Сабақтың барысы:
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Қызығушылықты ояту
0-3
| Ынталандыру
Біз бүгін күнделікті өмірде математикалық білімді қолдануды жалғастырамыз. Біздің кейіпкерлерімізге асханада кезекшілік етуіне көмектесеміз.
|
|
|
Оқулық.
|
4-6
|
«8 санының құрамы» ойыны.
Мұғалім балаларға 1,2,3,4,5,6,7 сандары жазылып, араластырылған стикерден біреуден алуды ұсынады.
–8 санының құрамын құру үшін жұппен тұрыңдар.
|
8 санының құрамын құрады.
|
|
Оқулық, дәптер.
«Доп лақтыру» әдісі.
|
7-10
|
Оқулықтағы №1 тапсырма.Оқушылар мектеп асханасында үстелге дастарқан жаяды, ыдыс-аяқ пен жемісті санайды.
–Алма нешеу? (8)
–Тәрелке нешеу? (8)
–Саптыаяқ нешеу? (8)
–Қағаз сүлгі нешеу? (8)
8 санының құрамына мысалдар құрастыр.
–Қызыл алма нешеу? (7)
–Сары алма нешеу? (1)
7+1=8
–Көк түсті тәрелке нешеу? (4)
–Жасыл түсті тәрелке нешеу? (4)
4+4=8
–Көк түстісаптыаяқнешеу? (6)
–Жасыл түсті саптыаяқ нешеу? (2)
6+2=8
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Суреттегі ыдыс-аяқ пен жемісті санайды, салыстырады.
|
|
Оқулық, дәптер.
|
Мағынаны тану
10-15
|
Оқулықтағы №2 тапсырманы жұппен орындайды. Мұғалім сандар құрамының үйшігін толтыруды сұрайды.
– Үйшікте қанша қызыл дөңгелек бар?
Үйшікте қанша көк дөңгелек бар?
|
8 санының құрамын есіңде сақтайды.
7+1=8
6+2=8
5+3=8
4+4=8
3+5=8
2 + 6 =8
1+7=8
|
Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі бойынша бағалайды.
Жұлдызша – «Жарайсың»,
Төртбұрыш – Жақсы,
Үшбұрыш – Талпын.
|
Оқулық, дәптер.
|
15-20
|
Оқулықтағы №3 тапсырманы дәптеріне өз бетімен орындауға берілген.Суреттер бойынша мысалдар құрастыруды ұсынады.
|
Торкөз дәптерге жазу үлгісі берілген, сондықтан тапсырманы дәптеріне жазып өз бетімен орындайды.
Суреттегі жемістерді санайды.
Алмұрт -7
Алма -1
7 мен 1 сандарымен өзара байланысты мысалдар төрттігін құрастырады.
7+1=8
1+7=8
8-1=7
8-7=1
|
|
Оқулық, дәптер.
|
20-25
|
Дәптердегі №2 тапсырманы орындау.
8 санын қалай құруға болады? Боя
|
8 санының құрамы бойынша білімдерін қолданады. Суреттегі дөңгелектерді бояйды.
.
|
Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.
|
Оқулық, дәптер.
|
25-32
|
Өзін-өзі смайликтер арқылы бағалау. «Жалғастырып сана» ойыны бойынша 8-санымен танысып болғаннан кейін әр топтан оқушылар шығып тақтаға сызылған сандық сәуледен 8-санының орнын анықтайды. Тура және кері санайды, оқиды. Оқулықтағы №4 зерттеушілік тапсырманы орындайды.
Осыған дейін оқып үйретілген сандарды қайталауға арналған қосымша жаттығу.
1-10-ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен атайды Осыдан кейін барып оқушыларға сұрақ қоямыз.
Бос орындарға қандай сандар қойуға болады? (3, 6, 9).
|
1-10-ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен атайды.
Сандарды өсу және кему ретімен бір сан тастап атайды.
Өздері осындай сан қатарын құрады.
Мысалы: 1, …, 3,…, 5, …, 7, 8, 10
1, 2, …, 4, …, 6,…, 8, 9, 10
|
|
Оқулық, дәптер.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |