ТЖ
Жазылым алдындағы тапсырма
«Броундық қозғалыс» әдісі.
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды
Тапсырма.
1-топ
Су көзінің қорлары,тапшы қорлар туралы түрлі дереккөздерден ақпарат жинаңыздар.
2-топ. Қазақстан таулары туралы түрлі дереккөздерден ақпарат жинаңыздар.
Дескриптор:
- әртүрлі дереккөздермен жұмыс істейді;
-тақырып бойынша ақпараттарды табады.
ҚБ.
«Екі жұлдыз,бір тілек»
Жазылым тапсырмасы
1-топ.
Тапсырма
Мына мәліметтерге сәйкес және қосымша ақпараттар жинақтай отырып, су қорлары туралы графиктік мәтін құрап жазыңыздар.
«Су қорлары» мәтіні ұсынылады.
2-топ
Мына мәліметтерге сәйкес және қосымша ақпараттар жинақтай отырып,тауларды көлеміне қарай диаграммаға салып көрсетіңіздер.
«Қазақстан таулары» мәтіні ұсынылады.
Дескриптор
- мәтін бойынша негізгі ақпараттарды іріктейді;
- графиктік сызба жасайды /диаграмма, сызба, кесте/.
ҚБ
«Жақсарту жөніндегі нұсқаулық» (мұғалімнің бағалауы)
Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Ж.
Тапсырма.
Есімдіктерді қатыстырып, Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін қарасөзбен жазып шығыңыздар.
Дескриптор:
-өлең мазмұнын сақтайды;
-есімдіктерді қатыстырады.
ҚБ.
«Еркін микрофон» әдісі
|