|
М. Бекеевтің «Тымық кеш»,
М. Қаспақтың «Той» картиналарын қарап шығу.
Меңгерген білімдерін бекіту. Жұптық жұмыс
Картиналарға қарап, қазақ дастарқаны туралы шағын әңгіме құрастыру.
Ғаламтор немесе тағы басқа дереккөздерден мәлімет іздеп табу.
Сабақтың тақырыбын түсіндіру. Салфеткаға қағаздан сақина жасаймыз. Қайшымен жұмыс істеу ережесін түсіндіреді.
Мұғалім сабақтың басында балаларға дастарқан жаю туралы айтады. Оларға дастарқан жаюдың барлық ережесін айтудың қажеті жоқ, ең бастысы, дастарқан жаю – қонақ күтудегі ең маңызды сәт екенін білсе жеткілікті. Одан әрі мұғалім салфеткаға кигізілетін сақиналарды әшекейлеу жолдарын көрсетеді. Балалардың назарын міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтауға аудару керек. Жұмыстың реті оқулықта көрсетілген. Оқушылар жұмыс ретін сақтап, сондай-ақ оқулықта көрсетілген материал өлшемдерін ескере отырып, жұмыс істегені дұрыс. Ал сақиналарды әшекейлеу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, бұл жерде таңдау еркін балаларға беріңіз. Сақинаны жасағаннан кейін, салфетканы бүктеуді үйрету керек.
Оқулықта бір-ақ түрі көрсетілген, ал оның түрі көп. Оқушылардың әрқайсысы ғаламтордан қызықты тәсілдерді тауып алып, жұмыстарына қолдана алады.
|
Картиналарды салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табады.
Қазақ дастарқаны туралы шағын әңгіме құрастырады.
Салфеткаға арналған сақина жасайды.
Жұмыстың жасалу реті:
түрлі түсті қатырғықағаздан өлшемі 3х12 см қағаз қиып ал;
қағаз жиектеріне желім жағып, бір-біріне жапсыр;
түрлі түсті қағазға қара қарындашпен әртүрлі суреттер сал. Ол балық, гүл, құс болуы мүмкін. Суреттердің өлшемі 5 см-ден аспауы тиіс;
суреттерді қайшымен ұқыптап қи;
суреттерді сәнде. Оларды фломастермен өрнектеп, аппликациямен әшекейлей аласың;
әшекейлерді сақиналарға желімде.
Жауаптарын түсіндіреді.
|
|
Оқулық, 30–31-беттер. Қолорамалға арналған сақина. Youtube желісі.
|