Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет6/6
Дата04.05.2017
өлшемі1,26 Mb.
#15548
1   2   3   4   5   6

Сабақтың мақсаты: балаларды «кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлу» жөніндегі геометриялық түсінікпен таныстыру; «кесіндіге тиісті және тиісті емес нүкте» деген түсінікті бекіту; үш таңбалы санға көбейту мен бөлу дағдыларын нығайту; әртүрлі есептерді шығара алу дағдыларын жетілдіру.

№1 тапсырманы орындаңдар. а) Қандай нүктелер кесінділерге тиісті?


Олар кесіндіні неше бөлікке бөліп түр? (Екі бөлікке және үш бөлікке бөлді).
Жаңа материалмен танысу

(№1ә,б).


ә) KM кесіндісіне О және Н нүктелерін белгілегеннен кейін қандай жаңа кесінділер пайда болды? (КО, ОН, НМ).

б) Дәптерге АВ кесіндісін сыз. Оның бойына үш нүкте сал. Олар АВ кесіндісін неше бөлікке бөлді? Сызбада неше кесінді көріп тұрсың? Жаз.
Бастапқы бекіту.

Негізінде №3 тапсырма комбинаторлық есеп болып табылады және оны кестенің көмегімен шешуге болады.

Алайда, сызбаға сүйене отырып, реттелген таңдап алу өдісі арңылы да шешуге бо­лады.
4.Өткен материалды қайталауды мұғалім өз қалауынша, 3-7-тапсырмалар бойынша өткізеді.
5.Үй жұмысы. №3.

Сабақтың тақырыбы: Бөлінді разрядтарының бірінде 0 болатын жағдайдағы көп таңбалы сандарды бөлу

Сабақтың мақсаты: бөлінді разрядтарының бірінде 0 болған жағдайда үш таңбалы сандарға бөлу амалдарын көрсету; әртүрлі есептер шығару дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеуге арналған жұмыстар жүргізіледі. Сандық қатарды жалғастыр:

763 023, 763 123, 763 223, ____,

0, 15, 30, 45, , , , ,_____

№8 логикалық тапсырма.











34

37

40

43




35

38

41

44




36

39

42

45




37

40

43

46


Бірінші кестеде көлденеңінен тұрған сандар 3-ке, ал тігінен 1-ге артып отырады. Екінші кестеде сандар қиғаш сызықтың бойында ретімен жазылған.

«Білім сандықшасы» ойыны.
Жаңа материалмен танысу.

Окушылар оқулыққа қарап №1 (а) бөлудің жаңа түрінің ерекшеліктерін анықтайды.

а) Бөлудің қалай орындалғанын түсіндір: 115 710 : 285

Неліктен нөл жазамыз? Өйткені, екінші толымсыз бөлінгіш 171-ді 285-ке бөлген кезде 0 саны пайда болады және қалдық 171-дің қасына бөлінгіштегі нөлді түсіреміз. 1710-ды 285-ке бөлеміз.
Бастапқы бекіту.

Тақырыпты бекіту үшін тапсырманы тақтаға шығып орындау қажет.

Өткен материалмен жұмыс. №3—7-тапсырмалар.
Үй жұмысы. №2, №1(ә).

Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: «Футбол» ойы­ны үшін «Үш таңбалы санға көбейту бөлу» тақырыбы бойын­ша есеп құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Бөлінді разрядтарында нөлдер болатын жағдайдағы көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: көп таңбалы сандармен есептеу дағды­ларын жетілдіру; қозғалысқа берілген есептерді шыгару және теңдеулерді шешу қабілетін нығайту; логикалық ойлауларын дамыту.
Сабақтың барысы

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

«Футбол» ойыны. Командалар (сыныптағы балаларды нұсқа бойынша командаларға белуге болады) қарсыластарына кезекпен өз тапсырмаларын береді. Командадан бір ойыншы тактаға шығып, мысалдарды шығарады. Барынша көп мысалды қатесіз шығарған команда жеңіске жетеді.

Ауызша жаттығуға №1 және №9 тапсырмаларды қосыңыз.
Оқу материалымен танысу.

Бөлудің жаңа түрімен танысуды №2(а) оқулық бойынша өткізуге болады. Бөлудің қалай орындалғанына көңіл бөл. Өз пайымдауыңды түсіндір.

Окушы өз пайымдауын түсіндіреді.

- Бұлай бөлген кезде оның қай тұсында көп қате кетуі мүмкін деп ойлайсыңдар? Бұл қателерді болдырмаудың жолы бар ма? (Бөлер алдында бөліндідегі цифр санын анықтап алу қажет).
Алғашқы бекіту.

№2(ә) тапсырманы оқушылар тақтада, жан-жақты түсіндіре отырып шығарады.

135 270 : 45 = 3 006 454 227 : 227 = 2 001 547300 : 421 = 1300

439 270 : 545 = 806 643 284 : 321 = 2 004 826826 : 826 = 1001


Өткен материалмен жұмыс.

Мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды өзі таңдап алады
Үй жұмысы. №6 (2-баған).

Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: орыс тілі, дүниетану, қазақ тілі, математика пәндерінен тұратын сабақ кестесінің бірнеше нұсқасын жаса.

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау

Сабақтың мақсаты: көп таңбалы сандармен есептеу дағдыларын жетілдіру; қозғалысқа берілген есептерді шығару мен теңдеулерді шешу кабілетін нығайту.

Сабақтың барысы

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

1.Үй тапсырмасын тексеру. №6 (2-баған).

х : 26 + 1 654 = 2 610 х = 24 856

24 000: - 12) = 80 х = 312

120 + х- 3 = 375 х = 85

Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексерген кезде сабақ кестесінің барлық нұсқаларын қарап шығу керек.

2.Жалпы сауалнама.

  • Ұзындығы 24 см сымнан қабырғалары 6 см шаршы жасауға бола ма?

  • Шаршының ауданы 64 дм2-ге тең. Бүл шаршының қабырғалары нешеге тең?

  • Шаршының периметрі 36 см-ге тең. Оның қабырғасының ұзындығы нешеге тең?

  • Тіктөртбүрыштың ұзындығы 3 м, ал ені 5 м-ге тең. Тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?

  • Хоккей алаңының ұзындығы 20 м, ені 5 м. Алаң қоршалған. Қоршаудың ұзындығы кандай?

  • Қабырғасы 4 см шаршыны бірдей екі үшбұрышқа бөлдік. Әр үшбұрыштың ауданы нешеге тең?

Ауызша есептеуге №1 және төмендегі кестені қосыңыз.

Нысан

V

t

S

Тасбақа

3 м/мин

? мин

18 м

Түйе

16 км/сағ

3 сағат

? KM

Ұлу

? м/саг

7 сағат

35м

Ара

60 км/сағ

? саг

180 км

Қасқыр

? км/саг

3 сағат

165 км

Өзіндік жұмыс.

1-нұсқа

705 • 364 = 256 620 195•271=52845 902•361=325622

2-нұсқа

506 • 419 - 212 014 862 • 548=472376 209•657=137313

Оқу материалымен танысу.

2 тапсырманы жұпта орындап, қателерді тауып, дұрыстығын тексереді.



Бастапқы бекіту.

5 тапсырма тақтада және дәптерге орындалады (1, 2-баған), ал 3-бағанды балалар өз бетінше орындайды.



Өткен материалмен жұмыс.

8(а). 376 000 - 339 500 = 36 500 (км) - Арал теңізінің ауданы.

8(ә). 54 + 971 = 1 025 (м) - Каспий теңізінің ең терең тұсы.

4 есепті оқушылар түсіндіре отырып шешеді.

6 (1-баған) - өзіндік жұмыс, оқушылар кейін өзін-өзі тексереді.

7(а) есеп дәптерге орындалады.



d1 = 7 см 3 мм • 2 = 14 см 6 мм d2 = 2 см 5 мм • 2 = 5 см

8 есепті өрнек түрінде жазады. №8(6) бөлімін қосымша есеп­теуге арнауға болады.



Үй жұмысы. №6 (2,3-баған).

Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: географиялық атластан масштабты қарап, №8(6) есепке ұқсайтын есептер ұрастырыңдар.

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеті

Сабацтыц мацсаты: оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту; есеп­теу қабілеті мен дағдысын жетілдіру; кеңістіктік түсінігін дамыту; өзін-өзі бағалай білуге үйрету.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатын хабарлау. Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

1. Үй тапсырмасын тексеру. №6.

826 281 : 909 = 909 242 963 : 427 = 569

40 803 : 201 =203 332 621 : 683 = 487

72 900 : 972 = 75 897 744 : 472 = 1 902

102 555 : 265 = 387 365 216 : 904 = 404

Шығармашылық тапсырманы орындаған оқушылар өздері құрап келген есептерін шығаруға ұсынады.


  1. Ауызша жаттығуларға №1 тапсырма ұсынылады.

  2. Математикалық, диктант.

  • Балалар алаңының ұзындығы 60 м, ені 30 м. Осы алаңның сыртындағы қоршаудың ұзындығын тап.

  • 3 100 бен 28 сандарының айырмасынан 8 есе кем санды жаз

  • 7 км-де неше метр бар?

  • 850 саны 170-тен неше есе артық?

  • 130 бен 120 сандарының қосындысын олардың айырмасына көбейтіңдер.

  • 6 см2 неше мм2 болады?

  • 93 пен 3-тің бөліндісін 6 есе арттыр.

  • 1 ц 50 кг-нан неше есе артық?

  • 540 пен 460 сандарының қосындысы дел осы сандардың ай­ырмасынан қанша артық?

  • 30 000 саны шығу үшін 1-ді нешеге қосу қажет? Оқу материалымен танысу.

Жаңа материалмен танысуды топтасып орындалатын практикалық жұмыстан бастауға болады. Әр топқа тік бұрышты параллелепипедтің үлгісі және әр параллелепипедтің көлемін есептеу туралы тапсырма беріледі. Содан соң параллелепипедтер бүйірімен қойылып, оқушылар қайтадан есептеуге кіріседі. Содан соң олар: «Фигураны аударғанмен, оның көлемі өзгермейді» деген қорытынды жасайды.

Содан соң оқулық бойынша №1(а) тапсырма орындалады.



  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін анықтаңдар (көбейткіштің орындарын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді).

  • Көбейтудің терімділік қасиетін анықтаңдар (өрнекте қатар орналасқан екі көбейткішті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады).

Бастапқы бекіту.

№2 тапсырманы оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып орындайды.

- Көбейтудің қандай қасиеті өрнектің мәнін табуға көмектесті? (Көбейтудің терімділік қасиеті)

(190 • 5) • 2 = 1 900 5 • (630 • 4) = 12 600

(7250•2)•5=72500 (639 • 4) • 5 = 12780

(332 • 4) • 5 = 6 640 200 • (96 • 5) = 96 000

(625 • 200) • 5 = 625 000 (103 • 50) -4 = 10 300

5. Өткен материалмен жұмыс.

№6 есептің шешуін оқушылар өрнек түрінде жазады:

а)(17 612 : 28) • 16 = 10 064 (г.)

ә) 100 • 300 • 365 = 10 950 000 (г) = 10 (т) 950 (кг)

б)(16 200 + 7 800): 1 500 = 16 (рет)

Сынып деңгейі жоғары болса, есептеу жұмысын орындатуға болады.

№7 есеп бойынша теңдеу құрылып, тақтаға және дәптерге орындалады.

х : 12 + 12 354 - 27 870 х = 186 192

х • 100 = 1 600 + 24 000 х = 256 .

(х - 30 985): 15 = 12 000 - 9731 х = 65 020

Үй жұмысы: №5.

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты: көбейтудің үлестірімділік қасиеті тура­лы оқушылардың білімін кеңейту; есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру; кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту; өзін-өзі бағалай білуге үйрету.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

1. Бір-бірінің үй тапсырмасын тексеру.

2. Ауызша жаттығуларға «Компьютер» және «Үндемес» атты дидактикалық ойындарды қосамыз.

18 • 10 : 2 • 60 • 10 : 2 : 100 • 3 • 2 (162)

900 : 2 - 50 • 8 : 2 - 800 : 100 • 11 - 7 : 9 (9)

720 : 8 • 9 - 400 • 2 : 4 • 3 + 75 : 3 (230)



  1. Өзіндік жұмыс: 1-нұсқа - 1-бағанды, 2-нұсңа - 2-бағанды орындайды

Тексеру барысында оқушылар есептеудің қай тәсілінің ыңғайлы екенін түсіндіреді.

Оқу материалымен танысу.

1(ә) суретке қосымша берілген сурет көбейтудің үлестірімділік қасиетінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.



- Тіктөртбүрыштың ауданын қалай табуға болатынын айтып беріңдер. (Алдымен ұзындығын тауып, содан соң оны еніне көбейтеміз. Немесе әр тіктөртбұрыштың ауданын тауып, алынған нәтижелерді қосамыз).

- Көбейтудің үлестірімділік қасиетін анықтаңдар. (Қосындыны санға көбейткен кезде әрбір қосылатын санды көбейту жеткілікті, содан соң нәтижелерді қосамыз).

Бастапқы бекіту.

5 тапсырма таңтада және дөптерге жан-жакты түсіндіре отырып орындалады.



250 • 6 = 1 500 542 • 4 = 2 168 (125 + 875) • 24 = 24 000

3 600 • 2 = 7 200 815 • 2 = 1 630 (356 + 444) • 8 = 6 400

Өткен материалмен жұмыс.

10 тапсырманы орындаған кезде бөлінгішті табу тәсілін анықтайды: бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, оған қалдықты қосамыз.



Өрнекті (№13) сыныппен бірге құрастырады, содан соң оның мәнін балалар өз бетінше табады.

14 728 : 28 : 2 + 78 336 : 306 + 1 005 : 5 • 9 = 2 328

12(а) есепті сыныптағы балалар бірге орындайды.



  1. 16 326 : 6 = 2 721 (авт.) - қызыл.

  2. 16 326 - 2721 = 13 605 (авт.) - жасыл және ақ.

  3. 13605 - 2725 = 10 880 (авт.) - ақ.

Оқушылар №12(ә) есепті өз бетінше орындайды.

  1. 236 • 425 = 100 300 (белшек) - барлың жұмысшы жасап шықты.

  2. 100 300 : 25 = 4 012 (бөлшек) - сатуға жіберілді.

  3. 100 300 - 4 012 = 96 288 (бөлшек) - қалғаны.

  4. 96 288 : 2 = 48 144 (бөлшек) - машина жасайтын зауыт сатып алды.

Үй жұмысы: №8. Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: «Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу» тақырыбы бойынша 6 мы­сал дайындау.

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту; ауызша есептеу дағдысын жетілдіру; көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру.
Өткен материалмен жұмысты мұғалім өз қалауынша ұйымдастырады.
Өзіндік жұмыс үшін бақылау және тексеруге арналған дәптерді пайдалануға болады.

Сабақтың тақырыбы:Кесіндіні теңдей екігебөлу және тік бұрыш салу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды кесіндіні дәл ортасынан бөлу және циркуль мен сызғыштың көмегімен тікбұрыш сызу алгоритмімен таныстыру; әртүрлі есептер шығару қабілетін қалыптастыру; есептеу дағдысын жетілдіру.
Жаңа материалмен танысу.

Кесіндіні сызғыштың көмегімен дәл ортасынан қалай бөлеміз? (Ұзындығын өлшейміз, оның мәнін екіге бөліп, кесіндінің басынан сонша кесінді өлшеп аламыз.)

Мұғалім кесіндіні өлшемей-ақ дәл ортасынан бөлу болатынын айтады.
№3(а)тапсырмаға ұқсас кесінділер сызады.


  1. АВ кесінділері берілген. Оны дәптерге орында. Кесіндінің ұзындығын қалауымызша сызамыз.

  2. Центрлері А және В нүктелері болатын, радиусы бірдей екі шеңбер сызамыз. Радиусын АВ кесіндісінің ұзындығына теңдей етіп немесе АВ кесіндісінің жартысына жуықтау етіп алсақ болады.

  3. Шеңберлерінің қиылысу нүктелерін С және С1 деп белгілейміз.

  4. СС1түзуін жүргіземіз, ол АВ кесіндісін О нүктесінде қиып өтеді.

  5. О нүктесі – АВ кесіндінің ортасы.


Бастапқы бекіту. №3(ә)

Өткен материалмен жұмыс.

1-нұсқа. 2-нұсқа

30294 : 34= 891 20834: 22 = 947

56699 : 59 = 961 35721 : 63 = 567

2574 •51 = 191274 8206 • 17 = 139502

3108 • 33 = 102564 5671 •29 =164459


Үй жұмысы. №5(а). Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: қарама-қарсы қозғалысқа берілген есеп құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Шығымдылыққа берілген есептерді шығару.

Сабақтың мақсаты: шығымдылыққа (өнімділікке шығаралатын есептердің әр түрлі) берілген әртүрлі есептерді шығару дағдысн қалыптастыру; есептеу дағдысын жетілдіру.

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.



  1. Үй жұмысын тексеру.

  2. Ауызша жаттығуларға №1 тапсырма мен №9 логикалық есепті қосыңыз. Өзеннің тар жерінде бір ғана теплоход сыятын қойнау бар. Суретте дөңгелекпен бейнеленген теплоходтардың екеуі бір бағытта, ал екеуі қарсы бағытта келе жатыр. Олар соқтығыспай өте ала ма?

  3. Математикалық диктант: «Өренектер құр».

  • Бір сыныпта а оқушы бар, екіншісіндегі оқушы саны одан 5 есе артық. Екі сыныпта неше бала бар?

  • Сабақтан кейін сыныпта d оқушы қалды. Алдымен z оқушы кетіп қалды, содан соң тағы 2 бала кетті. Сыныпта қанша бала қалды?

  • Қызыл раушангүлдің m данасы, сары раушангүлдің n данасы, ал ақ раушангүлдің b данасы жұлып алынды. Оның бәрінен 5 дана гүлшоқ жасалды. Неше гүлшок жасалды?

  • Бір данасын s теңгеден 16 тәтті тоқаш пен а теңгеге торт сатып алынды. Оларға барлығы қанша ақша төленді?

  • Үш бумада k дана дәптер бар. 2 бумада неше дәптер бар?

№2 есепті сыныппен бірге шығарамыз. Тақтаға барлық формулалар мен үшбұрыш жаднамалар жазылады (демонстрациялық материалдағы кестелерді пайдаланамыз).

Содан соң егін жинау туралы әңгіме өткізіңіз. Егістікте не өседі, оны қалай жинайды? Ары қарай «шығымдылық» деген түсінікті түсіндіруге кірісіңіз.

Шығымдылық дегеніміз –аудан бірлігінен жинап алынған өнім сапасы.

Жаңа есеп түрлерімен танысу. №3



Жиын –терім

М:m•S


Шығымдылық (m)

m=M:S


Егіс даласының ауданы (S)

S=M:m


Осы алаңнан жиналғанегін көлемі (M)

M= m •S





Бидай

6ц/га

100 га

?

Мақта

15ц/ га

?

1500ц

Картоп

?

50 га

500ц

Бастапқыбекіту.№4(а) немесе (ә) нұсқалары бойынша шығарылады, балалар есетің шешуін тақтаға шығып немесе орнында оытрып түсіндіреді.

  1. 400 + 600 = 1000(п.) – екі гүлзарға отырғызылды.

1000 : 50 = 200 (п./м2) – шығымдылық.

400 : 200 = 20 (м2) – бірінші гүлзардың ауданы.

600 : 200 = 30 (м2) – екінші гүлзардың ауданы.


  1. 1-тәсіл

10 •3 = 30 (кг/м2) –екінші фермер еккен егінніңшығымдылығы.

10 • 900 =9000 (кг) – бірінші фермердің жинап алған егіні.

30 • 900 = 27000 (кг) – екінші фермердің жинап алған егіні.

27000 – 9000 = 18000 (кг) –екінші фермер артық жинады.


2-тәсіл

10 • 3 = 30 (кг/м2) – екінші фермер еккен егіннің шығымдылығы.

30 -10 = 20 (кг/м2) – екінші фермер еккен егіннің шығымдылығы осынша артық.

20 • 900 = 18000 (кг) – екінші фермер артық жинап алды.

Есепте әртүрлі тәсілмен шешу туралы шартты белгі жоқ. Өйткені бірге орындауға немесе жақындау жылдамдығына берілген есептердің ұқсастығы балалар үшін өте қиын.

Өткен матерималмен жұмыс.

Балалардың көбейту мен бөлу амалдарын меңгеру, есеп шығару дағдыларын ескере отырып, мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды өз қалауынша қолданады.



Үй жұмысы. №5 Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма:№7

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Сабақтың мақсаты: сабақ барысында жіберілген қателерді талдап, балалардың білімі мен дағдысын түзету; есетеу қабілетін, есептеу дағдысын жетілдіру; әртүрлі есептер шығаруға үйрету.
Сабақтың тапсырмаларын оқушылардың материалды игеру деңгейіне қарай пайдаланыңыз. Өткен сабақтарды бекіту немесе рефлексия жасаңыз.
Бақылау және тексеруге арналған дәптерді пайдалаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет