әдістері:әңгімелесу, сұраққа жауап беру, қайталап айтқызу
Көрнекілігі: үй жануарларының ойыншықтары, суреттер
Достарыңызбен бөлісу: |