Сабақтың тақырыбы Адамның бет әлпеті мен көңіл күйі



бет13/35
Дата21.04.2023
өлшемі132,68 Kb.
#175112
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
көркем еңбек қмж атамұра
Орыс тілі 1-тоқсан 2-сынып
Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құттықтау плакатын жасаймыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

2.2.3.1 әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
2.2.3.3 шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану

Сабақтың мақсаты

Матрица жасауды үйренеді.
Матрица арқылы сурет қалай жасалатынын зерттейді. Әртүрлі тәсілмен құттықтау плакатын жасайды.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәті
– Балалар, әртүрлі плакаттарды көріп тұрсыңдар. Қалай ойлайсыңдар, олар не үшін керек?
Жаңа сабақты түсіндіру

Балалар талқылауға қатысады. Сабақ мақсатын анықтайды.



Бағалау критерийі: белгілі бір тақырыпқа арналған плакат жасайды; плакаттың
идеясын түсіндіреді.

Әртүрлі плакаттар. 2-сыныпқа арналған CD-диск.







Құттықтау плакатын жасаймыз
Сабақтың мақсатын анықтау
Матрица тәсілімен таныстырып, қарапайым матрица жасауды үйрету. Әртүрлі мерекеге
құттықтау плакатын жасауды үйрету.










Ортасы

Қызығушылықты ояту
Плакаттар әртүрлі тақырыпқа, түрлі тәсілмен жасалады. Құттықтау, жарнама, ақпараттық және т.б. плакаттар болады.


Тақырыпты түсіндіру
Біз бүгін коллаж түріндегі плакат жасаймыз. Ол үшін ескі журналдар мен фотосуреттерді пайдаланамыз. Плакат жасау барысында мұғалім нақты кеңестер беріп отырады.
Мұғалім плакатқа жазу жазып бере алады. Балалардың жасаған плакаты сынып бөлмесінен орын тапса, тіпті жақсы. Мұғалім плакаттардың бәрі бірдей қабырғаға ілінбейтінін айта кетеді. Жаңа жылға арналған құттықтау плакаты жаңа жылда ілінеді, туған күн иелеріне арналған плакатты үнемі іліп қоюға болады. Ал егер мұндай плакат бірнеше болса, ай сайын ауыстырып отырады.


Жаңа ұғымдарды түсіндіру
Матрица – әртүрлі баспа-таңба жасауға болатын пішін. Қағаз парағына бояу жағылған пішінді басу арқылы жасалатын бейне баспа- таңба деп аталады.
Сабақ тақырыбын түсіндіру Матрицалармен таңба жасап үйренеміз Мұғалім әртүрлі материалмен матрица жасау жолдарын көрсетеді.
Қайшымен жұмыс істеу ережесін түсіндіреді.


Сергіту сәті

Оқушылар матрица жасайтын материалдарды пайдаланады.



(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.


(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Оқулық, 40–41-беттер.

Оқулық, 42–43-беттер.









Топтық жұмыс: Плакат жасау
Мұғалім баспа-таңба арқылы жасалған бірнеше суретті көрсетеді. Оны мұғалімнің өзі дайындауы мүмкін немесе №1 жұмыс дәптерінің 18–21-беттеріндегі, оқулықтың 42– 43-беттеріндегі иллюстрацияларды көрсете алады. Балалардың жасаған баспа- таңбаларынан ненің бейнесін көретінін, оларды баспа-таңбаға айналдыру жолдарын талқылайды. Мұғалім тақтаға баспа-таңбаны белгілі бір бейнеге айналдыру жолдарын салып көрсетсе, тіпті жақсы. Оны әртүрлі сызық, пішіндермен толықтырады. Одан әрі мұғалім плакатты қалай жасайтынын көрсетеді. Жеке плакат жасаған оқушылар енді бірігіп бір плакат жасауға кіріседі, плакатқа қандай баспа-таңба таңдайтынын, плакаттың фоны (негізгі түс) қандай болатынын, плакаттың композициясын шешеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.

Оқушылар өздері жасаған баспа-таңбалар арқылы ерекше бейнелер жасауға кіріседі. Ол жануарлар, ертегі кейіпкерлері, өсімдік т.б. болуы мүмкін.
Баспа-таңбаларына мұқият қарап алып, сызық, пішіндермен, фломастермен бояп, толықтырады. Топтық жұмыстың алдында плакат қандай мерекеге арналатынын нақтылап алған жөн (Күлкі күні, Білім күні, театрға шақыру және т.б.). Балалар өз нұсқаларын айтсын. Одан әрі плакаттың жалпы композициясын, түстік шешімін талқылайды.

№1 жұмыс дәптерінің 18–21- беттеріндегі тапсырмаларды


орындау.




Пішіні әртүрлі өшіргіштер, төбесінде өшіргіші бар қарындаштар, күзгі жапырақтар, бірнеше шикі картоп, өлшемі мен пішіні әртүрлі түймелер, бөтелке қақпақтары, гуашь бояуларының жиынтығы, палитра, қылқалам, су құятын ыдыс, түрлі түсті қағаз, қол сүртетін салфетка.
№1 жұмыс дәптері.

Соңы

Рефлексия



Оқушылар мерекелік плакат жасай отырып, мектебін сәндеуге қадам жасады.
– Мектебің мен сынып бөлмеңді тағы қалай сәндей аласың? Ойлан.
Жасаған плакаттарын таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет