Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің бірыңғай мүшелері



Дата19.12.2016
өлшемі76,34 Kb.
#4159
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы -8 Пәні - қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты: білімділік – Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан-жақты толық мағлұмат беру; 

тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру;

дамытушылық- өз пікірін айтуға төселдіру,танымын кеңейту,ойлау қабілетін арттыру.

Табыстылық критерийлері: оқушылардың тақырып туралы түсінігі қалыптасады, өзіндік пікірін ортаға салады, сөздік қоры, сөздерді талдай білу дағдысы дамиды.

Сабақтың әдісі: психологиялық дайындық, семантикалық карта, деңгейлік тапсырма, топтастыру

Сабақтың түрі: жаңа білдімді меңгерту

Ресурстар: маркерлер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

  • Жұмысқа уақыт табыңыздар, бұл – табыс шарты.
    Ойлануға уақыт табыңыздар, бұл – күштің қайнар көзі.
    Ойынға уақыт табыңыздар, бұл – жастықтың құпиясы.
    Оқуға уақыт табыңыздар, бұл -  білімнің негізі.
    Достыққа уақыт табыңыздар, бұл -  бақыттың шарты.
    Арманға уақыт табыңыздар, бұл -  жұлдыздарға жол көрсетеді.

  • Топқа бөлу: сөйлем мүшелерінің сұрақтары арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Жаттығу орындау барысында оқушы ойы жинақталып, көңіл күйлері көтеріледі.

Топқа бөлінеді.


ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

Білу


8 мин.

Семантикалық картамен жұмыс



Түрлері

Сөйлемдер

Оңашаланған айқындауыш

Қосарлы айқындауыш

1

Аптаның соңғы күні, сенбі күні, саяхатқа шығамыз.

+

 

2

Бұлардың сөзін Баян бәйбіше келіп білді.

 

+

3

Ұста Болоат оң қолынан өнер тамған шебер адам.

 

+

4

Мәкіш, өз туысына, інісіне, тамашалай қарады.

+

 

5

Сара тәтей аң-таң

 

+




Оқушылар сұрақтарға жауап береді, дәлелмен сөйлеуге дағдыланады.

ІІІ

Жаңа сабақ

Түсіну


6 мин.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар.

Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.

Намысжігер, бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

(Шәкәрім. «Бостандық таңы атты» өлеңінен)

 Шәкәрім өлеңінде бір тұлғада тұрған, бір ғана сұраққа жауап беретін, сөйлемдегі қызметі бірдей сөздер бар ма?               (ауызша талдату)



Р/с

Мысалдар

Сұрағы

Сөйлемдегі қызметі

1

Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады.

Кімдер?

Бірыңғай бастауыштар

2

Олардың батылдықтарын, елжандылықтарын, адалдықтарын ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді.

Нені?

 


Бірыңғай толықтауыштар

3

Өр мінезді, асқақ сезімді, жоғары талғамды ақынның жыр жолдары ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.

Қандай?

Бірыңғай анықтауыштар

4

Күңірентіп, жауындатып, дауылдатып, ағындатып салынған Әсет әні тыңдарманын баурап алды.

Қалай?

 


Бірыңғай пысықтауыштар

5

Шоқан араб өлеңдерін ерекше ұнататын, тамсанып отыратын.

Не істейтін?

Бірыңғай баяндауыштар




Бірыңғай мүшелерді анықтап, сөйлем мүшелеріне қарай талдай алады.




Қолдану

6 мин.

Жаттығу жұмыстары. 62,63-жаттығулар


Оқушылар берілген жаттығудағы сөйлемдерден оңашаланған айқындауыш пен қосарлы айқындауышты табады.

ІҮ

Талдау

5 мин.

Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін.

  1-деңгейлік тапсырма:

  Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қой.


  1. Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.

  2. Мынау тастар Жезқазған АлтайАлатау Қаратау кендерінен табылған.

  3. Бұғыбай  көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.

  4. Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.

  5. Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт.

  6. Абай қажымай жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.

2-деңгейлік тапсырма:

1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бастауыш болып келген бірнеше сөйлем жазып,олардың қай сөзбен байланысқанын,қай сөз табынан екенін айт.

2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері пысықтауыш болып келген бірнеше сөйлем тауып жаз.

3-деңгейлік тапсырма:

   Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айтып,бірыңғай мүшелерді табыңдар,қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар.



4-деңгейлік тапсырма:

  1) Сурет бойынша әңгіме құрау.Ішінде бірыңғай мүшелері болуы шарт.



Синтаксистік талдау жүргізеді.

Ү

Сабақты бекіту

Жинақтау


5 мин.


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен сөйлем.

   Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

 

«Топтастыру әдісі» бойынша жаңа сабақты бекітеміз.

   Өзара салаласа,басқа                           Әрқайсысы синтаксистік

   мүшелерімен сабақтаса                       қызмет атқарады.

  байланысады.

                                            Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

   Бір сөзге қатысты болады.                                  Бір сөз табынан жасалады,



                                                                             тұлғалас болып келеді.

Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілерін анықтайды.

ҮІІ

Үйге тапсырма:

1 мин.

65-жаттығу

Оқушылар тапсырманы белгілеп алады.

ҮІІІ

Бағалау


3 мин.

Бағалау критерийлері арқылы бағаланды

Бағалаушы оқушы критерийлер арқылы бағалап отырады.


«Тексерілді».....................................



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет