Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
№10-тапсырма. Мәтінде айтылған ірі кәсіпорындар орналасқан облыс аймақтарын Қазақстанның картасынан көрсетіп, «Қазақстан индустриясының даму тарихы» тақырыбында интонацияның негізгі құрамдас бөліктерін сақтап, ауызша баяндама жаса.
Дескриптор: Жалпы-3 балл: -ауызша баяндама жасайды.
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
№12-тапсырма. Дереккөздерді пайдаланып, өзің тұратын аймақтағы 1928-1991 жылдардағы отандық индустрия дамуының хронологиялық кестесін жаса. Оны төмендегідей кесте түрінде жаз.