Күні: 12.09.2020
Сабақтың тақырыбы: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы
мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігін анықтаудың диагностикасы
Пәні: Педагогика
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі 80% астам елдерінде қолданылады, себебі білім беру қызметіне жаңаша қарау, жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалау, оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерін, нысандарын іздестіру талап етілуде. Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы мақсат аясында бүгінде мектеп әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, құзыретті, ой-өрісі кең, еркін әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын, креативті, белсенді, жауапкершілігі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы басым тұлға ретінде тәрбиелеуге, ал педагог баланың бойынан өзіне тән нәрселерді тауып, оның құзыреттілігінің дамытылуына көмек беруге бет бұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |