ІІ.Негізгі бөлім
2 мин
3 мин
2 мин
2 мин
2 мин
3 мин
3 мин
2 мин
2 мин
1 мин
2 мин
2 мин
2 мин
2 мин
2 мин
|
Тақырыпты ашу. «Ой шақыру». «Сөзжұмбақ».
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, жаңа тақырып жайлы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Ы.Алтынсариннің "Кел, балалар ,оқылық" өлеңі бойынша берілген сөзжұмбақты шешіп көр. Бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыздар.
|
Ы
|
қ
|
ы
|
л
|
а
|
с
|
п
|
е
|
н
|
|
б
|
а
|
л
|
а
|
л
|
а
|
р
|
|
|
о
|
қ
|
ы
|
с
|
а
|
ң
|
ы
|
з
|
|
|
ш
|
ы
|
р
|
а
|
қ
|
|
с
|
и
|
с
|
а
|
|
қ
|
а
|
р
|
т
|
а
|
й
|
ғ
|
а
|
н
|
д
|
а
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Оқығанды көңілге ............. тоқылық.
2. Кел, .......... оқылық.
3. ............ балалар.
4. Шамнан ....... жағылар.
5. ...... көйлек үстіңде.
6. .........мал жинап....
Дескриптор: Білім алушы.
Бос орындарға тиісті сөздерді тауып, сөзжұмбақты шешеді.
Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқулық» өлеңін еске түсіреді.
Сөзжұмбақтың ортасындағы сөзді табады.
Бағалау: «Смайликтер» әдісі
Сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты?
Жарайсыңдар, оқушылар! Ыбырай деген есім шықты, яғни біз Ыбырай атамыз туралы жазылған өлеңді оқимыз.
Ол өленнің авторы біздің жерлесіміз Ғ. Қайырбеков.
Автор жайлы мәлімет: Ғафу Қайырбеков (1928-1994 жж.) қазіргі Қостанай обылысы Жангелдин ауданында туылған «Сарыарқа әуендері», «Дала қоңырауы», «Алтын бесік», «Бекет ата туралы аңыз» атты көптеген өлең жинақтары бар.
Балалар, Ыбырай атамызды бізге таныстырып отырған ақын Ғафу Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен танысамыз .
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Дұрыс, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Алғашқы ұстаз. Алғашқы қоңырау. Ғафу Қайырбеков.»
Бәріміз бірге тақырыпты үш тілде айтып көрейік.
Алғашқы қоңырау – Первый звонок – First call
Ал, енді назарымызды тақтаға аударып, бүгінгі сабағымыздың мақсатымен таныс болайық.
Cен:
өлеңнің тақырыбын анықтай алып, негізгі ойды табасын.
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қоясын.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай аласын.
Білу және түсіну. Тақырыпты түсіндіру.Кластер.
Ғ.Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңі Ыбырай Алтынсарин атындағы Торғай орта мектебіне арналған. Ыбырай атамыз да біздің жерлесіміз.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин- ұстаз, мектеп ашты, жазушы, педагог, ағартушы. Қазақ даласына қоңырау соққан алғашқы ұстаз. Ол – балаларға арнап тұңғыш Торғай өңірінде мектеп ашқан. Осы мектепте оқушыларға тұңғыш оқу құралын жазды. Бұл кітап «Қазақ хрестоматиясы» деп аталады. Қазақ қыздарына тұңғыш өнерге үйрету мекемелерін ашты.
Ал, енді Ғ. Қайырбеков және Ы.Алтынсарин аталарымызға өмірбаяны мен шығармашылығы жайында кластер жасайық!
1928 жылы дүниеге келген. Ақын, аудармашы.
Ғ.Қайырбеков
«Алғашқы қоңырау» авторы. «Қазақ әдебиеті» газеті бас
редакторының орынбасары.
Тұнғыш мектеп ашқан. Ағартушы, педагог, ақын, жазушы.
Ы.Алтынсарин
1841 жылы дүниеге келген. Алғашқы ұстаз.
Дескриптор: Білім алушы.
Ғафу Қайырбеков жайлы кластер жасайды.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы кластер құрады.
Жазылым дағдысы қалыптасады.
Бағалау: «Отшашу» әдісі
Жарайсыңдар, балалар! Тамаша!
Қосымша ақпарат. «Сен білесің бе?!».Жергілікті компонент.
Біздің Қостанай қаламызда «Алғашқы қоңырау» авторы Ғ.Қайырбеков атамызға арналған Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі бар.
Сонымен қатар, ең алғаш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин атамызға арналған Ы.Алтынсарин атындағы интернат-мектеп гимназиясы, музей, ескерткіштер және көшелер бар.
