Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі:
______________ Удуримова Ш.С.
«_____» ________ 2012ж.
Қазақ тілі 11 а – сынып 13.10.12ж. Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөзге қойылатын талаптар Сабақтың мақсаты: Білімділік (жаңа білімді меңгеруі, танымдық әрекетінің қалыптасуы )
Оқушыларға сөз шеберлігінің сырлары, шешндік сөзге қойылатын талаптар, шешендік сөздің тектері мен түрлері туралы таныстыру.
Дамытушылық(сөздік қорының сөйлеу тіліндегі байлығы мен сан алуандығы, сөйлеу қызметі мағынасының күрделенуі, тілдесуде қарым қатынастық белгілерін нығайту, талдау біліктілігін дамыту, салыстыру, ұқсастығы, тарату және жүйелеу, түсінікті анықтау, және түсіндіру, жіктеу, себеп салдар байланыстарын көрсету...) Тіліміздегі барлық сөздерді өмірдің барлық саласында қолдана білуге, терең ойлап ақылға салуға, айтылған сөзді тез қабылдап, оның мағынасын дұрыс түсінуге, тілін, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік (тәрбиелік көзқарасты, адамгершілік дағдыларын, негізгі тұлғалық сапаларды қалыптастыру)
Шешендік өнерді үйрете отырып, оқушыларды этика нормаларына баулып, сөз мәдениетін жетік меңгерту, ұнамды да сенімді сөйлей білуге үйрету. Сабақ барысында оқушыларға адамгершілік дағдыларын қалыптастыру