Фонематикалық түсінігі:
Үй жануарларының дауысын ажырату. Сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі.Қ-Ғ дыбыстарына сөз ойлап айтқызу.
Грамматикалық құрылымды қалыптастыру.
Зат есімді жекешеден көпше түрге өзгерт. Мал-малдар, қой-қойлар
Сергіту жаттығуы:
Жел соғады бетке
Шайқалады талдар
Жел тыныш, тыныш
Талдар биікке өрлей бер
Жатқа айтқызу
Балам орныңнан тұр
Қоянның түсі сұр
Сөзге мойын бұр
Қыстайтын құс-құр
Уәдеңе тұр
«Ненің дауысы?» ойыны
Үй жануарларынң дыбыстарын ажырату керек.Өздері жануарлардың дыбысын дауыстап қайталайды.
Қорытынды:Үй жануарларын ата?
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Өткізілген күні_________
Түзете-дамыту қызметінің тақырыбы: Жабайы аңдар.Х-Һ дыбыстары
Мақсаты:
Түзету-білімділік:жабайы аңдар туралы айтып беру
Түзету-дамытушылық:фонематикалық түсінігін қалыптастыру,сөздердің грамматикалық құрылымдарын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуін дамыту,сөздік қорды молайту,артикуляциялық жаттығуларды орындату
Түзету-тәрбиелік:қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау
Әдістері:әңгімелесу, сұраққа жауап беру, қайталап айтқызу
Көрнекілігі:аңдар суреттері, ертегі кітаптар
Достарыңызбен бөлісу: |