Оқылым. Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңі мәнерлеп оқылады. Өлеңді мұғалім жатқа оқиды.
Балалар, өлеңнің мазмұнына қай сурет сәйкес келеді?
1) 2)
«Алғашқы қоңырау.»
Қағылды зор қоңырау, күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен
Қазақтың даласына білім келді.
Кім қаққан, аты-жөні кім қоңыраушының,
Даланың дүбірлеткен қойнау, шыңын!
Қалың ел, қара қазан, сары баланың
Қашағы арын, қамын ойлаушы кім?
Сол сұрақ қоңырауға қосып үнін,
Бар қазақ аспанында ұшты бүгін.
«Ыбырай!», «Ыбырай!» деген жалғыз есім
Туған жер таза ауасын, құшты қырын.
Дұрыс айтасыңдар, бірінші сурет «қоңырау» өлеңнің мазмұнына сәйкес келеді.
Ал, енді әр қатар бір-бір шумақтан оқып, өлеңнің мағынасын ашайық.
«Сұрақ-жауап» әдісі. Ауызша жұмыс. Айтылым.
Мақсаты: Оқушылардың мәнерлеп оқу және оқылым дағдыларын дамытып, тақырып бойынша алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
І қатар: Өлеңнің 1-шумағын оқиды .
Барлық оқушы зейін қояды. Бейнесабақта тірек сөздер жазылады.
Тірек сөздер: Күмбірлерді, айлық жер, күндік жер, ілесіп, білім келді».
Бұл өлең шумағында қазақ даласына ненің келгенін айтып жатыр?
Қоңырау үнімен бірге білімді бабамызды алып келді деп айтып жатыр.
ІІ қатар: Өлеңнің 2 - шумағын оқиды.
Тірек сөздер: Кім қаққан, қойнауын, шыңын, дүбірлетті.
Ал кәне балалар, сонда қоңырауды кім қаққан екен?
Қандай оймен қақты?
Ыбырай ата бабаларымыз білімді, сауатты болсын деп қаққан екен.
ІІІ қатар: Өлеңнің 3- шумағын оқиды.
Тірек сөздер: Бар қазақ, Ыбырай, құшты.
Үшінші шумақта не туралы айтылған?
Ыбырай есімімен бірге қазақтың кең даласына білім келді. Еліміздің әр түкпірінен мектептер ашыла бастады . Қазақ балалары жаппай сауаттанды. Сол білімді ұрпақ арқылы қазақ армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақ елін әлем таныды.
Дескриптор: Білім алушы.
өлеңнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
КБ: «Допты қағып ал» әдісі
Ы.Алтынсарин қандай адам деп ойлайсыздар?
Автордың негізгі ойы қандай?
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
Жарайсыңдар, оқушылар!
Балалар, сендер шаршап қалған шығарсыңдар. Қане, барлығымыз демалып алайық!
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Кестемен жұмыс. Жеке жұмыс. Ауызша тапсырма.
Өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған бөлікті анықта.
Мақсаты: Өлеңдегі білдіріп тұрған негізгі ойды тауып, қызығушылықтарын арттыру.
1
|
Ілесіп сол қоңырау үніменен
Қазақтың даласына білім келді.
|
1-бөлік
2-бөлік
3-бөлік
|
2
|
Кім қаққан, аты-жөні кім қоңыраушының,
Даланың дүбірлеткен қойнау, шыңын!
|
3
|
Сол сұрақ қоңырауға қосып үнін,
Бар қазақ аспанында ұшты бүгін.
|
Жауабы: А. 1-бөлік
Дескриптор: Білім алушы.
Өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған бөлікті анықтайды..
Оқылым дағдылары қалыптасады.
КБ: «Интервью» әдісі
Бұл өлең кімге арналған?
Бұл өлеңмен ақын бізге нені жеткізгісі келді?
Бағалау: «Отшашу» әдісі
«Айрықша тапсырма» әдісі. Сөздікпен жұмыс. Жазылым. Жазбаша жұмыс.
Теңеу сөздерді тауып, дәптерлеріне жазып қойыңдар.
Сөздік.
қалың ел – халқы, елі.
қара қазан – жұрты, отбасы, жанұясы.
сары бала – ұрпағы.
Дескриптор: Білім алушы.
өлең мазмұны түсінеді.
сөздікпен жұмыс орындайды.
теңеу сөздерді теріп жазады.
Қане, оқушылар, тақырыпқа байланысты берілген сөздерді үш тілде айтып көрейікші.
Қоңырау – звонок – bell
Білім – образование – education
Мектеп – школа – school
Ұрпақ – поколение – generation
«Сәйкестендіру» әдісі. Ауызша тапсырма. Айтылым.
Берілген сөйлемдердің жалғасын тауып, сәйкестіріңдер.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру.
Тұңғыш "Әліппе" оқулығын жазған----------А.Құнанбаев
Ғылым таппай мақтанба деген кім?---------Ы.Алтынсарин
Өлең жазған адамды қалай атайды?----------Ғ.Қайырбеков
"Алғашқы қоңырау" өлеңін кім жазды?---------ақын
Дескриптор: Білім алушы.
Берілген сөйлемдердің жалғасын табады.
Ойлау қабілеттері артып, ақын-жазушылар туралы ақпарат біледі.
КБ: «Ашық микрофон» әдісі
Абай Құнанбаевты білесің бе?
Тағы қандай қазақ ақындарын білесің?
Бағалау: «Смайликтер» әдісі
Жұптық жұмыс. Карточкамен тапсырма. Жазылым.
Сұрақтарға жуап беріп, кестені толтыр. Мұқият бол!
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, қызығушылығын арттыру.
1. Халықты білімге шақыру үшін қазақ даласында не соғылды?
|
|
2. Алғаш мектеп ашқан кім?
|
|
3. Ыбырай Алтынсарин кім?
|
|
4. Қазақ даласына не келді?
|
|
Берілген сөздер: Ағартушы, қоңырау, Ыбырай Алтынсарин, білім.
Дескриптор: Білім алушы.
Сұрақтарға жауап береді.
Берілген сөздерді пайдаланып, кестені толтырады.
КБ: «Сиқырлы доп» әдісі
Ыбырай Алтынсарин қай өңірде дүниеге келді?
Білім бізге не үшін қажет?
Бағалау: «Отшашу» әдісі
Шығармашылық тапсырма. «Эссе» әдісі. Жеке жұмыс. Жазбаша жұмыс. Жазылым. Өмірмен байланыс.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, өмірмен байланыстыру.
«Менің мектептегі алғашқы күнім» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар.
Дескриптор: Білім алушы.
Мектептегі алғашқы күндерін еске түсіріп, шағын шығарма жазады.
Көркем, көлбеу жазады.
КБ: «Интервью» әдісі
Сен өз мектебінді екінші үйіндей көресің бе?
Шығарма жазу барысында қандай қиыншылықтар кездесті?
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы.
« Адасқан сөз» әдісі. Жеке жұмыс. Ауызша тапсырма. Оқылым.
Берілген сөйлемде бір сөздің орнын ауыстырып, сөйлемді дұрыс оқы.Бұл сөйлемде не жайлы айтылған?
Мақсаты: Оқушылардың сөздік байлығын дамытып, оқылым дағдыларын арттыру.
Қазақ алғаш даласына алып білім жарығын алып келген адам-Ыбырай Алтынсарин. (Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам-Ыбырай Алтынсарин.)
Дескриптор: Білім алушы.
КБ: «Допты қағып ал» әдісі
Ы.Алтынсарин қай өңірде алғаш рет мектеп ашты?
Ы.Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
Сабақты бекіту. «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі. Жұппен жұмыс.
Қане, балалар, сабағымызды бекіту мақсатында тақырыпқа байланысты «Екі дұрыс, бір бұрыс» тұжырым, сөйлем жазыңдар.Кейін жұптарынан қайсысы бұрыс/дұрыс екенін сұрайсыңдар.
Мысалы: «Алғашқы қоңырау» өлеңінін авторы Ғафу Қайырбеков.(дұрыс)
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы дүниеге келген. (дұрыс)
Ғафу Қайырбеков Семей қаласының тумасы.(бұрыс)
|
Интербелсенді тақта.
Слайд 5
Бейнесабақ, слайд 6
Слайд 7, бейнесабақ.
Слайд 8, бейнесабақ
Слайд 9, бейнесабақ.
Слайд 10, бейнесабақ.
Слайд 11, бейнесабақ.
Слайд 12, бейнесабақ.
Оқулық «Әдебиеттік оқу 3-сынып»
Слайд 13, бейнесабақ.
Слайд 14, бейнесабақ.
Слайд 15, бейнесабақ.
Слайд 16, бейнесабақ.
Кесте
Дәптер
Слайд 17, бейнесабақ.
Слайд 18, бейнесабак.
Слайд 19, бейнесабақ.
Карточкалар
Слайд 20, интербелсенді тақта.
Слайд 21, бенесабақ.
Дәптер, 22 слайд, бейнесабақ.
Слайд 23, бейнесабақ.
Слайд 24, бейнесабақ.
|