Сабақтың тақырыбы: §51 Күрделі эфирлер. Майлар. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі295,23 Kb.
#31464
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: §51 Күрделі эфирлер. Майлар.
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.

Карбон қышқылдары мен майлардың құрылысы, химиялық қасиеті және табиғатта таралуы туралы түсінік беру.


2.Дамытушылық.

Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін, химиялық білімін дамыту. Химия пәніне қызығушылығын арттыру.


3. Тәрбиелілік.

Салауаттылық сана-сезім қалыптастыру, ұжыммен бірге жұмыс істеуге, өзін және өзгені бағалай білуге үйрену.


Болжамдап отырған нәтиже.

Күрделі эфирлер және майлардың табиғатта кездесуі, қолданылуы, қасиеті, алынуын білетін, алған білімін іс жүзінде қолдана білетін тұлға қалыптастыру.


Сабақ көрнектілігі:

1) Интерактивті тақта.

2) Реактивтер мен ыдыстар.

3) Үлестірмеліктер.

4) Тесттер.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Интерактивті, әңгімелесу, тест, сұрақ, жауап, бағалау.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үйге берілген тақырыпты жан-жақты тексеру.

1) Кім көп біледі? (Сұрақ жауап)

2) Жоғалған сөзді тап. (Химиялық диктант)

3) Үшіншісі артық.

ІІІ. Жаңа білімді меңгертуге дайындау

Ой қозғау. Күрделі эфир мен май туралы түсінік қалыптастыру.

ББК кестесін толтырту.

ІY. Жаңа білімді меңгерту.

1) Баяндау, оқушылардың баяндауы.

2) Тақтамен жұмыс

3) Зертханалық жұмыс

- Майдың ерігіштігі

- Сұйық май құрамындағы карбан қышқылдарының қанықпағандығын дәлелдеу.

Ү. Сабақты бекіту

1) Ой толғаныс. Жаңадан не білдіңдер?ББКҮ кестесін толтырту.

2) Тест жұмысы.

3) Есептер шығару

ҮІ.Қорытындылау,бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру


    1. Oқушыларды түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру.


ІІ.Үй тапсырмасын жан-жақты сұрау

2.1 Кім көп біледі?

Қоржындағы нөмірленген асықтарға тиесілі сұрақтар интерактивті тақтадан шығады. Оқушылар қоржыннан асықты өздері таңдап, сол нөмірлі сұраққа жауап береді.

Сұрақтары:

1) Спирттер дегеніміз не?

2) Спирттердің жалпы формуласы қандай?

3) Спирттерді техникада және тамақ өнерікәсібінде қалай алады?

4) Этил спирті қайда қолданылады?

5) Этил спиртінің организімге қандай әсері бар?

6) Спирттің жану реакциясының теңдеуін жазыңыз

7) Көп атомды спирттер дегеніміз қандай қосылыстар?

8) Көп атомды спирттерді қандай өкілдерін білесіңдер?

9) Карбон қышқылдары деп қандай қосылыстарды айтады?

10) Карбон қышқылдарының жалпы формуласы қандай?

11) Карбан қышқылдары лакмус қағазының түсін қалай өзгертеді?

12) Эфирлену реакциясы деп қандай реакцияны айтады және нәтижеінде қандай қосылыстар түзіледі?

13) Күнделікті тұрмыста қандай карбон қышқылдары қолданылады?

14) Карбон қышқылдары қалай алынады?
2.2 Жоғалған сөзді тап

Химиялық диктант.

Үйге берілген тапсырманы пысықтап, нақтылай түсу.


  1. Спирттердің атауы сәйкес көмірсутек атауына -------- жұрнағы жалғану арқылы аталады.

  2. Этил спиртінің формуласы -----------

  3. Метанолды алу әдісіне байланысты ------------- деп те атайды

  4. Антифриз дегеніміз автомашина радиаторының -------- қатырмайтын сұйықтық, оған------------- қолданылады.

  5. Сабын алу үшін --------- және --------- қышқылдары қолданылады.

  6. Эфирлену ракциясы нәтижесінде ---------- түзіледі.

Жоғалған сөздер. 1. –ол. 2. С2Н5ОН. 3. ағаш спирті. 4. суын, этиленгликоль. 5. сілті, карбон. 6. күрделі эфир.
2.3 Үшіншісі артық.

Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытып, өзара гомолог заттарды тани білуге дағдыландыру.

1-нұсқа

СН3ОН

С2Н5ОН

СН3СООNа

СН2ОН

СН2ОН


СН3СООН


СН3СОН

С2Н5СООН

СН3СООН

СН3ОН

СН2=СН-СООН


С2Н5ОН

С3Н7СООН

НСООН

С2Н5ОН


СН3-СН2СООН

Артық заттар:




СН3СОН

С2Н5ОН

СН3СООNа

СН2ОН

СН2ОН


СН2=СН-СООН


2-нұсқа


НСООН

CH3OH

CH3COOH

СН2ОН

СН2ОН


СН2=СН-СООН


НСООNa

CH3ONa

C2H5COOH

CH2OH

CHOH


CH2OH

СН2ОН

СН2ОН


CH3COOH

C3H7OH

CH3OH

CH3OH

CH2=CH-CH2СОOH

Артық заттар:





НСООNa

CH3ONa

CH3OH

CH3OH

СН2ОН

СН2ОН


3. Өтілген тақырыпты қорыту, жаңа сабаққа дайындау.

Оқушылардың өтілген тақырыпты қалай меңгергенін бақылағаннан соң,бүгінгі тақырыпты таныстырып, өткен сабақтармен байланысын табу.ББКҮ кестесін толтырту.Оқушылар майлар және күрделі эфирлер туралы өдерінің білетін мағлұматтарын жазып, білгісі келетін мәліметтерін жазады.


Білетінім

Білгім келгені

Үйренгенім

Спирт пен карбон қышқылының әрекеттесуінен түзіледі, майлар жануар мен өсімдіктен алынады, сұйық,қатты түрі болады.Тамақ ретінде қолданылады.



Физикалық және химиялық қасиеттері, құрамы, қолданылу салалары, Қатты май мен сұйық майдың бір-бірінен айырмашылығы.






4. Жаңа білімді меңгерту.

1) Күрделі эфирлер туралы түсінікті мына сызба арқылы түсіндіру, оқушылар өздерінің білетінін өздері айтады.Жаңа материалды мұғалім өзі түсіндіреді.



1. Топтастыру.

Алынуы Аталуы Қолданылуы Химиялық Табиғатта кездесуі

қасиеті


Мұғалім бұл кестеден химиялық қасиетін ғана түсіндіреді, қалғандарын оқушылардың өздері айтады.

Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттері:

1.Күрделі эфирлер қышқыл қатысында су қосып қыздырса гидролизденеді.

O ОН- O

R1- C-O-R2 +H2O ↔ R1-C-OH +R2-OH

Күрделі Н+ карбон спирт

эфир қышқылы

OH-

CH3COOC2H5 +H2O↔ CH3C-OOH + C2H5OH

H+

Гидролизлену реакциясы эфирлену реакциясына кері жүреді.

Алынуы Табиғатта кездесуі Физикалық қасиеті



Биологиялық маңызы Қолданылуы Химиялық қасиеті Құрамы

Мұғалім бұл кестеден майлардың құрамы мен химиялық қасиетін ғана түсіндіреді, қалғандарын оқушылар өздері айтып шығады.


Майлардың құрамына жоғары карбон қышқылдары мен үш атомды спирт глицериннің қалдығы кіретінін 1811 жылы француз ғалымы Э.Шеврель анықтаған. 1854 жылы тағы бір француз ғалымы М.Бертло майды синтездеу реакциясын ашты. Сұйық май құрамына қанықпаған карбон қышқылдары кіреді де, қатты май құрамына қаныққан карбон қышқылдары кіреді.Сұйық майды гидрлеу реакциясына түсіріп қатты май- маргарин алуға болады.

Майлар гидролиздену реакциясына қатысады. Тірі организмдерде майлар гидролизденгенде көміртек диоксиді мен суға дейін ыдырап, энергия бөлінеді.Бұны ферментативтік гидролиз деп атайды. Сабын алған кезде майлар сілті қатысында гидролизденеді. Бұл реакция сілтілік гидролиз деп аталады.


4.2 Зертханалық жұмыс.

Зертханалық жұмыстың мақсаты майлардың физикалық қасиетін тәжірибе жүзінде көрсету, сұйық май құрамына кіретін карбон қышқылдарының қанықпағандығына тәжірибе жүзінде көз жеткізу.



Қажетті реактивтер мен ыдыстар: Сынауық, стақан, су, сұйық май.

1. Майдың судан жеңіл және суда ерімейтіндігін көрсету. Сынауыққа су құйып оның үстіне сұйық май құю. Не байқалды?

Сұйық май судың бетіне қалқып шығады, бұл майдың судан жеңіл екенін көрсетеді.Май судан бөлініп шықты яғни май суда еріген жоқ.

Қажетті реактивтер мен ыдыстар: Сынауық, тамызғыш, мақта және күнбағыс майы. Натрий карбонаты мен калий перманганаты ерітіндісі.

2. Сұйық майдың құрамындағы карбон қышқылдарының қанықпағандығын дәлелдеу.

2 сынауыққа 2 тамшыдан мақта майы мен күнбағыс майын тамызамыз. Сосын әр сынауыққа Nа2СО3 пен КМпО4 ертінділерін құйып араластырамыз. Ертіндінің күлгін түсі жоғалады? Бұл нені білдіреді? Калий перманганатын қанықпаған қышқылдар түссіздендіреді.
5. Сабақты бекіту.Оқушылардың жаңа тақырыптан үйренген материалдарын білу мақсатында мына төмендегі кестенің үшінші бөлігі толтырылады.

1) ББКҮ кестесінің 3 бөлігін толтырту.



Білетінім

Білгім келгені

Үйренгенім

Спирт пен карбон қышқылының әрекеттесуінен түзіледі, майлар жануар мен өсімдіктен алынады, сұйық,қатты түрі болады.Тамақ ретінде қолданылады.



Физикалық және химиялық қасиеттері, құрамы, қолданылу салалары, Қатты май мен сұйық майдың бір-бірінен айырмашылығы.

Карбон қышқылдарының қасиеті, майлардың құрамы, биологиялық маңызы.



2) Жаңа білімді игеру деңгейін анықтау мақсатында оқушылардан тест жұмыстары алынады. Әрбір берілген дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

-Тест жұмысы

1.Қалдығы табиғи майлардың құрамына кіретін қышқыл.



а) Күкірт қышқылы с) сірке қышқылы

б) құмырсқа қышқылы д) стеарин қышқылы

2. Бертло жүзеге асырған реакция:

а) Майды ыдыратып, глицерин мен карбон қышқылдарын алады.

в) сұйық майларды гидрогендеп, қатты май алады.

с) жоғары карбон қышқылдары мен глицеринді әрекеттестіріп, май тәрізді зат алады.

д) майды сілтімен қыздырып сабын алады.

3. Сұйық майларды қатты майларға айналдырғанда алынатын май.

а) сары май с) тоң май

в) маргарин д) күнбағыс майы

4. Ас қорыту кезінде организімде майлар тотыққанда түзілетін соңғы өнім.

а) көміртек диоксиді мен су

в) құмырсқа қышқылы мен метан

с) сірке қышқылы мен аммиак

д) сірке қышқылы мен мочевина

5. Заттар арасында эфирлену реакциясы жүреді.

а) альдегид пен карбон қышқылы

в) спирт пен альдегид

в) спирт пен карбон қышқылы

д) фенол мен карбон қышқылы

6. Күрделі эфирлердің жалпы формуласы

а) R1-COO-R2 c) R1-O-R2

в) R1-CO-O-CO-R2 д) R1-CO-R2

7. СН3СООСН3 қосылысының атауы

а) метилэтил эфирі

в) этилметил эфирі

с) бутан қышқылы этил эфирі

д) этан қышқылының метил эфирі

8. Метилацетат молекуласындағы көміртектің массалық үлесі.

а) 75% с) 49%

в) 67% д)81%

9.Формуласы С2Н5СООС3Н7 күрделі эфирдің атауы

а) Сірке қышқылының этил эфирі

в) пропион қышқылының этил эфирі

с) сірке қышқылының пропил эфирі

д) пропан қышқылының пропил эфирі

10. Күрделі эфирлер гидролизденгенде түзілетін өнім

а) карбон қышықылының тұзы мен спирт

в) карбон қышқылы мен спирт

с) спирт пен су

д) карбон қышқылы мен су

Тест сұрақтарының жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

д

с

в

а

в

а

д

с

д

в




  1. Есептер шығару.

Жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығарту арқылы алған теориялық білімін пысықтау.

1 есеп. 30г сірке қышқылы мен 30 г этанол әрекеттескенде түзілетін күрделі эфирдің массасы.

Берілгені:

m(СН3СООН)=30г СН3СООН+С2Н5ОН СН3СООС2Н + Н2О

m2Н5ОН)=30г 30г 30г Хг

m(СН3СООС2Н5) ? 60г/моль 46г/моль 88г/моль
(СН3СООН)= 30гр =05,моль

60г/моль
( С2Н5ОН)= 30г = 0,65 моль

46г/моль
m(СН3СООС2Н5)= 30г*88 г/моль =44 г

60г/моль
Ж: m(СН3СООС2Н5)= 44г
2 есеп. Молекула құрамында 48,6% С; 43,4% О; 8% Н болатын күрделі эфирдің молекулалық формуласын тауып, мүмкін болатын изомерлердің формуласын құрастырыңдар.

Бер:


W(С)=46,6% ﻻ (С): ﻻ(Н): ﻻ(О) = 48.6 : 8 : 43,4 = 4.05:8:2,7125

12 1 16


W(О)=43.4% Күрделі эфир молекуласында 2 атом оттек болғандықтан W(H)=8% индекстерді екі еселейміз, формула былай болады С3Н6О2

M ф m? O О

СН3-С Н-С

О-СН3 ОС2Н5


3.есеп.

Сірке қышқылының 90 г-ы 64 г метилмен әрекеттескенде 100г күрделі эфир алынды. Эфир шығымын есептеңдер.

m(СН3СООН)=90г

m(СН3ОН)=64г СН3СООН+СН3ОН СН3СООСН3+Н2О

mпр =100г 90г 64г Хг

ή -? 60г/моль 32г/моль 74г/моль


ﻻ (СН3СООН)= 90г =1,5 моль

60г/моль


ﻻ (СН3ОН) = 64г = 2 моль

32г/моль
mтр =90г*74 г/моль =111 г



60 г/моль

ή=100 г =0,9 немесе 90%

111 г

Жауабы: ή=0,9 немесе 90%



4есеп.

Этанолдың 96 %-тік 100мл ерітіндісімен (ρ=0,8 г/мл) 120 г сірке қышқылын қосқанда түзілген эфирдің массасын есептеңдер.


ώ=96%=0,96

V(С2Н5ОН)=100 мл m(С2Н5ОН)=0,96*100*0,8=76,8 г

ρ(С2Н5ОН)=0,8 г/мл СН3СООН+ С2Н5ОН→ СН3СООС2Н5+Н2О

m(СН3СООН) =120 г 120г 76,8г хг

m( СН3СООС2Н5)-? 60г/моль 46г/моль 88г/моль


m( СН3СООС2Н5) =120г*88г/моль=176г

60г/моль


Жауабы: m( СН3СООС2Н5) =176г

6.Қорытындылау, бағалау.

Оқушыларға мына кестені таратып беріп, оған жауап жаздыру.


1

Мен сабақта көп жаңалықтар білдім




2

Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде көмектеседі.




3

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер маған ұнады.




4

Сабақ барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап алдым.




5

Мен сабаққа шын көңіліммен қатысып алға қойған мақсатыма жеттім.




Оқушыларды бағалау үшін бағалау парағы қолданылады. Топ жетекшілері өздерінің жинаған ұпайларын жазып отырады.Оқушылардың жинаған ұпайларына қарай мұғалім оларды бағалайды.


7.Үйге тапсырма беру.

§51 Тақырып соңындағы 8,7,5 жаттығулар.


Бағалау парағы



Оқушылардың

аты-жөні


Кім көп біледі?

Химиялық диктант

Үшіншісі артық

Тест

Есеп шығару

Жинағы






































































































































































































































































































































































Бағалау парағы

Оқушылардың

аты-жөні


Кім көп біледі?

Химиялық диктант

Үшіншісі артық

Тест

Есеп шығару

Жинағы






















-------------------------------------

Бағалау парағы



Оқушылардың

аты-жөні


Кім көп біледі?

Химиялық диктант

Үшіншісі артық

Тест

Есеп шығару

Жинағы





















Химиялық диктант.

1.Спирттердің атауы сәйкес көмірсутек атауына -------- жұрнағы жалғану арқылы аталады.

2.Этил спиртінің формуласы -----------

3.Метанолды алу әдісіне байланысты ------------- деп те атайды

4.Антифриз дегеніміз автомашина радиаторының -------- қатырмайтын сұйықтық, оған------------- қолданылады.

5.Сабын алу үшін --------- және --------- қышқылдары қолданылады.

6. Эфирлену ракциясы нәтижесінде ---------- түзіледі.

----------------------------------------

Химиялық диктант.

1.Спирттердің атауы сәйкес көмірсутек атауына -------- жұрнағы жалғану арқылы аталады.



2.Этил спиртінің формуласы -----------

3.Метанолды алу әдісіне байланысты ------------- деп те атайды

4.Антифриз дегеніміз автомашина радиаторының -------- қатырмайтын сұйықтық, оған------------- қолданылады.

5.Сабын алу үшін --------- және --------- қышқылдары қолданылады.

6. Эфирлену ракциясы нәтижесінде ---------- түзіледі.

--------------------------------------

Химиялық диктант.

1.Спирттердің атауы сәйкес көмірсутек атауына -------- жұрнағы жалғану арқылы аталады.



2.Этил спиртінің формуласы -----------

3.Метанолды алу әдісіне байланысты ------------- деп те атайды

4.Антифриз дегеніміз автомашина радиаторының -------- қатырмайтын сұйықтық, оған------------- қолданылады.

5.Сабын алу үшін --------- және --------- қышқылдары қолданылады.

6. Эфирлену ракциясы нәтижесінде ---------- түзіледі.

-Тест жұмысы

1.Қалдығы табиғи майлардың құрамына кіретін қышқыл.

а) Күкірт қышқылы с) сірке қышқылы

б) құмырсқа қышқылы д) стеарин қышқылы

2. Бертло жүзеге асырған реакция:

а) Майды ыдыратып, глицерин мен карбон қышқылдарын алады.

в) сұйық майларды гидрогендеп, қатты май алады.

с) жоғары карбон қышқылдары мен глицеринді әрекеттестіріп, май тәрізді зат алады.

д) майды сілтімен қыздырып сабын алады.

3. Сұйық майларды қатты майларға айналдырғанда алынатын май.

а) сары май с) тоң май

в) маргарин д) күнбағыс майы

4. Ас қорыту кезінде организімде майлар тотыққанда түзілетін соңғы өнім.

а) көміртек диоксиді мен су

в) құмырсқа қышқылы мен метан

с) сірке қышқылы мен аммиак

д) сірке қышқылы мен мочевина

5. Заттар арасында эфирлену реакциясы жүреді.

а) альдегид пен карбон қышқылы

в) спирт пен альдегид

в) спирт пен карбон қышқылы

д) фенол мен карбон қышқылы

6. Күрделі эфирлердің жалпы формуласы

а) R1-COO-R2 c) R1-O-R2

в) R1-CO-O-CO-R2 д) R1-CO-R2

7. СН3СООСН3 қосылысының атауы

а) метилэтил эфирі

в) этилметил эфирі

с) бутан қышқылы этил эфирі

д) этан қышқылының метил эфирі

8. Метилацетат молекуласындағы көміртектің массалық үлесі.

а) 75% с) 49%

в) 67% д)81%

9.Формуласы С2Н5СООС3Н7 күрделі эфирдің атауы

а) Сірке қышқылының этил эфирі

в) пропион қышқылының этил эфирі

с) сірке қышқылының пропил эфирі

д) пропан қышқылының пропил эфирі

10. Күрделі эфирлер гидролизденгенде түзілетін өнім

а) карбон қышықылының тұзы мен спирт

в) карбон қышқылы мен спирт

с) спирт пен су

д) карбон қышқылы мен су

1-нұсқа

СН3ОН

С2Н5ОН

СН3СООNа

СН2ОН

СН2ОН


СН3СООН


СН3СОН

С2Н5СООН

СН3СООН

СН3ОН

СН2=СН-СООН


С2Н5ОН

С3Н7СООН

НСООН

С2Н5ОН


СН3-СН2СООН


2-нұсқа

НСООН

CH3OH

CH3COOH

СН2ОН

СН2ОН


СН2=СН-СООН


НСООNa

CH3ONa

C2H5COOH

CH2OH

CHOH


CH2OH

СН2ОН

СН2ОН


CH3COOH

C3H7OH

CH3OH

CH3OH

CH2=CH-CH2СОOH



Білетінім

Білгім келетіні

Үйренгенім









------------------------------------------------------------------------------------------------

Білетінім

Білгім келетіні

Үйренгенім











1

Мен сабақта көп жаңалықтар білдім




2

Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде көмектеседі.




3

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер маған ұнады.




4

Сабақ барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап алдым.




5

Мен сабаққа шын көңіліммен қатысып алға қойған мақсатыма жеттім.






1

Мен сабақта көп жаңалықтар білдім




2

Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде көмектеседі.




3

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер маған ұнады.




4

Сабақ барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап алдым.




5

Мен сабаққа шын көңіліммен қатысып алға қойған мақсатыма жеттім.






1

Мен сабақта көп жаңалықтар білдім




2

Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде көмектеседі.




3

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер маған ұнады.




4

Сабақ барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап алдым.




5

Мен сабаққа шын көңіліммен қатысып алға қойған мақсатыма жеттім.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет