Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет4/6
Дата04.05.2017
өлшемі1,26 Mb.
#15548
1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: Бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептер

Сабақтың мақсаты: есептің жаңа түрімен – бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есеп түрімен таныстыру; есептеу дағдыларын жетілдіру; есептің өтілген түрлерін шығара білу.

Сабақтың барысы:

Тірек білімдерін жетілдіру.

№1 тапсырманы ауызша есептеуге қосыңыз.

Тақтада динамикалық көрнекі құралды (жылжитын нысандар, түзу сызық (жол) қозғалысы басталған жердерге қойылатын жалаушалар ) пайдалана отырып, бір бағыттағы қуып жету қозғалысына берілген есепті түсіндіріңіз. Бұл алдыңғы сабақтағы №1,3 – есептерге ұқсас.

Содан соң жылжитын нысандардың орнын ауыстырыңыз. Енді балаларға мынадай сұрақ қойыңыз:



  • Мектептен, дүкеннен және т.б. алыстығының жылдамдығы төмен

болса не болады? (Ол алдында келе жатқанды ешқашан қуып жете алмайды.) Ал егер олар бр нүктеден (бір жерден) шықса не болады? (Біреуі озып кетеді, екіншісі қалып қояды. Яғни, олардың арасындағы қашықтық үнемі ұлғайып отырады.)

Жаңа материалмен танысу.

Бұл жаңа материалды №2 алдыңғы сабақтағы оқулықтың №1(а) тапсырмасына ұқсатып өткізуге болады.

Тақтада кесте толтыруға болады.

Қозғалыс уақыты

1 мин

2 мин

3 мин

4 мин

Машина мен автобустың арақашықтығы














Қорытынды: 90 – 70 = 20(м/мин) – жеңіл көліктің автобустан қашықтау жалдымдығы. 20 •3 = 60(м) – 3 сағаттан кейінгі олардың арасындағы қашықтық.


  1. Жеңіл көлік пен автобус бір мезгілде бір елді мекеннен шықты.

Жеңіл көлік сағатына 90 км жалдамдықпен, ал автобус сағатына 70км жалдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арасындағы жылдамдық қандай болады?

Шешу жоспары:

  1. Қашықтау жылдамдығын табу.

  2. Олардың 3 сағатта бір-бірінен қашықтау қашықтығын табу,

Есепті басқа тәсілмен шығаруға да болады.

Жоспары:

  1. Жеңіл көлік 3 сағатта жүріп өтетін қашықтықты табу.

  2. 3 сағатта автобус жүріп өтетін қашықтықты табу.

  3. Машина автобусқа қарағанда қанша жер көбірек жүріп өтетінін табу.

  1. 1. 70• 3=210(км)-автобус жүріп өткен қашықтық.

2. 210 + 60 = 270(км)-жеңіл көлік жүріп өткен жол.

3. 270 : 3 =90 (км/сағ) – жеңіл машинаның жылдамдығы.

2-тәсіл түсіну үшін қиындау, бірақ оны да жауаптың бір нұсқасы ретінде қарастыруға болады:


  1. 60 : 3 = 20(км/сағ) – автокөліктердің бір-бірінен қашықтау жылдамдығы.

  2. 70 + 20 = 90(км/сағ) – жеңіл машинаның қозғалыс жылдамдығы.

1) Көліктердің бір-бірінен алыстау жылдамдығын табыңдар: 90 – 70 = 20(км/сағ).

  1. Автокөліктер бір-бірінен 60км алыстайтын уақытты табыңдар: 60 : 20 = 3 (сағ)

Алғашқы бекіту.

Есепте берілген оқиғанның мәнін (бір бағытта жүріп бара жатқан көліктердің бір-бірнен қалып қоюы) әлі жете түсінбеген балаларға тағы бір рет ұғынықты болуы үшін№3 есепті түсіндіре отырып шығаратыңыз. Бұл есептерді шешкен кезде динамикалық көрнекі құралдар мен сызбалық үлгілерді пайдаланыңыз.



Өткен материалдармен жұмыс.

№4-7 тапсырмаларды үйде және сыныпта өзіміз қалаған тәртәп бойынша шешуге болады.. №7 тапсырманың жартысын немесе нұсқа бойынша орындату.

№8 тапсырмада өлшей отырып, фигураның боялған бөлігінің ауданын табады. Фигураның боялған бөлігі оның жалпы көлемінің қанша бөлігін алып жатыр?

Балалар боялған жасыл үшбұрыш АВСD тіктөртбұрышының жалпы ауданының жартысын алып жатқанына көз жеткізеді. Ал сары түсті үшбұрыш екі бөліктен тұрады.: PKSN шаршысының ауданының жартысы мен тік бұрышты үшбұрыш ( ені NM, ұзындығы NK болатын тіктөртбұрыш ауданының жартысы) . Бұны тіктөртбұрышты пунктирмен жалғастырып салу арқылы көрсетуге болады.

Егер сіздің сыныптағы балалар мұндай тапсырмаларды орындай алмаса, оны практикалық жұмыс арқылы түсіңдіріңіз. Бұл фигураларды бөліктерге бөліп, сол бөліктерге бөліп, сол бөліктерден осы фигураларды құрастырып көрсетіңіз.


Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту.

Ауызша тапсырмаға мынадай тапсырмаларды енгізу болады:

Мысалдарды шешкен кезде сол санға сәйкес келетін әріппен белгілейміз.

36:6

54-45


800:80

72:6


57:19

96:12


98:14

64:16


Есеппен жұмыс істеу.

№3 а)



t

1сағ

2сағ

3сағ

4сағ

5сағ

S

15км

30км

45км

60км

75км

d

105км

90км

75км

60км

45км

15км/сағ

A B

0 15 30 45


Ә) Бұл есеп бір-біріне қарама –қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген. Балалар мұндай есептерді 2-ші тоқсанда кездестірген болатын және бір бағыттағы қозғалысқа құрылған еспетермен салыстыру туралы тапсырма беруге болады.

Б) Бұл сабақта бір бағыттағы қозғалыс күрделене түседі. Қлзғалатын нысандар бір мезгілде емес, белгілі бір уақыт аралығында қозғала бастайды. Мұндай жағдайлар өмірде жиі кездеседі. Сондақтан сыныптағы балалардың атын пайдаланып және балаға жақын өмірлік жағдайларды үлгі ете отырып, дайындық жүргізуге болады.



12 км/сағ

А В
10:00


3 км/сағ артық
12:00



60 км
2 сағатта: 12 – 10 = 2(сағ)

Екінші велосипедшінің жылдамдығын табамыз:

12 + 3 = 15(км/сағ).

60 : 15 = 4(сағ) – екінші велосипедші ауылға жету үшін осынша уақыт қажет.

60 : 12 = 5(сағ) – бірінші велосипелші ауылға жету үшін осынша уақыт қажет.

4сағ + 2 сағ = 6сағ – бірінші велосипедші жолға шыққан сәттен бастап осынша уақыт өтеді.

Ендеше екінші велосипедші біріншісін басып оза алмайды.

№4. Түбірлері тең теңдеулерді жұптастырып жазу.

1-тәсіл. Алдымен барлық теңдеулерді шешіп аламыз. Содан соң оларды жұптастырып жазамыз.

2-тәсіл. Құрылымын талдап алып, талдау негізінде теңдеуді шешпей-ақ қорытынды жасау. Екі тәсілді де пайдалануға болады.

№5 тапсырманы орындағанда балалардан дөңгелекті теңдей 6 бөлікке бірдей етіп бөлуді талап етпеңіз. Оқушылардан мұны қайткенде дұрыс істеу болатынын сұраңыз (белгімен, торкөз бойынша, т.б), олардың ұсыныстарын тыңдап алыңыз.

№6 тапсырмадағы «абайла» соңғы мысалда. Бірінші жақшаның нәтижесі нөлге тең болатынын көргеннен кейін, ары қарай есептеудің қажеті жоқ.

№7 тапсырма. 2,7,9 цифларын пайдалана отырып, неше екі таңбалы сан жазуға болады: (Бұл сандардағы цифрлар қайталанады). Жауап нұсқасы өте көп болғандықтан, оны жүйелеу қажет. Ол үшін алдымен 2-ден басталатын сандарды (22,27,29), содан соң 7-ден (77,72,79) және 9-дан ( 99,92,97) басталатын сандарды жазыңыз. Жауап нұсқалары жазылған кестені де осындай ретпен толтырамыз. Оны тақтаға сызған дұрыс.
2 7 9 Мүмкіндіктер бұтағын құр.

2 7 9 ондықтар

2 7 9 бірліктер
№5 тапсырма – құрама есеп. Бірақ өмірде мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі, сондықтан онымен танысудың пайдасы зор. Егер жолаушы 10 минутта озып кетсе, жолға кеткен уақыттың 10 минутқа тең болғаны.

1-тәсіл


70•10=700 (м) – бірінші жолаушы жүріп өткен жол.

700-600=100 (м)- екінші жолаушының жүріп өткен жолы.

100:10=10 (м/мин) –екінші жолаушының жылдамдығы.

2-тәсіл

600 : 10 = 60 (м/мин) - бір-бірінен алыстау жылдамдығы.

70 - 60 = 10 (м/мин) - екінші жолаушының жылдамдығы.

6 тапсырмада алдымен параллель түзулерді көзбен, бұрыштық сызғышсыз аныктап алғаннан кейін ғана бұрыштың сызғышты пайдалануды сұраңыз. Бұл жаттығу келесі сабаққа дайындық болады.

6 (ә) тапсырма - сызық сызылмаған кағазға тіктөртбұрышты салу алгоритмін кайталауға арналған есеп. Балалар суретке сүйене отырып, алгоритмдік кадамдар тізбегін жасайды.

7 тапсырманы орындаған кезде - оқулыктың форзацын ңолданыңыз, яғни, бір таңбалы сандар мен 10-ның кубтары көрсетілген кестені пайдаланыңыз.

8 Сызбада неше үшбұрыш бар?

а) ә)

Жауабы: а) 16 үшбұрыш бар; ә) 13 үшбұрыш бар.

8.Көк, қызыл жөне жасыл стақандарға қарындаштар, фломастерлер мен қаламдар салынған. Жасыл стақанда қарындаш жоқ, ендеше карындаштар қайда тұр? Кестені немесе графты (бағыт сызығы) пайдалан.






Қарындаштар

Фломастерлер

Қаламдар

Көк стақан

-

+

-

Жасыл стақан

-

-

+

Қызыл стақан

+

-

-

Есептің шартын оқи отырып, бағыт сызыктарын жүргізуге бо­лады немесе кестенің тиісті қатарына « + » немесе « - » таңбаларын жазамыз.

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және есептерді теңдеу құру арқылы шығару

Сабақтың мақсаты: балалардың есептерді арифметикалық және теңдеу құру арқылы (алгебралық) шығару сияқты тәсілдері жөніндегі білімдерін қорыту; есептеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы

Ауызша орындалатын жұмысқа мына кестені қосуға болады:

Кейінгі сан













Сан

14 999

916 001




9 999 999

Алдыңғы сан







999 999




1 - уақытты белгілеп алып, есептеуден жарыс өткізу.

2 - қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шешу (бұл тәсілмен балалар тұңғыш рет кездесіп отыр). Теңдеу құру арқылы есепті шығару ережесімен таныстыру.



  1. Сызбада белгісіз санды х деп белгілеңіз (ол үшін есептің сұрағын оқыңыз).

  2. Есептің шарты бойынша өрнек кұрастыр.

  3. Есептің шарты бойынша тура теңдік құр.

  4. Алынған теңдеуді шешіп, дұрыс-бұрыстығын тексер.

а) Қала мен ауылдың арасы 210 км. Студент қаладан ауылға қайтты. Алдымен ол автобусқа мінді, автобус сағатына 50 км жылдамдықпен жүрді. Содан соң ол жолдың 60 км-і қалғанда жеңіл көлікке мінді. Студент автобуспен қанша уақыт жүрді?

Теңдеу құру: 50 • х + 60 = 210

ә) Қала мен ауылдың арасы 210 км. Қаладан ауылға жету үшін студент автобуспен 3 сағат жүрді. Автобустың жылдамдығы сағатына 50 км. Кейін ол жеңіл көлікке мінді. Ол қанша қашықтықты жеңіл көлікпен жүріп өтті?

Теңдеу құру: 50 • 6 + х - 210

3 есепке нұсқау. Есепті оқып шыққаннан кейін сұрақты белгілеп, белгісіз шаманы х деп белгілеңдер. Сосын есеп шартын тағы бір рет оқып шығып, өрнек пен теңдік құрыңдар.



х - дүкен

150 : х - бірнеше дүкенге әкелінді

20 + 30 - бірінші дүкенге әкелінді

150 : х = 20 + 30

8 есепке нұсқау. Былайша талдаймыз:



2 + 5 = 7 (л) - құйып алынды

37 - 7 = 30 (л) - екі бидонда қалды

30 : 2 = 15 (л) - әр бидонда қалды

15 + 2 = 17 (л) - 1 бидонда болды

15 + 5 = 20 (л) - 2 бидонда болды

Тексеру: 20 + 17 = 37 (л)

Дайын жауапты бірден бермеңіз. Олардың ойланып, өз шешімдерін айтуына мүмкіндік беріңіз. «Біз бидондардан неше литр сүт құйып алынғанын анықтай аламыз ба?», «Олардың ішінде жалпы қанша литр сүт қалғанын біле аламыз ба?» деген сияқты жетекші сұрақтар қойыңыз. Содан соң балаларға тағы да ойлануға мұрсат беріңіз.

Оқулықтағы қалған есептерді мұғалім өз қалауынша пайдаланады.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Білімді тексеру
Сабақтық мақсаты: екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін, қарама-қарсы және бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді меңгеру деңгейін саралау; көп таңбалы сандарға қатысты есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру; әртүрлі есептер шығару; кеңістікті ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту; өз күшіне сенуге тәрбиелеу.
Бақылау жұмысын өткізіңіз. Бақылау және тексеруге арналған баспа дәптерін пайдаланыңыз. Күрделілік жағынан балаларға қажетті деңгейді таңдап алыңыз. Балаларды өткен сабақтарды қорытындылауға үйретіңіз. Қатесін өз бетінше іздеп, оны түзету бағытында жұмыс жасаңыз. Балалардың білімі мен дағдысын реттеп отырыңыз. Бақылау жұмысының сапасына қарай келесі сабақты қатемен жұмыс істеуге және өткенді бекітуге пайдаланыңыз.

Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері

Сабақтың мақсаты: балаларды үш таңбалы санға жазба­ша көбейту тәсілімен таныстыру; есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.

Сабақтың барысы. Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеуге №1 тапсырманы қосыңыз.

Кестедегі және кестеден тыс көбейту мен бөлуді қайталау үшін «ИӘ-ЖОҚ» деп аталатын математикалық диктант алуға болады. Оқушылар берілгендермен келісетінін не келіспейтінін білдіру үшін « + » немесе «-» таңбаларын қойып отырады:

  • 6300 бен 7-нің бөліндісі 900-ге тең.

  • 77-нің жетіден бір бөлігі 111-ге тең.

  • 16 санын 7 есе арттырғанда, 112 саны шығады.

  • 490-ды 7 есе кеміткенде, 63 саны шықты.

  • 56 мен 7-нің қосындысын 9 есе кемітсе, 5 саны шықты.

  • 630-ды 270 пен 3-тің бөліндісіне бөлгенде, 7 саны шығады.

  • Бір жәшікте 8 кг алма бар. Сонда 7 жәшікте 56 кг алма бо­лады.

  • 3 қорапта 21 қарындаш бар. Сонда 6 қорапта 42 қарындаш бар.

Тексеруге арналған баспа дәптерін пайдаланыңыз. Таңтаға мысалдар жазамыз:

3 215 • 14 3 215 • 145 903 • 12 903 • 125

- Бұл өрнектерді қандай екі топқа бөлуге болады? Сабақтың тақырыбын белгілеңіз. Бүгінгі сабақта сендер үш таңбалы санға көбейтуді үйренесіңдер.

Жаңа материалмен танысу.

Сабақтың тақырыбын оқулық бойынша түсіндіруге болады. Оқушылар екі таңбалы және үш таңбалы сандарға көбейту амалдарын салыстырып, оқулықтағы сұрақтарға жауап береді (№2 а, ө).

а) 1364 санын екі таңбалы және үш таңбалы сандарға көбейту тәсілдерін салыстыр. Өрнектердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы қандай? Толымсыз көбейтіндінің саны неге байланысты? Үш таңбалы санға көбейткен кезде үшінші толымсыз көбейтіндіні қалай жазады және неліктен?

ә) Көбейтудің қалай орындалатынын түсіндір.

Алғашқы бекіту.

Балалар оқулықтағы №2 (ә) тапсырманың мәтініне сүйене отырып, өз пікірлерін білдіреді. Мысалдарды дауыстап түсіндіре отырып, тақтаға және дәптерге орындайды (№2 б)

1235 • 231 = 285 285 2541•235=597135
4 078 • 133 = 542 374 5261 • 175 = 920 675


2 311 • 253 = 584 683 4703•221=1039367
Өткен материалмен жұмыс.

4, 5 есептерді оқушылар шартын талдап болғаннан кейін, өз бетінше орындайды және бір-бірін тексереді.

6. Дәптерге оқулықта берілген өлшемге сәйкес, қораптың екі бетін (беткі және жанындағы) екі тіктөртбұрыш түрінде сызуды тапсырыңыз. Олардың өлшемдерін жазып шығады. Содан соң тіктөртбұрыштардың периметрін табу керек. Қорапты таспамен екі рет айналдырып байлап, бантик жасау үшін 50 см артық таспа қалдыратынын естен шығармаңыз.

P1= (25 + 15) • 2 = 80 (см)

Р2=(20+ 15)• 2= 70 (см)

80 + 70 + 50 = 200 (см) = 2 (м) - бір сыйлық үшін қажет таспа.

2 • 5 = 10 (м) - 5 сыйлық үшін қажет таспа.

8 - топпен бірге орындалатын тәжірибелік жұмысты балалар тақтаға шығып қорғайды.



а) ә)



Үй тапсырмасы. №4 (ә). Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: №7 тапсырма немесе №6 сияқты таспамен байлауға арналған бір есеп құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет