Жаңа материалмен жұмыс.
Әйелдерге арналған ұлттық бас киім түрлері өте көп. Оларға: сәукеле, тақия, кимешек, бөрік тағы басқалар жатады.
Сәукеле –қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Сәукеле – тек ұзатылатын қыздың бас киімі, оны беташарға дейін киген, етегі қымбат терімен көмкерілген, сосын міндетті түрде желегі болған. Яғни, ұзатылатын қыздың сәукелесінің желегі бетін көмкеріп тұрады. Қалыңдықты жасырып, жүзін көрсетпей көмкеріп тұрады дегенге сөз, беташардан кейін сәукеле алынады да, желек немесе бергек жас келіншектің басына орамал болып тағылған. Жаулық жас келіншектің басына өзінің әнімен, сәнімен келген.Сөйтіп үлкен салт, дәстүрмен келіп барып, қазақ келіншегінің басына жаулық боп түсетін болған.
«Сәукеле» сөзі «сау келеді» дегеннен шыққан екен. Жоғарыда сәукеленің қалай жасалатынын және оның құны қандай қомақты болатынын айтып өттік. Ендеше ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайынан хабар беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукеледен дәмелілер де аз болмаған. Қалыңмалдың құнын орап әкететін бұл «байлықты» қолға түсіру үшін ұры-қары, қарақшылар жол торып, келін әкеле жатқан топқа тосыннан шабуыл жасайтын. Тек сәукеле емес, қыздың жасауына да қол салып, кейде кісі өлімі де болған деседі. Күйеу, һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездер де болған екен. Сондықтан келін түсіріп отырған ауылдың балалары осынау күйеу-келін тобын қозыкөш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп, «сау келеді, сау келеді» десіп, сүйіншілеп, ауылға хабар беретін болған. Міне, содан сәукеле атауы шыққан деседі.
Жеті жастан жинасаң, жетеді, алты жастан жинасаң, асады» дейтін қазақ қыздың жасауы мен ұзатылардағы киім-кешегіне үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе қалыңмалдың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән-мағынасына бей-жай қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қолақысын беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап-жылдап тіктірген. Қыз әкесі бай болса, бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған. Осыдан-ақ бұрынғы заманда сәукеле байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін көріністің айғағы болғанын аңғара аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, ондағы әшекей бағалы тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын әдемі тігілген сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен.
|
Ой толғаныс
|
1) Әйелдердің қандай ұлттық бас киімдері бар?
2) Сәукелені кім киеді?
3) Сәукелені қалай әшекейлейміз?
|
Үйге тапсырма беру.
|
Сәукеленің шығу тарихын дәптерге жазып келу .
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|