Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер, Асанқайғының Жерұйықты іздегені. Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі365,54 Kb.
#5151
түріСабақ
1   2



Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Өмірде болған тарихи тұлға ретіндегі болмысы аз зерттелген. Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына, шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-ге әпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығыс мәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды.



ІІІ.Жаңа тақырып. Асанқайғының Жерұйықты іздегені.




Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс - әрекетіне байланысты туады.
Асан Қайғы туралы мәлімет:

Асан Қайғы (шын аты - жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2 - жартысында, Еділ бойы – т. ө. ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ - Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50 - жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз - жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.
Тірек - сызба.
Асан Қайғы:

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап



  1. Аңыз дегеніміз не?

  2. Аңыз қалай пайда болған?

  3. Аңыз – әңгіме неден құралады?

  4. Аңыз – әңгіме бізге қалай жеткен?

  5. Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?

  6. Асан Қайғы қайда қайтыс болған?



Асан Қайғының барған, баға берген жерлеріне географиялық тұрғыдан сипаттама береді.



Жер –су атаулары.олар туралы мәлімет.

1

Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы - Қаратау, биік нүктесі Бесшоқы - 556м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар - 132 м. төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.

2

Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.

3

ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.

4

Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.

5

Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік - шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40 - 50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20 - 25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м - 1000м дейін. Ең биік тауы – Ақбет 1026 м.
Киелі жерім менің Баянауыл,
Тау - тасы, өзен - көлі бәрі асыл,
Осындай жер жаннатта туып өскен
Бақытты ғой, шіркін барша қауым.

6

Сарыарқаның оңтүстік - батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтатастан, граниттен тұрады.Ұлытаудың биіктігі - 1134м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын - шашын мөлшері 180 - 230мм. Шоқ - шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.

7

Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.

8

8Жоңғар Алатауының солтүстік - шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік - батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі - 2605м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.
Жетісу
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы өсіп, жан бітіп,
Жанданды елің,
Жер таппан жерге жетер Жетісуым,
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,
Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз
Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым,-
деп ақын жырлаған жер жаннаты - Жетісу.

9

Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш - Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км - ге, батыста ені 100 км, шығысында 250 км - ге жетеді.


Сөздікпен жұмыс:
Желмая – түйе.
Жиһан - дүние, жер - жаһан
Жерұйық – жайлы қоныс.
Түз - дала, мидай дала.

Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма: өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр.
(Әр қатар жазған тұжырымдамаларын өзара тексеріп, автор орындығына біреуін ұсынады.)

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

1.Өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жаз, эпиграф етіп Асан Қайғының бір сөзін алуға тырыс.

2.Бұл әңгіменің аңыз екенін мына белгілер бойынша айтыңдар:


  1. Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;

  2. Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;

  3. Көнген жерінің бәрәне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы;

  4. Әркімнің туған жері - жерұйық екендігін дәлелдеу.

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы туралы түсінік.



2. Асанқайғының Жерұйықты іздегені оқу.
Каталог: uploads -> doc -> 024a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
024a -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Психология пәнінен тесттер жинағы»
024a -> Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабоздары»
024a -> Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет