Сабақтың тақырыбы: «Абай –дана, Абай- дара»
Күні: 25.01.2017ж.
Сыныбы: 9-10.
Сабақтың мақсаты:
Б/К Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.дайындау. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Т/К Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: біріктірілген,зерттеушілік сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру,сто.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, қанатты сөздер, слайдтар,постер,қажетті құрал жабдықтар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
2. Топқа бөлу.
3. Үй тапсырмасы. Презентация қорғау .«Ұлы Даланың - Ұлы перзенті»
4. Зерттеушілік жұмыс .«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
өлмейтұғын артында сөз қалдырған»
5.Жоба қорғау. «Мәңгілік елдің Абайы»
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Абай- дана, Абай- дара қазақта» қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.
Оқушыларды «Алаш ұрпақтары», «Зерделі жастар» деген екі топқа қима қағаздар арқылы бөліп, сабақ ретін баяндаймын.
Сабақ барысы жарыс түрінде өтеді.
Абай Құнанбаевқа слайд жасау, қорғау (үйге берілген тапсырма)
Шығармаларын зерттеу.(өлеңдері, әндері, 45 қара сөздерін,поэмаларын)
Жоба қорғау.
Қорытынды, бағалау.
Осы жарыс ретін қадағалап, оқушыларды бағалайтын құрам сайлап аламыз.( екі ұстаздан)
Олар мына төмендегі бағалау критерийлері бойынша бағалайды.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ««Ұлы даланың – Ұлы перзанті»
|
КРИТЕРИЙЛЕР мен
балдар
|
1.Тапсырмада ақын өмірі жайлы айтылу
|
2
|
2.Шығармашылығынан қысқаша дерек болу
|
2
|
3.Ақпарат түсінікті, айқын, ілестірме әуенмен болуы
|
2
|
Зертеушілік жұмыс
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған»
|
КРИТЕРИЙЛЕР мен
балдар
|
1.Зерттеу нысанының мағынасын аша білуі
|
3
|
2.Шығарманың өміршеңдігін түсіндіріп, жеткізуі.
|
3
|
3.Мысалдармен дәлелдеуі
|
3
|
Жоба қорғау « Мәңгілік елдің Абайы»
|
КРИТЕРИЙЛЕР мен
балдар
|
1.Жоба мазмұнды болу
|
4
|
2.Жобаның болашақта тигізер пайдасы болуы
|
4
|
3.Жоба эстетикалық талғамға сай болуы
|
4
|
БАҒАЛАУ.
Үйге тапсырма:
«Ақын шығармаларынан алған әсерім» эссе.
Қорытынды сөз.
Абай ұлы ғұлама ақын, моралист – ойшыл, қазақ елінің, бүкіл түркі тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға. Абайдың өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағды-рымен тығыз байланысып, оның болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр.
Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі.
Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың.
Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.
«Келісемін» «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі: Ақмешіт ауылының №15 орта
мектеп ММ- нің директоры:
__________А.О.Бакиева __________С.Б.Аппасов
«25» 01.2017.ж. «25»01.2017ж.
Қазақ әдебиеті пәнінен
«Абай -дана, Абай - дара» тақырыбында өткізілген сабақ жоспары
(біріктірілген зерттеушілік сабақ)
9,10 сыныптар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Сүлейменова Ж.Ш.
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |