Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау. Сабақтың мақсат-міндеттері



бет1/6
Дата25.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Ақмола облысы, Ерейментау қаласы

Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі

Мұсабекова Айгүл Қызданқызы

Бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 3 «ә» күні: 09.12.2015

Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау.



Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Ойыншықтардың шығу тарихы мен қазіргі кездегі олардың алатын орны туралы түсінік беру. Ойыншық құрастыру

Ә) дамытушылық:

Теориялық білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қызыметін дамыту, білім-біліктерін жетілдіру, материалды есте сақтауға, талдау жасауға үйрету.

Б) тәрбиелік:

Эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Практикалық сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, практикалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:

Плакат, оқулық, суреттер, түсті қағаз, желім,
Слайдтар, бейнефильм, интерактивті тақта, оқушылардың жұмыстарының көрмесі.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі



-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын қарау;



1.Қызығушылықты ояту

2.Қайталау


3. Ойланып, жауап бер


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру


Слайд. Ертегілерді атау

Топқа бөліну.

Ұлдар ойыншығы

Қыздар ойыншығы

Спорттық ойындар

- Пропорция деген не?

- Осы көрсетілген ертегілерде қандай дене мүшелерінің пропорциялары сақталмаған?
Суретке қарап, бұлардың қайсысы ойыншық екенін айыру.

Ойыншық-балалардың ой-өрісін және қимыл-қозғалысын дамытатын ойын құрал болып табылады.


Ойыншықтардың тек өзіне ғана тән пропорциясы бар.
Барлығымыз білетін « Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» туралы ертегі естеріңде ме? Біз бұл ертегі кейіпкерлерін ерекше бітімдеріне қарап танимыз. Буратиноның ұзын мұрыны, Чебурашканың үлкен құлағы ерекшелігіне қарап танимыз. Мұндай ерекшеліге болмаса , ол қарапайым балаға ұқсар еді де, оның бейнесін біз жадымызда онша сақтай алмас едік.
Дизайнер-суретші-ол ойыншықтардың үлгісін салатын адам.
Ойыншық тарихи кезеңдерден ойынмен байланысты.
Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың түрі бұл – қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршаққа 4 мың жылдай. Олар жұқа тақтайшадан істелінген. Қуыршақтардың бастары ағаш және жіптен істелінген моншақтардан жасалған жасанды шаштармен безендірілді.
Жаңа заманның класикалық қуыршағы балаға тән үйлесімділікке ие. Оның беті бал – бұл жайнап, үлкен көздерін ашып – жұмады. Оған баланың киімін де кигізеді «Барбидің» пайда болуымен қуыршақ әлемінде түбірлі өзгерістер болды. Ол әрбір қыздың арманы мен мұратына айналады. Барби көзді қызықтырады.
Барби қуыршақтарын сату басқа ойыншықтарды үлестірумен салыстырғанда ең жоғарғы деп есептелінеді.
Барби 1958 жылы пайда болды. Оны Руд Хендлер қызы Барбараның құрметіне «Барбиді» ойлап тапты. Және қыздар жаңа ойыншықты қуанышпен қабылдады, өйткені оның сырт киімі әдемілік пен әсемдікті тануды білдірді.
Елімізде ең алғаш рет өз қуыршақтарын дүниеге әкелген еліміздің танымал сазгері Қыдырәлі Болманов пен жұбайы әнші Қарақат Әбділдина. Cүйкімді қуыршақтар сәбилермен ана тілімізде сәлемдесіп сөйлеседі, ән айтып, би билеп еліміздің әнұранын айтады.

ІҮ. Жаңа материал бойынша

Практикалық жұмыс

Сергіту сәті

Топпен жұмыс




Ойыншықтарды атау
Таныстырылым слайд бойынша «Қағаздан піл құрастыру»

Жұппен жұмыс


Ойын: «Кім табады?» Жасырын тұрған ойыншықтарды біртіндер бөліктерін ашып отырып табу болды.
«

Суретті жалғастыр». Берілген фигураларды жалғастырып, ойыншық бейнелерін құрастыру.



Ү. Сабақты бекіту

Жаңа сабақтан сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
1. Қуыршақ ойлап тапқан еліміздің танымал сазгері кім?
2. Жануарларды бейнелейтін жанр? (Анималистік жанр)
3. Ең алғаш пайда болған ойыншық? (Қуыршақ)
4. Барысқа ұқсас жануар? (Мысық)
5. «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» мәтіні әдебиеттің қай жанрына жатады? (Ертегі)

ҮІ. Үйге тапсырма

Оқушылар үйден әр түрлі материалдармен ойыншықтар жасап келеді.

74-75 бет



ҮІІ. Оқушы білімін бағалау


Оқушылардың сабаққа қатысымы мен жұмыстарын талапқа сай орындауына қарай бағалау. Үздік жұмыстарды, суреттерді көрмеге қою. Суретке мінездеме беру.

Каталог: uploads -> doc -> 0418
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0418 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген
0418 -> Сабақ «Кел танысайық. Сәлем сенің атың кім?»
0418 -> Сабақ Тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар. Эстафеталық ойындар»
0418 -> 1.Қызметтік іс қағазына жататын құжат түрі: а түйіндеме


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу