Сабақтың тақырыбы Қағаздан алқа жасау Сабақтың жалпы мақсаты Кірістірілген модульдер



бет3/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,76 Mb.
#32981
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Оқу ісінің меңгерушісі:




Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Қағазды жырту тәсілі .

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан оригами тәсілі арқылы гүл жасауды меңгерту.
Білімділігі: қағазды бүктеу тәсілдері арқылы, лалагүлін құрастырып үйрену; оның ішінде ең тиімді, қарапайым әдісін меңгеру, әдемі өнер туындысын жасап шығару;
Дамытушылығы: қол икемділігін дамыта отырып, ойын, танымдық қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу; Табиғатты қорғауға баулу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер
Модульдер

ұзындығы 35 см х 35см форматтағы түрлі - түсті қағаз, скотч.

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасы

Би «Қаражорға» .



Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасы

Өткен сабақты пысықтау

Қызығушылық

ты ояту

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді.

Орнына келіп отырды.


Жаңа материалмен жұмыс.

Біз , негізінен , қағаздарды бөліктерге бөлу үшін қайшыны пайдаланамыз . Ал , бүгінгі жұмысты орындау кезінде біз қайшыны пайдаланбаймыз . «Көлдегі қаздар» аппликациясынқағазды жырту тәсілі арқылы жасаймыз .

Жұмыстың орындалу барысы:



  1. Басқа түсті бір қатырма қағаздың шетінен жиек қалдырып , ақтүті қағаз желімде .

  2. Көк түсті қағазды бірнеше қабаттап бүктеп шық . Бүгілген сызық бойыцмен қағазы жыртып ал .

  3. Ақ қағаздың бетіне көк түсті қағаз жолақтарын желімде . Бұл жолақтарды желімдегенде , жолақтардың астыңғы жиегі мен шетіне ғана желім жақ .

  4. Суретте көрсетілген ретпен бірнеше қаз жаса .

  5. Қаздың жоғарға жағын сұр түті қағаздан жыртып , бұлтты желімде .

  6. Дайын қағаздарды көл бетіне орналастыр .

Ой толғаныс

Қағазды жырту тәсілі арқылы әр түрлә бейнелер жасау .

Үйге тапсырма

Қағаздарды жырту арқылы гүл жасау .


Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі:



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Желқағар жасау .

Сабақтың жалпы мақсаты

а) білімділік: оқушыларды түрлі - түсті қатты қағаз қиындыларынан желқағар жапсырмалауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
б) дамытушылық: қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру. Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісіндамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер
Модульдер

ұзындығы 35 см х 35см форматтағы түрлі - түсті қағаз, скотч.

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасы

Би «Қаражорға»



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында «лалагүлі»жайында оқушылардан сұрау . оқушыларды бағалау .

Қызығушылықты ояту

Жалпы білімді тексеру
а) «Негізгі түстер қызығы» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Шарты: түстердің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Жаңа материалмен жұмыс.

Желқағар құрастыру туралы айту.
Мұғалімнің көрсетуі.
Қауіпсіздік ережелері:
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.

Ой толғаныс

Қағаз дегеніміз не?
Қағаздың қасиеттерін ата.
Қағаздың түрлерін ата.
«Жануарды таны» ойыны.

Үйге тапсырма

Желқағарға ат қойып келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі:



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

«Мерекеңізбен!» панно

Сабақтың жалпы мақсаты

А)Оқушылардың мерекелік бұрынғы білімдерін жетілдіру. Мерекелік панножасау  жолдарын үйрету;

Ә) Оқушылардың икемділіктерін қалыптастыру, теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен  ұштастыру, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б)Оқушыларды үнемділікке , ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу.





Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер
Модульдер

А4 форматтағы түрлі - түсті қағаз, скотч.

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасы

Би «Қаражорға»



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында Желқағарларына ат қойып келген оқушыларды бағалау .

Қызығушылықты ояту

Панно компазициясын әртүрлі материалмен жасауға болады. Мысалы матадан, теріден, айнадан, қағаздан, бисерден. Бүгін біз сендермен пластмасс гүлден жасалған  «Гүл» компазицисын жасауды үйренеміз. Бұл жасалған панноны аналарға, әпкелерге, сыныптас қыздарға сыйлық ретінде ұсынуға болады.

Жаңа материалмен жұмыс.

Сюрприздік сәт: Көңілді музыкамен «көктем» кіреді.
Көктем: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен кіммін? Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә, көктем.
Көктем: Көктем ерекшеліктері қандай? Кім айтады?
Балалар: Қар ери бастайды, құстар жылы жақтан ұшып келеді, бәйшешек шығады.
Көктем: Ал ойынды жақсы көреміз бе?Ендеше балалар кел жақындап ойын ойнайық.
Ойын: «Гүлдерді жинау».
Тәрбиеші: Құрметті көктем біздің балалар өте өнерлі сендерге арнап тақпақтар мен өлеңдерді айтып береді.

Ой толғаныс

Ой шақыру :




а)  Мерекелік панноларды қандай қағаз түрінен жасауға болады

б) (ЭҚН)  осы жасаған бпанноларды   қалай қолданасыңдар? Егер дүкеннен сатып алатын болсаңдар, бағасы қымбат бола ма? Салыстыр.






Үйге тапсырма беру.

«Мерекелік!» панноны аяқтау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі:


Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

«Көктем нұры шуақты!» коллаж

Сабақтың жалпы мақсаты




тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану; өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білуге дағдыландыру; ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту; қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер
Модульдер

А4 форматтағы түрлі - түсті қағаз, скотч.

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасын

Би «Қаражорға»



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында Мерекелік панноны аяқтап келген оқушыларды бағалау .

Қызығушылықты ояту

Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі-түсті әйбәт,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл – жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап.
Өлеңде көктемгі табиғаттағы өзгерістер қалай суреттеген?.

Жаңа материалмен жұмыс.

Көктем мезгілінде күн шуағын молынан төгіп, жер қызғаннан кейін жасыл шөптер бой көтереді. Қазір біз сендермен күннің жарқырап, шөптердің шыққанын бейнелейміз.
Тәрбиелеуші сурет салу үшін бояудың қай түрін қолданатынын анықтап, сурет салу жолдарын түсіндіреді.
Балалар жұмысқа кіріседі. Тәрбиеші шамасы келмегендерге көмектеседі.
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын өлең жолдарын жаттау
Көктем мезгілінде күн шуағын молынан төгіп, жер қызғаннан кейін жасыл шөптер бой көтереді. Қазір біз сендермен күннің жарқырап, шөптердің шыққанын бейнелейміз.
Тәрбиелеуші сурет салу үшін бояудың қай түрін қолданатынын анықтап, сурет салу жолдарын түсіндіреді.
Балалар жұмысқа кіріседі. Тәрбиеші шамасы келмегендерге көмектеседі.
Көктем келді бүгін .
Күнім төкті нұрын өлең жолдарын жаттау .
Түрлі – түсті қағаздарды пайдаланып , көктемнің шуақты күндерін бейнелеп көрейік Бұл жұмысты қағазды бүктеу және жапсыру арқылы орындаймыз: ол үшін: көк түсті қағаздан биік таулардың , сары түсті қағаздан күннің бейнесін қиып ал .Қағаз бетінің жоғааарғы бөлігіне тауды , күн сәулесін желімде . Тау етегіндегі гүлді сызба бойынша дайындап ал . Гүл жасау үшін 7 см х 7 см өлшемдегі шаршы қағаз кере . шаршылардан үш күле дайында Үшеуін жіппен дәл орасынан байлап , күлтелерін жаз. Дайындалған гүлді , өсіп тұрған шөптерді суретте көрсетілгендей орналастыр .Бұл жұмыстарыңды оргии тәсілімен бұрын асалған көгершінмен толықтыр .

Ой толғаныс

Ой шақыру :







Тоқылдақтың тапсырмасы. Ойын. «Кім жаңылыспайды?»
А) 1 ден 10 ға дейін санау
Б) Сандарды ретімен көрсету
Көкектің тапсырмасы: Суреттегі жемістерді сана және сәйкес санды қой.
Тырнаның тапсырмасы: Санамақтар айту.
Бұлбұлдың тапсырмасы: Уақытты бағдарлай білу, жұмбақтар шешу.
Ұйқымыздан оянамыз,
Бетімізді жуамыз.
Анамызға ереміз,
Бақшамызға келеміз
Бұл қай уақыт балалар? Таңертең

Үйге тапсырма беру.

«Көктем нұры»

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Наурыз мерекесі құтты болсын! Аппликация.

Сабақтың жалпы мақсаты




тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану; өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білуге дағдыландыру; ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту; қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер
Модульдер

А4 форматтағы түрлі - түсті қағаз, скотч.

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасы

Аю

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Көктем нұры» тақырыбында эссе жазып келген оқушыларды бағалау .

Қызығушылықты ояту

Қар су болып жөнелді ,

Қалды дала жалаңаш .

Күн нұрлана кенелді

Бүршік атып бар ағаш .



Жаңа материалмен жұмыс.

22 наурыз шығыс халықтарының жаңа жылды қарсы алатын күні . Халық бұл мерекені «Ұлыстың ұлы күні» дейді . Адамдар бір – бірі құттықтайды . Әр отбасы наурыз көжепісіреді . Наурыз көжеден барлық адам дәм татады . Аппликация жасау үшін қатырмақағаз , түсті қағаз , қайшы , желім қажет .

  1. Фон үшін жасыл түсті қатырмақағаз таңдап ал . Көк түсті қағаздан аспан көрінісін қиып алып , негізгі фонның жоғарғы бөлігіне жабыстыр.

  2. Күннің , бұлттың пішінін қиып алып , жоғарғы бөлікке орналастыр .

  3. Қоңыр түсті қағаздан киіз үйдің пішінін қиып алып , жабыстыр . киіз үйдің сырын безендір .

  4. Қазан мен самаурынды үлгіде көрсетілгендей қағаздан қиып алып , қағаз бетіне желімде .

  5. Түрлі түсті қағаздардан әр түрлі гүлдер қиып алып , жабыстыр . Көріністі толықтыр .

Ой толғаныс

Ой шақыру :




. «Текше»  әдісі арқылы сұрақтарға жауып беру

-   Наурыз қандай мейрам?

-   Бұл күні не пісіреді?

-   Жаңа жылды адамдар қалай қарсы алады?

-   Қазақ халқы наурыз мейрамын қалай өткізеді?

-  Қандай ұлттық ойындар ойналады?

-  Бұл күні не теңеледі?





Үйге тапсырма беру.

«Наурыз мерекесі» тақырыбында шағын эссе жазып келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Көрпе құрау

Сабақтың жалпы мақсаты




Оқушыларға құрақ құрау технологиясы туралы түсіндіріп, жұлдызды құрақтың дайындау жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке. Ата - бабамыздың
салт - дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс сұрақ - жауап.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер

Модульдер



нұсқау картасы, лекала, құрақ үлгілер, құрақ көрпеш , фломастер, сызғыш, қарындаштар, мата қиындылары, дәптер.

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасын

Қоян

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау «Наурыз мерекесі» тақырыбында эссе жазып келген оқушыларды бағалау .

Қызығушылықты ояту



Жаңа материалмен жұмыс.

Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным - сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады.
Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр. Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.
Құрақтан тігілген тұрмыста қолданылатын бұйымдар:
• көрпеше

төсеніш
• сырмақ


• жастыққап
• қоржын
• түрлі кәдесыйлар
Құрақ құрауға пайдаланылатын геометрикалық формадағы қиындылар:
Ромб
Тіктөртбұрыш
Трапеция
Омарта
Шаршы
Үш бұрыш

Ой толғаныс

Ой шақыру :




Құрақтарды өз орындарына орналастыр
ІV. Бағалау:
«5» егерде жоғарыда берілген талаптардың барлығы орындалса ғана қойылады.
«4» егерде жұмыста аз ғана қателіктер жіберілген болса.
«3» егерде жасалған бұйым талапқа сай болмаса, бірақ қалған жоғарыда аталған талаптар дұрыс орындалса қойылады.




Үйге тапсырма беру.

Құрақ түрлерін дәптерге тізіп жазып келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі:



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Кілемше тоқу

Сабақтың жалпы мақсаты




Білімділік: оқушыларға кілем туралы толық мағлұмат беру, кілем тоқу түрлерін, әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер
Модульдер

Дайын кілем түрлері.

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасын

Қоян

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында Желқағарларына ат қойып келген оқушыларды бағалау .

Қызығушылықты ояту

Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз

Басымызды көтереміз

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз.  



Жаңа материалмен жұмыс.

Жаңа сабақ.
Үй жасауы — кілем» дейді халық. Кілем — жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Осындай қиын да қызықты өнер қазақтың топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдарымен тоқылатын.
Қазақстан облыстарында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне заман деректерінде де олар тап осы күнгі аттарымен аталады. Мысалы, бұқар кілем, жол кілем, жолаң кілем, жібек кілем, масаты кілем, мақта кілем, қалы кілем, қара кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, түкті кілем, ақ сирақ кілем, алаша кілем, Әндіжан кілемі, түрікмен кілемі сияқты көптеген атаулардың өзі-ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығын аңғартады.
Кілем өрмегін «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп атайды. Соған қарай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақтадан, жібектен әрі мықты, әрі жуандау етіліп иіріледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерден көрі бостау иіріледі. Кейде бұл жіптер бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іліп отырып түр жасайды.
Әдетте түкті кілемді 2—3 шебер қатар отырып тоқиды. Шебер өз-өзінен тез суырылатын етіп домалақтаған өрнек жасаушы түк жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше бір-ақ шалып шығады да, кесермен қиып, адарғы тарақпен арқауға бастырта қағады. Осылай бір қатарды салып, оны өрнектің нұсқасына қарай кесіп алған соң тағы да арқауға бастыра адарғы тарақтың тістерімен нықтайды. Бұл арада бойлардың ерсісі мен қарсысы ауысып тоқылып отырады. Осы әдіспен ені 2—3,5 м, ұзыны 3,5—4 м кілемді 2 адам бір айдың ішінде тоқып шығарады.

Ой толғаныс

Ой шақыру :




Оқушылар бүгін біз кілем туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен
• Кілем дегеніміз не?
• Кілем неше түрге бөлінеді?
• Қызылордада қандай кілем түрі жақсы дамыған?
• Кілемде қандай суреттер басым?

Үйге тапсырма беру.

Кілемнің тоқылу түрлерін дәптерге тізіп жазып келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

Оқу ісінің меңгерушісі:



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Сәукеле жасау

Сабақтың жалпы мақсаты




Оқушыларға сәукеле туралы түсінік беру. Сәукеле тігуді үйрету

Дамытушылық: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.

Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер

Модульдер



Бас киім түрлері, сәукеле үлгісі, сызбалар , қызыл мата , қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі

Сыни тұрғыдан ойлау






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтымақтастық атмосферасын

Аю


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында кілем тоқу түрлерін дәптерге тізіп жазып келген оқушыларды бағалау .

Қызығушылықты ояту

 

Каталог: uploads -> doc -> 114a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
114a -> Алғырлар мен Тапқырлар сайысы Тақырыбы: «Алғырлар мен Тапқырлар»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет