Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа»



бет31/32
Дата24.07.2020
өлшемі93,08 Kb.
#75585
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
алтынқақпа

Тақырыбы«Тіл білгірі» зияткерлік ойны

Мақсаты:


  1. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін пайдалана отырып, ойын батыл, пікірін жатық айта білуге дағдыландыру.

  2. Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдығын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

  3. Оқушлардың бәсекеге қабілетті, замнауи талаптарға бейім болып қалыптасуына ыықпал ету.

Жабдығы: АКТ, қанатты сөздер, бүктеме, т,б.

Барысы:


  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгін 7-сыныпта «Тіл білгірі» зияткерлік ойнын өткізгелі отырмыз. Ойн ішінде тиым сөздерге, сөз мәдениетіне, тіл байлыығын көрсетуге, тапқырлыққа арналған тапсырмалар бар. Оқушылар, ана тілінің өміршеңдігін, мол мүмкіндігін, өз ойларын, шешен сөйлеулеріңіз арқылы дәлелдей аласыздар.

Жақсдан жадыңа алған бір ауыз сөз,

Асықпа түспеді деп қолыма тез.

Дамылсыз ізденуге ерінбесең,

Керегің өміріңде болады кез.

Оқушылар, сайысымызды бастаймыз.

І. Таныстру.

Топтың аты, ұраны, әні.

ІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр».

Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған. Соны табу, мағынасын айқындау.

І топқа:

1.Бит қабығынан ..... тоқыған.

2.Жұмыртқадан .... қырыққан.

3. Балақтағы .... басқа шапқан.

4. Мойны ырғайдай, .... торғайдай.

5.Кеудесіне ....піскен.

6. ..... айрылған бақсыдай.

7. Жер астынан жік шықты, ..... тік шықты.

8. .... басына қаптау.

9. Иттің құлы .....

10. Көк ала ....ету.

ІІ топқа:

1. Қадалған жерінен ....алу.

2. Құрғақ уәдемен .... қуыру.

3. .... шаққан құрлы көрмеу.

4. Сүтке тиген ..... болу.

5. ...... су көтермеу.

6. ..... тағаладың ба

7. Түйенің танитыны ......

8. ..... қу шөппен сүрту.

9.Қыздың ... жүгіндей.

10. сөздің майын ... .


ІІІ. “Жалғасын тап”

І топқа:
1.Тіл - адам ойының ... (айнасы)

2.Аңдамай сөйлеген ... (ауырмай өледі)

3.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)

4.Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)

5.Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)

ІІ топқа:

1.Бал тамған тілден ... тамар (у)

2.Көп сөз - ... (бос сөз)

3.Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)

4.Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде ... боласың. (мылжың)

5.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)

ІҮ. Жеті жұмбақ
І топқа:

Жеті жұт.

1. Құрғақшылық

2. Жұт


3. Өрт

4. Оба


5. Соғыс

6. Топан су

7. Зілзала

Жеті қат көк

1. Ай

2. Меркурий (Шоқ жұлдыз)



3. Шолпан

4. Күн


5. Марс (Өмірзая)

6. Муштари (Юпитер)

7. Сатурн

ІІ топқа:

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу, қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

Жеті қазына

1. Сұлу әйел

2. Ер жігіт

3. Қыран бүркіт

4. Берен мылтық

5. Жүйрік ат

6. Құмай тазы

7. Ақыл, білім

Ү. Тыйым сөздердің мәнін аш

І топқа:

Дастарханды, тамақты баспа.

Малды, ыдысты, тамақты теппе.

Түнде үй сыпырма, тырнағыңды алма.

Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.

Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.

Бетіңді баспа.

Тізеңді құшақтама.

Өтірік жылама.

Қолыңды қусырма.

Жақын адамға пышақ сыйлама.

ІІ топқа:

Аққуды атпа.

Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.

Мойныңа белбеу жіп салма.

Бейуақытта жылама, ұйықтама.

Адамға қарап түкірме, есінеме.

Нанды бір қолыңмен үзбе.

Тамақты сораптап ішпе.

Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.

Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме.

Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.

ҮІ. Ойтолғау.

Оқушылардың шешендігі сыналады.

І топқа

Тіл байлығы – ақыл байлығы.

ІІ топқа

Тілдің анасы – халық.

ҮІІ. Қорытынды.

Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.

Алтын қақпа (сайыс)


  • 0

Ақтөбе облысы,
Ойыл ауданы, Қараой селосының
Қараой мектеп - бала бақшасының аға тәлімгерімін
Мамбетова Дамира Жалғасбайкызы

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Сабақтың мақсаты: оқушылардың салт-дәстүр бойынша білім қабілеттерін тексеру, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды қолдау, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:

Ойын үш қақпадан тұрады:


І. Тас қақпа - «Тәрбиенің тамыры салтымызда» ( салт-дәстүр туралы )
ІІ. Күміс қақпа – «Балбал бүккен сыр» (көркем теңеу, бейнелеуге түсінік)
ІІІ. Алтын қақпа - «Ескірмейтін есті сөз» (ырым-тыйым сөздер)
ІҮ. Алтын сандық – «Көне кебеже» (мақал-мәтел).
Үш қақпаны да ашқан адам Алтын сандықтағы сұраққа жауап береді.

Әр қақпаға жету үшін тапсырма беріледі.

1. «Сонар» деген не? (Қыстың күні алғашқы қар түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күні аңға шығады да, ізіне түскен аңды соғып алады.)
2. «Бастаңғы» деген не? (үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып «Жолаушылардың жолда басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын» деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады)
3. «Иткөйлек» деген не? (баланың туғанына 40 күн толғанда оны қырқынан шығарады, сәбидің көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы иткөйлекті шешіп алып тәттісін бөліп жейді.)
4. «Ерулік» деген не? (басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады.)
5. «Сүйінші» деген не? (қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – қуанудың ризалықтың белгісі.)
6. «Енші» деген не? (Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.)

І. «Тәрбиенің тамыры салтымызда»


Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмыт па» деген мақал бар. Алғашқы қақпамыздың сұрағы ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы туралы.

«Тас қақпа» сұрақтары


1. «Құсбегі» деп кімді айтамыз? (Қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін адам)
2. «Қағушы» дегеніміз кім? (Қолында құс жоқ, тығылып жатқан аңды үркітетін адам)
3. «Қалау» деген не? (Біреудің жақсы затына, малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалғанын орындап қайтаруға тиісті.)
4. «Аманат» деген не? (Бір адамның екінші бір адамға сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептелінеді.)
5. «Салбурын» дегеніміз кім? (Саятшылық және аң аулау кәсібінің түрі, Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топтасып аңы мол жерлерге сапар шегеді. Ол жерде жолы болған аңшылар топталып келіп, қуырдақ деп, сорпасын ішіп әңгіме құрады.)
6. «Шарғы» деген не? (Өзіне жасы таяу сіңлісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл «Ендігі кезек сенікі» деген мағына екен. Бұрын қыздар басына орамал тағып шыққан.)

ІІ. «Балбал бүккен сыр»


Тіліміз дүниежүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі тілдерінің бірі екені бәріне аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойлау ерекшелігі – дүниені көркем образбен қабылдауында.
«Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі кезең – тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу. Мысалы, ит арқасы қиянда – алыста, қызыл кеңірдек болу – дауласу т.с.с.

«Күміс қақпа» сұрақтары


1. Асығы алшысынан түсті – жолы болды
2. Төбесі көкке жетті – қатты қуанды
3. Екі көзі төрт болды - ұзақ күтті
4. Жүрегі зу етті – қорықты
5. Тонның ішкі буындай – жақын, тату
6. Қолтығына су бүрку – қолпаштау мақтап-мадақтап,, айдап салу
7. Жерден жеті қоян тапқандай болу – қатты қуану
8. Жанын шүберекке түю – қорқу
9. Тайға таңба басқандай – анық
10. Аузына құм құйылу – сөзден жеңілу
11. Қой аузынан шөп алмау – момын
12. Таяқ тастам жер – жақын жер
13. Бет - аузына бес ит тойғандай – нас, лас, кір
14. Екі езуі құлағында – қатты қуану
15. Иығынан су кетті – жолы болмау
16. Қас пен көздің арасында – тез арада, жылдам
17. Ат шаптырым жер – алыс жер
18. Қабағынан қар жауғандай - ашулы

ІІІ. «Ескірмейтін есті сөз»


Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.
(Берілген нақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп беруі керек)

«Алтын қақпа» сұрақтары


1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)
3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)
4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
7. Аң-құс балалағанда, төлдегенде, балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан-жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)
8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)
9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)

ІҮ. «Көне кебеже»


Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі - мақал келесі қақпамыздың мазмұны. Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы-мақалдар мен мәтел сөздер.
Мына көне кебежеде сары майдай, көздің қарашығындай сақталған асыл дүние – мақалдар жазылған. Берілген сөздерді қатыстырып мақал құрау. Осы мақалды тауып айтуыңыз керек.

«Алтын сандық» сұрақтары


1. Шың
2. Тау
3. Төбе
4. Құз
5. Тәуекел
Жауабы: Тәуекел тау жығады

Кері қайту





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет