Сабақтың тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар



бет1/8
Дата28.06.2017
өлшемі1,63 Mb.
#20512
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 04.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Сабақтың мақсаты: Білімділік адам, табиғат қарым – қатынасын түсіндіру. Баланы табиғатқа үстемдік етпейтіндей, табиғат пен тең қатынас сезімдерін тудырып түсіне ықпал жасау. Оқушылардың адам, өсімдік, жануар туралы ой - өрісін кеңейтіп, олардың сабаққа деген қызығушылық тарының, белсенділіктерінің дамуына ықпал жасау. Мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:электронды оқулық, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем әдемі.
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.- деп табиғатты мадақтай отырып, дүниетану сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Бекіту сұрақтары
- Балалар, жануарлар арасында өзара қайырымдылық дегенге қалай түсінесіңдер?
- Адам мен жануарлар арасында қандай қарым - қатынас бар?
- Өзің тұратын жерде жануарларды қорғау туралы қандай жұмыс жүргізеді?
- Өлең шумақтарын жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: «Адам және өсімдіктер мен жануарлар»

Ой қозғау
Қоршаған орта табиғат
Өсімдік, жануар, адамзат,
Сүю, қорғау парасат,
Біліп жүр, мұны адамзат

Мағынаны тану
- Олай болса, осы тірі табиғатқа жататын адам, өсімдік және жануарлар үшеуінің байланысы жайлы бүгінгі сабағымызда айтамыз.

----------------- Табиғат
------------------↓---------------
Адам Өсімдік Жануар

Адам өзіне қажетті жануарларды қолға үйреткен екен. Сондықтан олар үй жануарлары деп аталады.

Сергіту сәті:
Табиғат қандай тамаша
Тоймаймыз бізде тамсана
Аңдар еркін жүреді
Балықтар шіркін жүзеді.
Табиғаттың жыры көп
Табиғаттың сыры көп.
Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқыту
Дәптермен жұмыс

ІҮ. Сабақты бекіту:


- Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.
- Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы қандай?
- Өз жеріңде өсімдік шаруашылығы бар ма?
- Одан қандай өнім түрлерін аламыз?
- Өзің тұратын жерде мал терісін илейтін кәсіпорын бар ма?

Ү. Сабақты қорытындылау



Шығармашылық жұмыс. Суретпен жұмыс

ҮІ. Үйге тапсырма беру



«Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыпты оқып, түсінігін әңгімелеу. Суреттер салып келу

ҮІІ. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 06.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнерінің басқа бейнелеу өнерінен айырмашылығы, «көлемді пішіндер ұғымы». «Жемістер мен көкөністер». Өсімдіктер әлемі пішінінің әртүрлілігі.

Сабақтың мақсаты: Күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезіл екенін, жемістер мен көкөністердің пісіп, жиын- терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.

Жоспарланатын нәтиже:

пәндік: Оқушыларға мүсін өнерінің көлемді бейнелеу жұмысының ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

жүйелік-қызметтік: Мүсін сомдау жұмыстары үшін қажетті білімдер мен дағдыларды дамыту; зейін мен бақылау қабілетін дамыту; қолдарының ұсақ моторикасын дамыту;

тұлғалық: Зейін мен ыждағаттылықты қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Жемістер мен көкөністер бейнеленген фотосуреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер,жұмбақтар, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтық тапсырма, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі мен құрал- жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі материал- жемістер мен көкөністер суреттері, презентация, жұмбақтар.

Оқушылар үшін: ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Пәнаралық байланыс: еңбек.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Қызығушылықтарын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 

Сабаққа қажетті құрал- саймандарды түгендеу.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы болмақ.

Дайынсыңдар ма?

Іші толған шәрбат

Дәмі қандай айбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты…… /жүзім/

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. /алма/

Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде. /қызанақ/

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. /пияз немесе жуа/

Жер астында темір қазық. /сәбіз/

Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /қияр/

Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз. Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.

Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.



Сонымен қоса сабағымызды мүсін өнерімен байланыстырамыз. Ең біріншіден мүсін туралы қысқаша мәлімет тындайық. (Презентация)

Мүсін дегеніміз- ермексаз, сазбалшық, тас, ағаш, металл секілді материалдардан мүсіндеп жасалған көлемді кескін.

Мүсін екі түрге бөлінеді: Жұмыр мүсін- барлық жағынан көрінетін мүсіндік бейнелеу. Бедер мүсін- бейне жазықтық бетке орналасады және көлемі жартылай ғана беріледі.


 ІҮ. Сарамандық жұмыс

Оқушылар орындарынан тұрып, екінші топпен арласып отырады. Кімде ағаш жемістері, ағаш суреті бар жерге отырады. Ал бақшада өсетін көкөністер, бақша суреті баржерге отырады.


1 топ: Жануарлардың сүйсініп жейтін жемістері мен көкөністері.

2 топ: Жеміс пен көкөністердің адам өміріне тигізетін пайдасы мен зияны.

Сергіту сәті. Бәріміз орынымыздан тұрып би билейік!

1 сынып оқушыларына жұмыр мүсінін орындау тапсырылады.

Балаларға мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолдану керектігі айтылады:

Жұмыс барысы:

біріншіден керек ермексаздын түсін жұмсарту;

Қызанақ- қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз, ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы мен жапырағын орнатамыз;

Қияр- жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;

Сәбіз- цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын біріутіреміз;

Қызылша- күрең қызыл домалақтанған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын бекітеміз.

Ал, 2 сынып оқушыларына бедерлі мүсін жасау тапсырылады.

Жұмыс барысы:

Берілген карточкадағы суретке қарап, қандай жеміс пен көкөністің суреті салынғанын мұқият қарау. Ермексаздын көмегімен бедерлі мүсін жасау.


Ү. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі оқу іс әрекетімізді қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек себеттерге салып қоюмыз керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет