Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа»



бет13/32
Дата24.07.2020
өлшемі93,08 Kb.
#75585
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
алтынқақпа

ІІ. Ойынның шарты:
- Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз Қазақстан, туған жер, мемлекеттік тіліміз туралы білетінімізді ортаға салу. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең - шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады. Жеребе тарту арқылы ойынды қай топтың бастайтын анықтаймыз. Әр кезең 10 сұрақтан тұрады. Сұрақтарға толық жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық. 




 І кезең - «Тас қақпа»
Оны ашу үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік:
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж)

2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және оларды қашан 


қабылдадық? (Ту, Елтаңба, Әнұран. 1992 жылы 4 маусымда қабылданды)
3. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
4. Елтаңбаның авторы кімдер? (Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары кімдер? (Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)


6. Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңдар. (Қобыз, сыбызғы, сазсырнай, жетіген, дабыл, асатаяқ, даңғыра, домбыра)

7. Қалыңдықтың сүйір бұрышты, әсем безендірілген бас киімі. (Сәукеле)

8. ХХ ғасырда Қазақстанның астанасы болған қалаларды атаңдар. (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Ақмола)

9. Ұлттық ойындарын атаңдар. («Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», «Асық ату»)


ІІ кезең - «Күміс қақпа». 
Оны ашу үшін слайдтағы суреттердің орнына керекті сөздерді қою арқылы 
Отан, туған жер туралы мақалдарды толықтыру керек.
1. Отан - ... (оттан) да ыстық.
2. Туған жердей жер болмас,

...(Туған елдей ел болмас)

3. Аққу көлін аңсайды,
... (Ер жігіт туған жерін аңсайды.)

4. Отансыз адам,

...(Ормансыз –бұлбұл)

5. Ит тойған жеріне,

... (Ер туған жеріне)

6. Әдепті бала, арлы бала,

...(Әдепсіз бала сорлы бала)

7. Абыройлы анаң да – Отан,


... (Асқар тау әкең де – Отан.)

8.Ақылды қария–... (ағып жатқан дария)

9.Ананың көңілі балада,

... (Баланың көңілі анада)


ІІІ кезең – «Алтын қақпа».
-Балалар, міне, Астана қаласында орнатылған Тәуелсіздік нышаны - «Мәңгілік ел» қақпасына да келіп жеттік. Біздің үшінші кезеңіміз «Алтын қақпа» деп аталады. Бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі алда – «Білім» қазынасы. 

1. Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз



2. Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

3. Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

4. Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара


Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
5. Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу

6. Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

7. Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз

8. Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл 

9. Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

-Міне, мақсатымыз «Білім» қазынасына жету болса, Алтын сандықтағы қазынаға да жеттік. Ал, енді «Алтын сандықты» ашайық. Онда мынадай тапсырма бар: 

«Қазақстандықтар» сөзінен бірнеше сөз шығару қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет