№144 С.Әлжіков атындағы орта мектеп
Тақырыбы: Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосомалар.
Пән мұғалімі: Жаңабатырова Ұ.И.
Сыныбы: 10 Б
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: §11. Ядроның құрылысы мен қызметі.Хромосомалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жасуша ядросы мен ондағы хромосоманың маңызы
жайлы білім жүйесін қалыптастыру,генетикалық инженерияның
адам өміріне пайдасы мен зияны туралы білім беруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Ядро,хромосома және генетикалық инженерия туралы
білімдерін тереңдете отырып, ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Генетикалық инженерияның зерттеу тәсілдерін және олардың
маңызын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын
қалыптастыруға тәрбиелеуге ұмтылу.
Сабақтың нәтижесі:
Сабақтың демократиялық сипаты
Оқушылардың топтағы белсенділігі,өзара әректтестік қатынасы
Жеке қабілеттерімен мүмкіндіктерінің ашылуы,өз ойын ашық жеткізуі,сөз қоры,тіл байлығы,ой ұшқырлығы
Сыныптағы қолайлы ахуал
Сабақта қолданылған әдістер: сұрақ-жауап техникасы,тұжырымдама кестесін толтыру.
Оқу-құралдар: Компьютер,визуалды айғақ
Пән аралық байланыс: Генетика
Қолданылған әдебиеттер:
Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» 10 сынып және әдістемелік кітапша
Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері»
Сайттар:
1.Білімділер сайты - http://bilimdiler.kz/
2.Биология пәні мұғалімінің сайты - http://tana.ucoz.ru/load/405
3.Интернеттегі білім ресурстары. Биология. Химия - http://www.alleng.ru/d/bio/bio172.htm
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
1)оқушылармен сәлемдесу
2)сыныпты түгендеу
3)сыныпты топқа бөлу (Атом әдісі арқылы)
4) Сергіту сәті
5)назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8-10 мин)
Үй тапсырмасы «А», «В», «С» деңгейінде сұрау
«А» деңгейі: (Әрбір дұрыс жауап 1 балл)
Тест тапсырмалары
1.Фотосинтезді және хемосинтезді ашқан ғалымдар
А) Де Дюв пен А.Клод
Б) М.Ә.Айтхожин мен Н.И.Вавилов
С) К.А.Тимирязев пен С.Н.Виноградский
Д) К.А.Тимирязев пен Т.В.Энгельман
2.Фотосинтез нәтижесінде түзілетін зат
А) ақуыз (белок)
Б) нуклейн қышқылдары
С) көмірсулар
Д) майлар
3.Синтез процесі __________ , ал ыдырау процесі _________ деп аталады.
А) анаболизм,катаболизм
Б) фотосинтез,хемосинтез
С) фагоцитоз,пиноцитоз
Д) Аэробты,анаэробты
Жауаптары: 1-с, 2-с, 3-а
«В» деңгейі: (әрбір дұрыс жауап 2 балл)
Берілген анықтаманың жауабын табу
1 . - реакциялары хлоропластың бетіндегі мембраналық түзілім-ламеллада жүреді.
2. -оттектің қатысуынсыз жүретін және ағылшын ғалымының ашу құрметіне берілген процесс.
3. -фотосинтездің қараңғы сатысында бейорганикалық СО2 –ні игеретін негізгі фермент-рибулозобифосфаткарбоксилазаның қысқаша атауы
Жауабы: фотосинтездің жарық фазасы, Кребс циклі,рубиско
«С»деңгейі:(әрбір дұрыс жауап 3 балл)
Берілген сөздерді сәйкес зат алмасу бағанына толтыру: синтез, ассимиляция, катаболизм, анаболизм, ыдырау,дисимиляция.
Пластикалық алмасу
|
Энергетикалық алмасу
|
|
|
|
|
|
|
Жауабы:
Пластикалық алмасу
|
Энергетикалық алмасу
|
синтез
|
Ыдырау
|
Ассимиляция
|
диссимиляция
|
анаболизм
|
катаболизм
|
Бағалау критерийі:
18-14 балл (5)
13-9 балл (4)
8-3 балл (3)
ІІІ. Жаңа сабақ (15-20 мин)
Тақырыбы: §11.Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосомалар.
Жоспары:
1.Ядроның құрылысы мен қызметі
2.Хромосоманың құрамы мен құрылысы
3.Генетикалық инженерияның пайдасы мен зияны
1 кезең Мағынаны тану (Мәтінмен жұмыс)
Топ ішілік мәтіндік жұмысқа -5-7 минут
Топ аралық мәтіндік жұмысқа-2-3 минут
Сабақтың сұралуына -8-10 минут
Топ аралық сұрақ-жауапқа -3-5 минут
Тірі ағзалар:
─ Жасушасыз ағзалар (вирустар)
─ Прокариоттар не ядросыз ағзалар(бактериялар)
─ Эукариоттар немесе ядролы ағзалар
(Жәндіктер,құрттар,балықтар,жорғалаушылар,құстар, сүтқоректілер)
Тірі табиғат бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді:
↓
Биосфералық деңгей →
Биогеоценоздық деңгей →
Популяциялық-түрлік деңгей →
Ағзалық деңгей→
Мүшелік деңгей →
Ұлпалық деңгей →
Жасушалық деңгей →
Молекула-генетикалық деңгей
Сонымен барлығын біріктіре келе бүгінгі сабағымызда ядролы ағзалардың молекула генетикалық деңгейі жайлы түсіндіріледі.(І видео-ролик ядро жайлы)
Ядроның құрылысы мен қызметі. Ядроны ең алғаш рет 1833 жылы Роберт Броун өсімдік материалынан микроскоп арқылы тозаң жіпшелерінің жасушаларын қарап,дөңгелек денешікті тапты. Оны «nuclei»- ядро деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |