Биология, 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: §2. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі орны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адам эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы шолу арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарының ақиқаттығына көз жеткізу. Адам эволюциясы жалпы органикалық дүние эволюциясының заңды жалғасы екендігін түсіндіру арқылы дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың эволюциялық білімдерін тереңдете отырып, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын қолдана отырып оқушының өз бетінше ізденуін, зерттеуін қалыптастыру.
Тәрбиелік : Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: Компьютердегі слайдтар.Суреттер.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру
Бекіту
Үйге тапсырма беру
Қорытынды
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
Саламатсыздар ма, оқушылар? Сыныпта кім кезекші, сабақта кім жоқ?!
Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Адам биологиясы, морфологиясы, эмбриология, гистология терминдер қандай ұғымды білдіреді, нені зерттейді?
Адам анатомиясы мен физиологиясы, гигиенасы нені зерттейді?
Адам анатомиясы,физиологиясы, гигиенасы салаларына еңбек сіңірген ғалымдар (шет елдік, орыс, отандық) және олардың еңбектері, ашқан жаңалықтары, қосқан үлестері қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру
Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны.
Хордалылар типі.
Омыртқалылар тип тармағы.
Сүтқоректілер класы.
Ұрықжолдастылар класс тармағы.
Маймылдар (приматтар) отяды.
Адамтектес маймылдар отряд тармағы немесе тартанаулылар тобы.
Адамдар тұқымдасы.
Адамдар туысы.
Саналы адам түрі.
«Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.
Салыстырмалы-анатомиялық
|
Салыстырмалы-эмбриологиялық
|
Гомологтық мүшелер: аяқ-қолдары.
Аналогтық мүшелер: Адамның тістері акуланың қабыршағына ұқсас.
Рудименттер: Адамда үшінші қабақ, құстың көз жабыны. Құлақ қалқанындағы өсінді, соқыр ішек қалдығы.
Атавизмдер: Түкті адамның болуы, көп емшекті адам, құйрықты баланың дүниеге келуі.
|
Зиготадан басталып бөлшектену бластулаға айналуы қарапайым шоғырлы жануар-вольвекске ұқсайды. Екі қабатты көп жасушалы гаструла ішекқуыстыларға ұқсайды. Ұрықтың даму барысында балыққа ұқсас желбезектің, құйрықтың болуы, миына ұқсас бес көпіршіктен тұрады. Жүрегі қандауыршаның құрсақ қолқа қан тамырына ұқсайды. Клоаканың болуы алғашқы сатыларында.
|
Бекіту
Адамның шығу тегі туралы қандай көзқарастар бар?
Адам жануарлар дүниесінде қандай орны алады?
Адам мен адамтектес маймылдардың жақын туыстығын не дәлелдейді?
Адамның басқа гоминидтерден айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма беру
§2. Қосымша мәліметтер.
VI. Қорытынды
Жаңа тақырыпты қосымша мәліметтермен, мысалдармен, бекіту сұрақтары арқылы түсіндіріп, үй тапсырмасын сұрап, бағалап, қорытындыладым.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |