Сабақтың тақырыбы: Қалау рай, қалау райдың мағынасы



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі310,73 Kb.
#25939
түріСабақ
1   2

10

Үй жұмысын тексеру

Барлығы: Тест тапсырмасын орындайды.

Көпшілігі: 5 мақалды толығымен жатқа айтады, шартты райлы етістікті анықтайды.

Кейбіреулері: Шартты райлы етістіктерді жіктеп, морф.жасайды.

1) Тест тапсырмасын орындайды. (5 сұрақ) 5-ұпай

2) 5 мақал шартты райлы тұлғасындағы жатқа айту. 5-ұпай

3) Шартты райлы етістікті жіктейді, морфологиялық талдау жасайды.

Ұпай саны: 12, 11 ұпай – «5»

10, 9 ұпай – «4»

8, 7, 6 ұпай – «3»

5 төмен ұпай – «2»



Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Шартты райлы етістіктерді табады, жасалу жолын түсіндіреді.

Жеке жұмыс

Суммативті (жиынтық)
Тест және тапсырмалар


Интербел-сенді тақта.


1

Сергіту сәті.

Барлығы: әнді тыңдайды.

Көпшілігі: Әннің мағынасын ашады. Етістіктерді анықтайды.

Кейбіреулері:ақынның басқа да өлеңдеріне қызығушылығы артып, оқиды.


«Әнді сүйсең, менше сүй»

Аудиозапись тыңдайды.

Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың «сәби болғым келеді» өленің ән түрінде есту.



...Құс та болғым келмейді!
Қанатым бар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым бар, керекпе жылыныңдар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым -
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында,
Отыратын анасы құлынымдеп.
Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ Ананың құшағында.
Tap бесігі - кең жаһан тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.-
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.


Оқушылар ақын Мұқағалидың әнін тыңдайды. Өлеңнің мағынасын түсіндіреді. Етістіктерді анықтайды.

Жеке жұмыс

Формативті Мадақтау



Ақын портреті

10

Жаңа тақырып-ты меңгеру

Барлығы: Жаңа тақырыпты меңгереді.

Көпшілігі: Сұрақтар қояды. Соған жауап іздейді.

Кейбіреулері: Өз беттерімен басқа рай түрлерімен оның жасалу жолдарымен салыстырады.

Қалау – ниет , тілек дегенді білдіреді. Қалау– тұрмыстық салт, белгілі бір затты не бұйымды сұрап алу.

Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс- әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады. Мысалы: Менің кітап оқығым келеді. Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді.



Қалау райдың жасалу жолдары.

  1. ғы/гі ; -қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып , кел көмекші етістігімен тіркеседі.

Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады

Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады.



  1. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп, қалау рай жасалады.

Мысалы: Анам қаладан кел-се екен. Қалау рай жіктеледі.

Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдайды. Көршілерімен оқиды. Бір-бірлеріне түсіндіреді, сұрақ қояды.


Жеке жұмыс.

Жұппен жұмыс.



Формативті

Мадақтау


Кесте

Тірек сызбалар





7

Жаңа сабақты меңгерге-нін тексеру

Барлығы: Жаттығуларды орындайды, бір-бірлерімен тексереді.

Көпшілігі: Қалау райлы етістіктерді жеке, көпше түрде жіктейді.

Кейбіреулері: Шығармашылық тапсырманы орындайды. Қалау райлы етістіктерді қатыстырып, өлең шығарады.Басқа оқушыларды түзетеді.


Практикалық жаттығулар.

156-жаттығу. Қалау райлы етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі: ішкіміз келді – І жақ, көпше түрі

Тапсырма: Карточкамен жұмыс.

Төмендегі қалау райлы етістіктерді жіктеңдер.

І оқушы – көргісі келеді, ІІ оқушы – орындағым келеді, ІІІ оқушы – жазғайсың, IV оқушы- барсаң игі еді,

V оқушы – барғысы келеді, VІ оқушы – айтқай.

Ж

Жекеше

Көпше

І

барғым келеді

барғымыз келеді

ІІ

барғың келеді

барғыларың келеді




барғыңыз келеді

барғыларыңыз келеді

ІІІ

барғысы келеді

барғысы келеді

158-жаттығу. Ойлан тап.


  • Барлық шаққа ие болатын қай рай?

  • І жақта айтымайтын қай рай?

  • Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?

Шығармашылық тапсырма: «Менің арманым» шағын ээсе жазу. Қалау райлы етістіктерді қатыстырып өлең жазу.

Оқушылар жаттығу жұмысын орындайды.

Карточкамен жұмыс жасайды. Шығармашалық тапсырманы орындап, қалау райлы етістікті анықтайды.





Жеке жұмыс


Формативті

Бағдаршам






Оқулық (105б.)

Үлестірме-лі қағаздар

Кесте


5

Бекіту және түзету.

Барлығы: Шартты рай мен қалау райдың ортақ белгілерін табады, салыстырады.

Көпшілігі: Рай түрлерінің жасалу жолдарын айтып, дәлелдейді.

Кейбіреулері: Райдың 4 түріне бір-бірлерімен салыстырады

Венн диаграммасы

Шартты рай Қалау рай
А

А

Ұ


Оқушылар өткен тақырып пен жаңа тақырыптағы етістіктің райларын салыстырады.


Жеке жұмыс


Формативті

Жұлдызша


арқылы бағаланады.


Интербел-сенді тақта,

Плакат


Флипчарт

3

Үй жұмысы

нұсқаулық

Барлығы: үй тапсырмасын тыңдайды.

Көпшілігі:шартты райлы етістіктерді біледі.

Кейбіреулері: қосымша сұрақ қояды.

Тапсырма. (106 бет) Жауабын іздеңдер. Мысалы: Қалау рай жасауға қатысатын көмекші етістіктерді атаңдар. Оларсыз қалау рай жасалама? Дәлелдеңдер.

Қалау райлы етістік тұлғасындағы өлеңді жаттау.

Ережені оқу.

Оқушы кітапқа қарайды, мұғалімді тыңдайды.

Жеке жұмыс




Интербел-сенді тақта

Оқулық (103 б.)



3

Рефлексия

Барлығы: Кестені толтырады.

Көпшілігі: сабақтағы мақсатына жетті ме екенін өз сөзімен айтады.

Кейбіреулері: Сабақтың басы мен аяғын салыстырады.




Менің бүгінгі сабақтағы мақсатым...

Мақсатыма жеттім бе?








Оқушылар кестені толтырады. Бүгінгі мақсаттарына жетті ме әлде жоқ соған жауап береді.

Жеке жұмыс

Формативті Мадақтау







Рефлекциядан кейін мұғалімнің сабақ өткізуінің есебі: Бүгінгі сабағымда алдыма қойған мақсатыма жетемін деп сенімдімін. Әр оқушымен жеке жұмыс жасап, жұппен жұмыс жасаймын деп үміттенемін. Оқушылардың алдына мақсат қойып, нәтижесін өздерінен сұраймын. Қалау райлы етістіктің мағынасы мен жасалу жолына толығымен тоқталамын. Сөйлемдердегі, мақалдардағыөлеңдердегі қалау райлы етістіктерді анықтап, морфологиялық талдау жасаймыз деп сенемін. Әр оқушыға арнайы карточкамен жұмыс беремін. Оқушыларды бағалағанда 2 түрлі бағалауды қолданамын. Әсіресе, формативті бағалауға көп көңіл бөлемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет