Сабақтың тақырыбы: Ағылшын тілінің грамматикасы Сыныбы: 6



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі477.39 Kb.
түріСабақ
  1   2
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы
М.Жұмабаев атындағы орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
 

Кушербаева Райса Жумайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ағылшын тілінің грамматикасы

Сыныбы: 6 «а»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың білімділігі: Оқушыларды ағылшын тілінің грамматикасымен таныстыру және ағылшын тілін меңгерту.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру мерзімі.

2. Сабақ барысын хабарлау.

3. Фонетикалық жаттығу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация,интерактивті тақта,Голицынскийдің ағылшын грамматикасы.

Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,әсемдікке, құрметтеуге тәрбиелеу, кәсіби шеберлікке баулу.



АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ

None болымсыз есімдігі

3 Replies

None болымсыз есімдігі қазақша «ешқандай», «ешқайсысы», «еш бірі» деген

мағыналарды береді. Мысалдар:



My wife has three brothers – none is married | Менің әйелімнің үш ағасы бар: ешқайсысы үйленбеген. (Бұл сөйлемде заттанып (зат есімге айналып) тұр)
None of your works is good | Сіздің жұмысыңыздың еш бірі жақсы емес.
None of these trains goes to Astana | Мына пойыздардың ешқайсысы Астанаға жүрмейді (бармайды).

This entry was posted in English Grammar and tagged NoneNone болымсыз есімдігі«еш бірі»,«ешқайсысы»«ешқандай»Ағылшын тілінің грамматикасыАғылшынша үйренуАғылшынша үйрену сабақтарыАғылшынша үйрену тегін on April 18, 2011.

Was/were — Past Tense of the verb “to be”

3 Replies

Was [уоз], were [уэ, уөр] — to be етістігінің өткен шақтағы түрлері. Was жекеше түрде (I, III жақтар), ал were көпше түрде және жекеше түрдегі II жақта (сен, сіз) қолданылады. Мысалы:



Was

I was a student — Мен студент болдым.

Yuri Gagarin was the first cosmonaut — Юрий Гагарин ең бірінші ғарышкер болды.Continue reading →

This entry was posted in English Grammar and tagged Past Tense of the verb "to be"To beTo be етістігі өткен шақтаWaswereАғылшын тілінің грамматикасыАғылшынша үйренуАғылшынша үйрену сабақтарыАғылшынша үйрену тегін on March 19, 2011.

Ағылшынша үй бөлмелері

Leave a reply

House (ғимарат), home (ғимарат, шыққан орта, Отан) — үй;

apartment (амер. ағылш.), flat (брит. ағылш.) — пәтер;

room — бөлме; Continue reading →

This entry was posted in English and tagged loungeroomАғылшын тілін үйрену сабақтары,Ағылшын тілінің грамматикасыАғылшынша үй бөлмелеріАғылшынша үйренубөлме ағылшынша on February 24, 2011.

Ағылшын тілі грамматикасы. 21-сабақ: Келер шақ (Future Tense)



5 Replies

Келер шақ арқылы болашақта орындалатын іс-әрекеттер мен жоспарлаған іс-әрекеттерімізді әңгімелей аламыз.

Ағылшын тіліндегі келер шақ Future Tense (Future Simple Tense) деп аталады. Оның бірнеше жасалу жолдары бар.

Future Tense, әдетте, shall және will көмекші сөздері арқылы жасалады (will+verb).Continue reading →

This entry was posted in English Grammar and tagged English Grammar Future TenseFuture Tense,shallshall және willwillАғылшын тілінің грамматикасыАғылшынша келер шақКелер шақ,Келер шақ (Future Tense) on December 26, 2010.



English Grammar. 19-сабақ: Нақ осы шақ (Present Continuous)

6 Replies

Present Continuous Tense (Present Progressive Tense) — нақ осы шақ немесе созылыңқы осы шақ — тура әңгіме болып жатқан кездегі іс-әрекеттерді сипаттайды. Мысалы: I am writing a letter — Мен хат жазып отырмын.

Ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың жасалу жолы (формуласыContinue reading →

This entry was posted in English Grammar and tagged Learn EnglishPresent Continuous Tense,Ағылшын тілінің грамматикасыАғылшын тілінің грамматикасы. 19-сабақ: Нақ осы шақ (Present Continuous Tense)Нақ осы шақНақ осы шақ (Present Continuous Tense) on December 26, 2010.

18-сабақ: Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense)

6 Replies
Осы шақ — әңгіме болып жатқан шақта болып жатқан оқиғалар мен іс-әрекеттерді сипаттайтын, күнделікті өмірде істейтін әрекеттерді сипаттайтын етістіктің шағы. Ағылшын тілінде осы шақтың 4 түрі бар (қазақ тілінде осы шақтың 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ):


  1. Present simple (ауыспалы осы шақ); Continue reading →

This entry was posted in English Grammar and tagged Presen SimplePresent perfect continuous,Present perfect simplePresent Simple TenseАуыспалы осы шақАғылшын тілін тегін үйрену,Ағылшын тілін үйренуАғылшын тілінің грамматикасыАғылшынша грамматикаАғылшынша тегін сабақтарНақ осы шақПрезант симплПрезент симпл on December 26, 2010.

English Grammar. 17-сабақ: Сұраулы сөйлемнің түрлері



4 Replies

Бұл сабағымызды сұраулы сөйлемдердің түрлеріне (сұрақтың түрлері) арнаймыз.

Ағылшын тілінің грамматикасында қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі төрт түрлі формасы бар. Олар:


  1. Yes/no questions (closed questions) немесе General questions Continue reading →

This entry was posted in English Grammar and tagged Alternative questionsDisjunctive questions,English GrammarGeneral QuestionsKind of QuestionSpecial questionsTag questionsWH questionsYes/no questions (closed questions)Ағылшын тілінің грамматикасысұраулы сөйлемдер,сұраулы сөйлемдердің түрлері on December 26, 2010.

To be етістігі



8 Replies

Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарын тым қатты тереңдетіп жазғаннан кейін бе, әйтеуір, ең басты, ең оңай деген тақырыпты ұмытып кетіппін. Ол тақырып “to be етістігі” деп аталады. Осы сабақты, кеш болмай тұрып, сіздерге ұсынып отырмын.



verb — етістік

to be естістігінің түрленуі Continue reading →

This entry was posted in English Grammar and tagged 11-сабақTo beTo be verbto be етістігіай эм,Ағылшын тілінің грамматикасыАғылшын тілінің грамматикасы. 11-сабақ: to be етістігіТу би етістігіШет тілі грамматикасыю ар on December 25, 2010.

Ағылшын тілінің грамматикасы. 7-сабақ: Салыстырмалы шырайдың көмекші сөздері

Ағылшын тіліндегі сын есімнің салыстырмалы шырайы тікелей сын есімдер

арқылы және арнаулы сөздер арқылы жасалады. Тікелей сын есімдерден (more көмекші сөзімен қоса) жасалатын салыстырмалы шырайдағы с

ын есімдерді өткен сабақта талқыладық. Бұл сабақта as … as, not so … as, салыстырмалы шырай+ than, the+салыстырмалы шырай …,the+ салыстырмалы шырай деген салыстырмалы шырайдың арнаулы сөздерін қарастырамыз. Continue reading →

This entry was posted in English Grammar and tagged Ағылшын тілі грамматикасыАғылшын тілінің грамматикасыАғылшынша Салыстырмалы шырайСалыстырмалы шырай on December 20, 2010.

Ағылшын тілі грамматикасы. 4-сабақ: Апострофтың қолданылуы



1 Reply

Апостроф () — орфографиялық таңба. Ағылшын тілінде апострофты қолданатын үш түрлі жағдай бар:



  1. зат есімнің тәуелденуі;

  2. айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру;

  3. сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері sарқылы жасалғанда.

Зат есімдердің тәуелденуі

Ағылшын тілінде зат есімдерді тәуелдеген кезде ‘s тіркесі қолданылады. алайда, бұл барлық жағдайлар үшін жарамды емес. Егер “Менің кітабым” деген тіркесті ағылшыншаға аударсақ “My book” болады. Continue reading 

English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)

4 Replies

Ағылшын тілінің алфавиті латын қарпіне негізделген. Алфавит 26 әріптен

тұрады: 21 дауыссыз (Consonants (консэнэнтс)), 5 дауысты (Vowels (вауэлз)). Y және W әріптері кейде дауысты кейде дауыссыз бола алады.

Бас әріптер (үлкен әріптер) – upper case немесе capital letters, ал кіші әріптер – lower caseнемесе small letters деп аталады. Letter (летэр) – әріп.



Кестеде қызылмен жазылғандары – дауыстылар.

Мұндағы қос нүкте (:) қойылған әріп созылыңқы айтылады. Мысалы: bi:.

dʒ деген дж қосарлы әріптерін білдіреді. Сол сияқты:

ʒ – ж


tʃ – ч

ʃ – ш


j – и

ʌ – а (жуан)

English Grammar. Lesson 2: Articles (Артикльдер)

6 Replies

Артикльдер – зат есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа қосымша сипаттама береді, яғни, қосымша ақпарат беріп тұрады.


Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.

Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөл артикль) деп атайды.



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет