Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы, «Комсомол» жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қалдыбаев Сейітжан Балтабайұлы
Сыныбы: 8 «б»
Пәні: Қазақстан тарихы
Мерзімі: 26.11.2014ж
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты:Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу. Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу
Негізгі идеялар:Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға, өзіндік жұмыс жасауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Тақырыптың құрылымын түсінеді. Оқушының сабаққа деген ынтасы артады. Топтық жұмыс кезінде, топпен жұмыс істеу арқылы Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жайында терең білім алады.
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
I.Кіріспе
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын пысықтау
2мин
1 мин
7 мин
а)Оқшыларды түгелдеп, 3 түрлі геометриялық фигураларды таңдату арқылы үш топқа бөлу: «Хандар» «Батырлар» «Билер»
б)Психологиялық дайындық жасау. Жаттығу жасату
«Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру
1) Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді. «Топбасшы», «Баяндамашы», «Уақыт-сақшы»
Көздерін жұмып іштерінен мына сөздерді айтады: «Мен сабақта отырмын», «Менің сабақ оқығым келеді», «Мен сабаққа дайынмын»
1.Тақырыпты ашу мақсатында «Болжау» әдісін қолдана отырып тақырыпқа байланысты мәтін оқу.
2.Жаңа сабақты меңгерту үшін Интерактивті тақтадан видеоролик көрсету, тақырып бойынша тезис ретінде құралған мәтін беру арқылы оқушыларға өз ойларын постерге түсіруге нұсқау беру