Сабақтың тақырыбы: Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата04.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#137805
түріСабақ
Байланысты:
қмж шаблон 472 б-1


Білім беру ұйымының атауы

«Төлеби» ЖОМ

Пәні:

Математика

Бөлім:

Алгебрлық өрнектер

Педагогтің аты-жөні:

Есмаханбет Ұлбике Досмаханбетқызы

Күні:




Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.2.1.1алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;
6.2.1.2айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;



Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • алгебралық өрнек ұғымын меңгерту;

  • айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеп үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру

Сәлемдесу
Түгендеу
Миға шабуыл: өткен сабақты еске түсіру
Бірлескен оқу ортасын құру.
Алдыңғы тарау бойынша қайталау сұрақтары:

  • Рационал сандар ұғымы, мысал келтіріңіз;

  • Рационал сандарды қосу, мысал келтіріңіз;

  • Рационал сандарды азайту, мысал келтіріңіз;




Сәлемдеседі.Оқушыларды топ топқа бөліу
Алдыңғы тарау бойынша қайталау сұрақтарға жауап береді

Ынталандыру



6- сыныпқа арналған математика ( Алматы Атамұра 2017 ж.) оқулығы
Слайд

Жаңа білім



Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.
Оқушылар, бүгін біз өткен түсініктерімізді қайталау арқылы жаңа сабақпен сабақтастырамыз.
Мынадай мысалдармен қарастырайық:

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.

Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.

  1. Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.

Сонда, V= abc болады.
Осы мысалдарды тұжырымдайық:
Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b),
S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.

  1. Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.

  2. Айнымалысы барөрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.

  3. Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b– айнымалысы барөрнек, х–айнымалысы бар өрнек.

Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады.
Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптердәі қабылдайтын мәндері – кез келген сандар.


Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру.
Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз:
х – (у + 9)
Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды.
Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:

  1. Алгебралық өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;

  2. Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;

  3. Алгебралық өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақща болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.

Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.
7а + 5 = 7·3 + 5 = 26.
Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні.


Топтық жұмыс

Дескриптор: Білім алушы:



  • айнымалылары бар өрнектерді оқып біледі;

  • айнымалылары бар өрнектерді жазады;

  • айнымалылары бар өрнектердің сан мәнін есептей алады.

Оқушылар өзін – өзі бағалайды.


Жұптық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
Негізгі деңгей

Кестені толтырыңыз:



у

-0,7



0

2,5



16 – 3у
















16 + 3у
















Жауабы:1) 0,9а; 2,5s;



  1. 18,1; 17,5; 16; 8,5; .

13,9; 14,5; 16; 18,5; .


Шығармашылық деңгей
1.Өрнектердің мәндерін есептеп табыңдар:
1) (а + b)2; a2 + b2; a2 +2ab +b2 мұндағы a=3, b=-7.
2) (а - b)2; a2 - b2; a2 -2ab +b2 мұндағы a = 2, b = -5.
Мәндері тең өрнектерді теңдік белгісімен жазыңдар.

Мұғалім ұсынған дайын жауаптар арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.




Жеке жұмыс




Жаңа білім бойынша мұғалім түміндірмесімен берілген есептерді шығарады.

Топпен берілген есепті шығарады.


Оқушылар жұп болып есептерді шығарады

Жаңа тақырып бойынша кітаптан есептерді шығарады


Мұғалім әр оқушының білім деңгейіне қарай бағалайды.

Ынталандыру


Жұптар бірін бірі бағалайды


Ынталандыру



Презентация

Презентация


Презентация

6- сыныпқа арналған математика ( Алматы Атамұра 2017 ж.) оқулығы

Презентация



Бекіту
Кері байланыс

Сөйлемді жалғастыр:

1. Айнымалысы бар өрнек дегеніміз ...
2. Айнымалысы бар өрнектің негізгі қасиеті ...
3. Айнымалының қабылдайтын мәндері дегеніміз ...
4. Айнымалылары бар өрнектің мәні дегеніміз ...
Үйге тапсырма: №638, 639
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек ...» әдісі

Сабақты қорытындылау

Формативтік бағамен бағаланады

Презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет