Сабақтың тақырыбы : С. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі



Дата05.02.2022
өлшемі56,1 Kb.
#19256
түріСабақ


Аты-жөні: Камзина Марпуга Слямкановна
Туған жылы: 21. 05. 1963 жыл
Білімі: жоғары
Мамандығы: ҚазМУ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Пед. стажы: 25 жыл
Жұмыс орны: Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы
Келелі мәселесі: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру, тілін дамыту.


Әдебиет, 6-сынып.


Сабақтың тақырыбы: С. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) С. Дөнентаев туралы мәлімет беру. Өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау, өлеңнің мазмұнын, тақырыбын, идеясын ұғындыру;
ә) Өз ой-пікірлерін айта білуге, шығармашылық жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу;
б) Ізденіп оқуға ынталандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:, интерактив тақта, слайдтар: «Сәбит- қазақ ақыны», «С.Дөнентаев туындылары», «С.Дөнентаевтың өмірдеректерінен фото-суреттер»
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру,талдау, топтау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс. тарих, география.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау.
1 – топ М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
2 - топ. «Казақ тілі» өлеңі
3 - топ. «Мен кім?» өлеңі
Шығармашылық жұмыс: «Ана тілім – айбыным» «Мен кіммін?» эссе (көркемсөз) жазу
«Еркін жауап» стратегиясы: ( Үй тапсырмасын қорытындылау)
Ана тіліне деген сүйіспеншілігіңді сурет не сөйлем арқылы түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
І.«Қызығушылықты ояту» кезеңі
1-слайд. Сабақтың эпиграфы: « Сәбит – мысал жанырының шебер ақыны. «Бозторғай» - патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған өлең». Бейсенбай Кенжебаев
«Түсіну» стратегиясы.С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
«Топтастыру» стратегиясы. Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау
1-4-слайд «Сәбит – сан қырлы талант иесі».
сыншы журналист
ағартушы-демократ ақын

публицист қоғам қайраткері


жазушы
сатирик ақын
аудармашы
ІІ: Топпен жұмыс: 1 - топқа: «Мағынаны тану» стратегиясы. «Заман кімдікі?» Әділет туралы ойланып-толғанатын ақын өлеңдерінің ерекшелігі қандай? Риторикалық сұрақ дегеніміз не? Сұрақ-жауап 1.Заман кімдікі? 2. «Ой қозғау» және «Еркін жазу» стратегиясы . Ал бүгін ше? Қазіргі заман кімдікі? «Менің өлең туралы пікірім» 5-слайд

Сәбит заманы

Бүгінгі заман бейнесі









Мұғ. сөзі: «Заман сені билемесін, сен заманды биле» деп Абай айтқандай, жаңа заманауи дамудың көшінен қалып қалмайық..
2 - топқа: «Суреттеу» және «Сипаттау» стратегиясы «Бозторғай» мысал өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Өлеңдегі кейіпкер бейнесін сипатта. . Мысал өлең дегеніміз не? Қандай мысалшы ақынды білесің? А.Байтұрсыновтың қай мысалына ұқсас? Қандай мақал есіңе түседі?
6-слайд. (Кестені толтыру)

Мысал өлеңдегі кейіпкер-лер

бозторғай

қырғи

бөдене

қаршыға

лашын

қаз

шүре-гей

бүркіт

Өлеңнен тауып, сипаттап жаз

сорлы,кедей кемтар құс (халі нашар)

төре, опа бермес кәпір, құстар-дың жауы

өз басын қорғай алмай жүрген сорлы

жыртқыш құс,шүре-гейдің қас жауы

хан, қаз-дың қас жауы

момын кедей

жалқау кедей

құс патша-сы

«С. Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды». Құлбек Ергөбеков


3 - топқа: 2. «Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау). Екеуі де а,а,б,а-қара өлең ұйқасы, 11 буынды, 3 бунақ, 4 тармақ, 6 шу-мақты өлең. Эпитетті тауып жаз.
Проблемалық сүрақ:
Бозторғай бүркітті тапты ма? Оқушы өз ойын айтады. Бүгінгі заманмен байланыстырып қорытындылайды.
ІІІ. Қорытындылау: Сәбит - қазақ ақыны, мазмұнды, қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақыны, мысалшы, Абай ман Сұлтанмахмуттан кейінгі сатирик ақын. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.
ІV.Бағалау V. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін жаттау, «Бозторғай» мәнерлеп оқу, сахналық қойылымға даярлану, өмірі мен шығармашылығы. (реферат жазу)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет