Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»



Дата19.02.2017
өлшемі160,92 Kb.
#10613
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Амалбекова Жібек
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абаймен таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу; ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; б) тәрбиелік: оқушыларды табиғатты аялауға, адалдыққа, шыншылдыққа, білімге баулу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

1. Абай қай жылы дүниеге келді?

2.Абай жыл мезгілдеріне арнап, қандай өлеңдер жазды?

3. Абайдың туған жері?

4.Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесің?

5. Әкесінің аты кім?

6.Абай атамыздың қандай әндерін білесіңдер?

7. Ақынның әжесінің есімі кім?
1.Өлеңді жаттау

2.Қысқы ауылдың сипаты

3.Қыстың сипаты

4. «Қыс» өлеңіне сурет салу

ІІІ. Жаңа сабақ.

3. Оқулық пен жұмыс.

Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

А.Өлеңді мәнерлеп оқу

Ә.Сөздік жұмысын жүргізу. (nүртіп алу жүйесі бойынша)


Ғылым – оқу, білім
Ғалым – оқымысты адам.

Нәфрәтлі- жеркенішті деген сөз.



Ғибрәтлі- үлгілі деген сөз.
Б.Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.

ІV. Семантикалық картаны толтыру.

Тақырыбы

Авторы

Жанры

Түйінді ой

Негізгі идеясы

Ғылым таппай мақтанба

Абай Құнанбаев

поэзия

Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады

Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.


V. Топтық жұмыс:




талап еңбек өсек өтірік





терең ой ма

мақтаншақ

қанағат
рақым еріншек бекер мал

шашпақ
VІ. Сабақты қорыту.

аудармашы Ибраһим 1845ж

әкесі Құнанбай

жазушы

сазгер

шешесі Ұлжан

әжесі Зере

данышпан ақын

VІІ.Үйге тапсырма.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңді жаттау.




VІІІ. Бағалау

Ойшылдар Тапқырлар

Ойшылдар Тапқырлар

Ойшылдар Тапқырлар

Ойшылдар Тапқырлар

Ойшылдар Тапқырлар

Ойшылдар Тапқырлар

Алғырлар Талаптылар

Алғырлар Талаптылар

Алғырлар Талаптылар

Алғырлар Талаптылар

Алғырлар Талаптылар

Алғырлар Талаптылар

Абай тағылымы-халық даналығы

1 комментарий

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,


Дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицей-интернат
жоғары санатты тәрбиеші Құрманова Жанар Сақановна

Мақсаты: 1.Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. 2. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету. 3. Абай тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.
Көрнекілігі: «Абай – дара тұлға» слайд, кітап көрмесі, нақылға айналған сөздері. Құпия сөз.
Өтілу түрі: топтық.
1топ.Талап, еңбек, терең ой…
2 топ. Жасымда ғылым бар деп ескермедім…
3 топ. Пайда ойлама, ар ойла…
4 топ. Досыңа достық қарыз іс…
5 топ. Адам болам десеңіз…
Кіріспе.
Мұғалім: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу — әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген ізгілік педагогикасы ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін заманның өзі дәлелдеп отыр» деген болатын.
Ойы сергек, қаламы жүрдек сыншы Сағат Әшiмбаев 1988 жылы жазған «Абай тағылымы — азаматтық тағылым» атты мақаласында былай деп едi:
«…Абай тағылымын тұту дегенiмiз – Абай тағылымынан шындап үлгi-өнеге алу, тәлiм-тәрбие көру. Абай айтқан: жаныңа жара салар жамандықтардан, яғни кеселдi кесапат мiнездерден бойыңды да, ойыңды да көш бойы аулақ ұстау, оларға жол бермеу, жол бергенге «сенiкi жөн» дегендi айтпау деп бiлемiз… Абай тағылымынан үйрену деген сөз – өмiрiңе және өзгелерге де Абайдың көзiмен әдiл баға берудi үйрену, барыңды да, жоғыңды да Абай таразысына салып өлшеп көру. Абай көрсеткен кемшiлiктерге кеңшiлiк бермеу дегендi баса айтқымыз келедi. Абайдың бiзге беретiнi сол, бiздiң одан тек батпандап ала бiлуiмiз ғана.
Абайсыз өмiр сүру – рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-ой мешеулiгiнен, сезiм жұтаңдығынан, жазылмас жан жарасының қасiретiнен арыла алмау деген сөз. Барлық гәп осында жатыр… Бiр сөзбен айтқанда, Абай тағылымы – өте ауыр тағылым. Сондықтан да оны ерiксiз мойындауға тура келедi, өйткенi ол бәрiбiр мойындатпай қоймайды».
Тахауи Ақтанов Абайдың ақындығы жайында әңгiмелесе қалғанда: «Мен Абайды ендi-ендi түсiнiп жүрмiн. Өлеңдерiн оқыған сайын бiр жаңалық ашқандай боламын» деген екен.
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. «Ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.
1 топ. Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі — адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз — Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы — сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқа да қазақ ағартушылары сияқты — байлықтың, молшылықтың көзі — деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады.
»Қартайдық, қайғы ойладық ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан,
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман — деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады.
Абай даналығы «еңбек ет — мал тап» деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді — деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған
Би болған, болыс болған өнер емес
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған… деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
Еңбегіңді сат, арыңды сатпа,
Арың таза болсын, сонда ғана сен адамсың ,- дейді.
«Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің басты себебі – жұмысының жоқтығы»,- десе,
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын,- дейді. Осыны оқи отыра ұлы Абайдың көптеген сөздерінің нақылға айналып, күні бүгінге дейін мәнін жоймағанына таң қаласың.
Абай қырық төртінші сөзін¬де: “Адам баласының ең жама¬ны — талапсызы”, дейді. Не нәрсеге болса да, талап ету міндет, мақсат адал ниет пен талапта.
Талаптың өз шарттары бар:
1. Ғылымға ең алдымен берік ынта, білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек.
2. Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою. Өз айтқанымды ғана болдырам деп, ғылымға қол созба.
3. Ғылымда салғырттықтан, еріншектіктен сақ бол. Білгендеріңді іске асыруың керек. Ол үшін еңбек етуің керек.
4. Ғылым-білімде ұстамдылық қажет, ақыл-ойдың, мінездің беріктігі керек, ол үшін қайрат керек.
Талаптың ішіндегі ең зоры – бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Абайдың түсіндіруінше, талапсыздықтың түрлері – ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. Абай «талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалының текке айтылмағаны туралы ой қозғайды.

2топ. Абай өзі жасында ғылым оқи алмай қалғанын арман етіп жазған өлеңі: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,


Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Осы өзінің өкінгендігінен балаларын орыс мектебіне оқуға береді. Ол баласын мақтан етсін, мал тапсын деп емес, бір ғана ғылым үшін бергенін…
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- дейді. Алдына мақсат қойған адам түбінде бір сол мақсатына жететініне сенеді.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз, — дейді. Ғылымның қажеттілігіне көз жеткізу үшін оның тигізер пайдасын да қалдырмай айтады.
Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз
Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге,
Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге.. дейді.
- Абай ел билеу ісіне ерте араласып, халықтың мұң-мұқтажын көре білді. Ол қазақтың ақылшысы, ұстазы, досы, ар-ынсабының әділ таразысы бола білді. Абайдың:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла…»
Деген өлеңін түсіну үшін Абайды терең оқып, білу қажет.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз…
Надандарға бой бермей,
Шын сөзбенен өлсеңіз.

«Жол көрмек, жоба білмек, жиhан кезбек» өлеңінде:


Ниетің түзу болса, сенің аппақ,
Екі елі азыңа қойсаң қақпақ
Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп,
Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ, — дейді.

3 топ: Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.


Ол он же¬тінші сөзінде: “Адамның адам¬гершілігі неден құралады де¬генде – қайрат, ақыл, жүрек” – үшеуін айтып, ғылымға жү¬гін¬діреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші – жүрек¬тің сезгіштігі. Мұның өзі көре¬гендік екендігін түсіну қиын емес.

Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа? — дейді ақын »Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.


Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (»ақыл-мизан, өлшеу қыл») дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің, ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек».
Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. »Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек» дегенде Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай »суық ақыл» мен »ыстық жүрек» бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Абай:
“Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз”, деп жаман қылықтардан аулақ болуды, ал:
“Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой”, деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген терең тұжырым жасайды. Адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы — еріншектік. Надандық білімсіздіктен, сауатсыздықтан туындаса, еріншектік адамның талапсыздығынан, жігерсіздігінен, енжарлығынан пайда болатын қылық. Еріншектік – дүниедегі күллі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Осыларды қорытындылай келе, Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар: содан қашпақ керек. Ол: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Абай осы үшеуін жоюдың емі- ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өз шығармаларында осы үшеуін дәріптеп, өсиет етті. Ақын адамдар арасындағы береке – бірлік, достық, ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі.

4топ. Досыңа достық қарыз іс


Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым, — деп, нағыз адам әрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте, келешекке үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан «Өзін-өзі тану» пәні мен Селевконың «Өзіңді-өзің жетілдір» бағдарламасы оқушыларға ой тастап, адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпалын тигізеді.
Абайдың он тоғы¬зыншы “Адам ата-анадан туған¬да есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін еске-ріп жүрген кісі өзі де есті бо¬лады”, деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілген¬нен кейін білім, тәрбие арқылы дүниетанымын дамытып, мектеп қабырғасында-ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқара¬сын жеткізе білуі қажет.
Халық қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке шақырады:
«Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос.» талдау
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса жарайды, қылса, сұхбат.
Кемді күн, қызық дәурен, тату өткіз
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз
Бір жерде бірің жүрсең, басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле, сөзің тосып, — дейді. Кейбір құрбылардың достығын былай деп сынайды.
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату
Тілегі, жақындығы, бәрі сату, — деп, жолдастықтың қадіріне жете алмай жүрген жастарды айтады да,
Аямай жанын дос берер,
Жолдастықты ақтаса, — деп, адал достыққа шақырады.
Осындай ойларын «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлеңінде де білдіреді. Ақын 1 сөз үшін жау болып, 1 сөз үшін дос болып, 40 құбылып жүретін адамдарды өткір тілмен әшкерелейді.
Ақынның «8 аяқ» өлеңін орындау.
Сұрақтарға жауап:
Абай: «Адамның парызды ісінің алды – дос көбейткен» — дейді. Қалай
ойлайсыңдар, ұлы ақын достыққа неге ерекше көңіл бөлген?
- «Кімге достығың көп болса, досты – достық шақырады» деген баба үні нені білдіреді?
- «Досыңа – достық қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» деген Абай ақылын қалай түсінесіңдер?
- Өз досыңның қандай қасиеттерін мақтан етер едіңдер?
- Өзің өз досың ғана емес, адам баласымен дос бола алар ма едің? Ол үшін өзіңде қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

5 топ. «Толық Адам қандай болу керек?» деген сұрақ ақынға маза бермейді. Мысалы, «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:


«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды.
Ары қарай ақын: Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ, -деп, ой-пікірсіз, сылдыр сөзді адамдарды қатты сынға алады. «Көп айтты деп, көне салатын, Жұрт айтты деп, сене салатын» адамдарды Абай толық адамдардың қатарына қоспайды. Ондайлардың терең ой мен ғылым іздемей, өтірік пен өсекке үйір болып, өмірін босқа өткізетініне қатты қынжылады.
Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» дей келе, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді.
Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» — деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті-адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылықтың алды – «махаббат, ғаделет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді.
Өмірін Абайды зерттеуге арнаған М. Әуезов былай дейді: «Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады.
Абай тағылымы

Толық Адам қандай?


Абай афоризмдерінен оқушылардың өздеріне айтқызып, мағынасын ашу.

• Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.


• Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.
• Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ.
• Нысап, ұят – бұл ғаділеттен шығады.
• Ақылсыз, шынға сенбей — жоққа сенбек.
• Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
• Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты — ақыл…
• Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек.
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
• Адам баласы адам баласынан — ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
• Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
• Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.
Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары.
Қорыта айтқанда, Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі еш күмән туғызбайды. Міржақып Дулатовтың сөзімен айтсақ, “Абай атамыз бізден қанша алыстаса да, оның мұрасы бізге сонша жақындай түспек”.
Абай сөзі — адамның жанына азық,
Ақылдың таразысы, алтын қазық.
Абайдың өсиетін түсінгендер,
Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.

Сенбе, жұртқа тұрса да қанша мақтап,


Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап

Құпия сөз шешу.


165 жылдығы тойланып жатқан Абай атамыздың нақыл сөздері бойынша құрастырылған құпия сөзді дұрыс шешкенде, ұлы ақын туралы айтылған сөзді оқуға болады.
3; 13; 8; 12; 15; 11; 12; 17-”Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші – еріншектік, үшінші — …
19; 14; 10; 18; 2 – “… сөзбен былғанса, сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы”
6; 9 — Талап, еңбек, терең …
4; 20 – Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, …, мінез деген нәрселермен озады
1; 16; 1 – “қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ – өнерсіз иттің…
18; 7 – “егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, … болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал! Сол есеп алған бергі өмірді қалай өткіздің екен? Өкінбестей өткіздің бе? Жоқ, болмаса, неғып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
5 –

Сабақ жоспары

  1. Пәні: Абайтану

  2. Сыныбы: 9 « А»

  3. 25.01.2014 ж.

  4. Тоқсан: ІІІ

  5. Мұғалім: Ж.Амалбекова

Сабақтың тақырыбы: Ғылымға көңіл берсеңіз

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: білімділік – Абай – дана , Абай – дара қазақта деген сөзді арқау етіп Абай қалдырған өлеңдердің мазмұнын ашу. Дамытушылық – Ұлы Абайдың еңбектерінің тізбегін жасата отырып оқушылардың төменгі сыныптағы еске түсіре отырып , логикалық дәрежесін арттыру . Тәрбиелік – Еңбек етсең ерінбей , тояды қарның тіленбей - деген мақалда айтылғандай оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу .

.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру , баяндау .

Сабақтың көрнекілігі: оқулық , Абай суреттері , Абайдың нақыл сөздері .

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: .

I – Ұйымдастыру

1 – Амандасу

2- Оқушыларды түгелдеу

3- Оқу құралдарын дайындап бүгінгі сабаққа кірісу


ІІ – Үй тапсырмасын пысықтау

1 ) Өткен сабақта не өтілді ? Үйге қандай тапсырма берілді ?

2) « Еңбек етсең ерінбей , тояды қарның тіленбей » деген мақал нені меңзейді

3) Адамда – адам еткен не ?

4) Абай атап көрсеткен бес асыл істі ж/е бес дұшпанды атаңдар


ІІІ – Кезең

Жаңа сабақ
Абай сөзі — адамның жанына азық,
Ақылдың таразысы, алтын қазық.
Абайдың өсиетін түсінгендер,
Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.

Сенбе, жұртқа тұрса да қанша мақтап,


Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап


ІV – кезең : бекіту

  1. Сонымен балалар , бұл өлеңнен нені түсіндіңдер !

  2. Абай өлең сөздің анықтамасы іспеттес бұл өлеңде нені талап етеді ?

  3. Өлеңге деген өз көзқарастарың қандай ?


V - кезең : Бағалау , Үйге тапсырма беру .
« 5 »

« 4 »

« 3 »


Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаевтың бүгінгі өтілген

Ғылымға көңіл берсеңіз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет