«Алтын сандық» сұрақтары Асату. Үлкендер дастарқан басында ет жеп отырған кезде , төрде отырған ақсақал үлкен табақтан жас балаларға ет салып береді. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.
"Алтын қақпа" зияткерлік ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың салт-дәстүрлерін, ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті.
I.Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Алтын қақпа» зияткерлік ойынына қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар! Біз бүгін 6 – сынып оқушылары арасында сайыс өткізбекпіз. Елбасының «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушыларымызды топқа бөлеміз. Ол үшін 3 түрлі түсті қиынды асықтарды ортаға тастап, оқушыларды алған түстері бойынша 3 топқа отырғызамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |