Қазақ әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Бөлім: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат. 2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қажығали Мұханбетқалиұлы «Тар кезең» романы
Оқу мақсаты: 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды табу.
Бағалау критерийі: шығарманың композициялық талдауын жасайды. Шығармадағы композициялық амалдарды табады.
Сабақ барысы:
1-тапсырма Оқушылар шығармадағы композициялық амалдарды талдау үшін FILA кестесімен жұмыс жасайды.
Мәліметтер
|
Идеялар
|
Зерттеуді талап ететін сұрақтар
|
Шешімдер жоспары
|
Сіз не білесіз?
Мысалы:отарлау кезіндегі қазақтың көрген қорлықтары туралы
|
Сіз не ойлайсыз?
|
Проблеманың шешілуіне көмектесетін сұрақтар қою. Қалай? Қандай жағдайда?
|
Сізге білу үшін не істеу керек? Жоспар құру
|
2-тапсырма «Оқиға доғасы» әдісі арқылы шығарманың экспозициясын, оқиғаның дамуы; оқырманды тартатын өрбітуші оқиғалар; шарықтау шегі, ең шешуші дамыған нүкте; шиеленісуі, шарықтау шегі нәтижесінде туындайтын салдар; шешім, оқиға шешімін табатын соңын анықтап, сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
А элементі: экспозиция – басталу, кіріспе
В элементі: оқиғаның дамуы, оқырманды тартатын өрбітуші оқиғалар
С элементі: шарықтау шегі, ең шешуші дамыған нүкте
Д элементі: шиеленісу, шарықтау шегі нәтижесінде туындайтын салдар
Е элементі: шешім, оқиға шешімін табатын соңы
Кері байланыс:орындаған тапсырманы ұстаздарының электронды поштасына немесе WatsApp мобильді қосымшасына жібереді.
Әзірлеуші: Сагимова Гулнур Кузтаевна №148 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Алматы қаласы Білім Басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |