Сабақтың тақырыбы №1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»



Дата27.02.2020
өлшемі55,2 Kb.
#59151
түріСабақ
Байланысты:
№1 зертханалық жұмыс

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні: 07.10.19

Сынып: 8 А
Қатысқандардың саны:

Жылу құбылыстары

Мектеп: Шолақаша орта мектебі

мұғалімнің аты - жөні: Бекжигитов А.С.
Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

№1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.8- жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;

8.1.3.2- тәжірбиені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;

8.1.3.3- физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау


Сабақ мақсаттары

1.Жылу беру процестеріндегі энергияның айналу және сақталу заңынына тәжірибе жасау

2.Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін тең болмауы сыртқы ортаға байланысты болуын анықтау.

3.Зертханалық жұмыс кезіндегі және кабинеттегі қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.


Бағалау критерийлері

1.Энергияның сақталу және айналу заңының жылу процестерінде орындалуын тәжірибе жасау барысында анықтай алады.

2.Суық судың алған және ыстық судың берген жылу мөлшерлерінің айырмашылығы қоршаған ортаға кететін энергияға байланысты екенін зерттеу барысында біледі.

Зертханалық және кабинеттегі қауіпсіздік ережелерін біліп,сақтай алады


Тілдік мақсаттар

Жылу мөлшері

Amount of heat

Жылу мөлшері – жылу алмасу кезінде қыздырылған денеден салқын денеге энергияның берілу өлшемі.

The amount of heatis the amount of energy transferred from the heated body to the heatexchanger during cooling.

1 калория

1 calorie

1 калория – 1 г судың температурасын 10С-ке өзгерту үшін керек жылу мөлшері.

1 calorieis the amount of heat needed to change the temperature of 1 g of water per 1° C.

Заттың меншікті жылусыйымдылығы

Specific heat of substance



Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтары ҚР азаматтық борышы Қазақстан халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан – ұрпаққа беруді жұмыс барысында ынтымақтастық қарым-қатынаста болуы арқылы қалыптастырмақпын

Пәнаралық байланыстар

Биология мен жаратылыстану пәндерінде организмдердің жылулық құбылыстары туралы , математика-өлшеулермен , есептеулер жүргізуді қарастырамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жұмыста біз бейне және слайдтарды көрсету үшін ғылыми-зерттеу, интерактивті тақтамен және интернет ноутбуктер пайдаланамыз.

Бастапқы білім

Жаратылыстану және география пәндерінен жылу құбылыстары туралы мағұлмат алған

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын «Жылдам сұрақтар»- әдісі арқылы сұраймын

Тапсырма-1

1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?

2. Заттың меншікті жылусыйымдылығының бірлігі қандай?

3. Меншікті жылу сыйымдылықтары ең жоғарғы және ең төменгі болатын заттарды атаңдар.

4. Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерінің есептеу формуласын жаз.

5. Жаздың ашық күнінде не себепті көл суының температурасы жағалаудағы жердің температурасынан төменіреек болады?

Дескриптор

1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын білді

2. Заттардың меншікті жылу сыйымдылығын ажырата алды



3. Жылу мөлшерінің есептеу формуласын білді






Сабақтың ортасы

30 мин.


Жаңа сабақты «Cіз білетіннің барлығы...» -әдісі арқылы зертханалық жұмыстың тапсырмалармен жұмыс барысын қадағалаймын.

Құрал-жабдықтар: мензурка, термометр, стақан, калориметр, ішінде ыстық суы бар шәйнек (барлық сыныпқа біреу).

Equipment: bowl, thermometer, glass, calorimeter, kettle with hot water (one for all)

Тапсырма-1

1.Мензуркамен судың қандай шамасын,термометрмен нені өлшейді?

2.Өлшеу құралдары мензурка мен термометрдің бөлік құндары мен абсалют қателіктерін табыңдар.

3.Калориметр не үшін қолданылады?



Тәжірибелік тапсырмалар-2

1) калориметрдің сыртқы ыдысының ішіндегі стақанға m1 = 100г ыстық су құйып, судың t1 температурасын өлшеңдер

2) стақанға салқын судың осындай мөлшерін құйып, оның t2 температурасын өлшеңдер;

3) салқын суды калориметрдің ішіндегі ыстық суға құйыңдар, алынған ыстық және салқын судың қоспасын термометрдің ұшымен араластырыңдар. Алынған судың қоспасының t температурасын өлшеңдер;

4) тәжірибені үш рет қайталап, нәтижесін кестеге толтырыңдар:

Ыстық судың массасы, m1, кг

Ыстық судың бастап

қы тем


пер

атурасы.,

t1,0С


Салқын судың массасы m2,кг

Салқын судың

тем


пературасы t2,0С

Қоспа

ның тем


пература

сы

tᶱ,0С



Орта мәндері

m

m

t1

t2

t





























































5) Алынған орташа мәндерді Q1 = cm1 (t1 – t) формуласына қойып, ыстық судың берген жылу мөлшерін есептеңдер;

6) Q2 = cm2(t – t2) формуласы бойынша салқын судың алған жылу мөлшерін есептеңдер;

7) Алынған нәтижелерді салыстырыңдар.

8) Қорытынды жасаңдар.

9) Тәжірибенің қателігін бағалап, оның себебін түсіндіріңдер.

    ε=Q2-Q1/Q2 формуласын пайдаланып,өлшеу нәтижелерінің салыстырмалы қателігін табыңдар



Дескриптор:

1.Өлшеу құралдарымен қандай шамаларды өлшеуді білді.

2.Өлшеу құралдарының бөлік құндары мен абсалют қателіктерін таба алды.

3.Калориметрдің жылу өткізбейтін ыдыс екенін білді

4.Мензурканың көмегімен және судың тығыздығын біліп,ыстық және салқын сулардың массаларын есептеп шығарып алды.Ол мәндерді кестеге жазды.

5.Термометрмен ыстық және суық сулардың температураларын өлшеп,оның мәндерін кестеге түсірді.

6.Ыстық су мен салқын суды термометрдің көмегімен араластырып,қоспаның темпеатурасын өлшеп алды,мәнін кестеге жазып қойды.

7.Тәжірибені бірнеше рет жасады.

8.Жылу балансының теңдеуін пайдаланып,ыстық судың берген және салқын судың алған жылу мөлшерлерінің шамасын есептеп,олардың тең болмау себебін анықтады.

9.Ыстық судың берген,салқын судың алған жылу мөлшерлерінің тең болмауы,қоршаған ортаға кеткен энергия есебінен екенін салыстырмалы қателігін табу арқылы дәлелдеді

10.Жасалынған тәжірибе мен алынған нәтижелердің мағынасын көрсету үшін,қорытынды жасады.

Физика 8 сынып оқулығы

221 бет

1-жұмыс


Сабақтың соңы

5 мин



«Олқылықты толтыру»-әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын

Тапсырма-3

Кестені толтыр.



р/с

Физикалық шамалар

Өлшем бірліктері

Белгіленуі

1

Жылу мөлшері







2

Масса







3

Меншікті жылу сыйымдылығы







4

Температура







5

тығыздық







6

Қоспаның температурасы







Дескриптор:

Физикалық шамалардың белгіленуін,бірлігін білді

Тапсырмаларды орындау барысында қалыптастырушы бағалау бойынша ауызша,жазбаша кері байланыстар мен қатар смайликтерменде бағалап отырамын.

Үй тапсырмасы: Есептер жинағы



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып оқу материалын және ресурстарды (Гарднер арқылы көптеген әріптестердің теориясы) таңдауда студенттің жеке қолдау көрсетуге, жұмыс орындарын, нақты студенттің күтілетін нәтижесі таңдау көрсетілуі мүмкін.

Саралау тіркелгі уақытты басқару ескере отырып, сабақтың кез келген сатысында қолдануға болады.

Жұмыс бағалау процесін жеңілдетеді, ол жеке-жеке жасалады. Оқушылар бір-біріне критерийлерін өзін-өзі бағалауы.

Әр оқушының деңгейін бағалау кезінде есепке алынады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет