Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар (ел аузынан)



Дата22.12.2016
өлшемі87,99 Kb.
#4277
түріСабақ

Ана тілі
3-сынып

Сабақтың тақырыбы: ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР (ел аузынан).



Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыптың идеясын ашу, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету.
2. Өтілген сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
1. Кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл болуға үйрету.
2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу, болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой ашар: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жаңаша топқа бөлуден бастаймын. Қабырғаға ара, құмырсқа, көбелектің суреттерін ілемін. Сосын сол суреттегі бунақденелілерді, жәндіктерді балалардың әрқайсысы өзі таңдап, жақсы көретін насекомдардың жанына келіп тұруын өтінемін. Оларды үш топқа бөліп, сұрақ қоямын? Неге бұл насекомды таңдадың? Ол несімен ұнайды?
Сол туралы марапаттап, өлең, тақпақ айтуын сұранамын. Ойлануға 3,5 минут уақыт беремін. Әр топ уақыт біткен соң сұраққа жауап береді.
І топ – “Құмырсқа”.
ІІ топ – “Көбелек”.
ІІІ топ – “Ара”.
Олар таңдап алу себебін және өлең тақпақтарын айтып береді.
Енді, балалар, осы 3 топтан қосып тағы 4-топ құрамыз.
Балаларға кеуделеріне суреті бар эмблеманы, топқа бөлінген соң өздері таңдап тағуын ескертемін.
Әр топта бір құмырсқа, екі көбелек, бір арадан болу керектігін айтамын. Балалар 4-4-тен топталады, топқа бөлініп, жаңадан орын алып отырады.
Сосын сабақты бастаймын. Үй тапсырмасы тексеріледі. Үйге Ғ.Қайырбековтың “Комбайншы” өлеңі жаттауға берілген. Сонан соң егіс даласы, нан түрлері, дақыл, астық түрлері туралы сурет салу берілген. Оқушылардан тақпақты айтқызып болған соң сурет бойынша әңгіме сұралады. Магнитті тақтаға ілу, түсінігін әңгімелеу, 5-6 оқушыдан мақал-мәтел, жұмбақтар сұрау. Салған суреттерін қабырғаға ілу. Өткен сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақ: Сабақты бастамас бұрын жұмбақ жасырамын.
Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді.
Үйінде жатып жейді рахаттанып.
(Құмырсқа).
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа).
Шешуін тапқан соң “Қанағат қарын тойғызар” (ел аузынан алынған) атты тәрбиелік мәні бар мәтінді мәнерлеп оқитынымызды айтамын. Ауыз әдебиетінен үлгі ретінде берілгенін ескертемін, авторы жоқ.
Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын “Қанағат” деген сөзді қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не?
Ой қозғау.
- аз демеу керек
- жоққа шыдау керек
- ең асыл қасиет
- қанағат қарын тойғызады т.б.
Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Ұнаған, ұнамағанын сұрап, өздеріне диалог бойынша рольмен кезекпен оқытамын. Енді сөздік жұмысын жүргіземін, v + ? – белгілері бойынша.
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?
ІІ топтың сұрағы: Оқымысты мен құмырсқаның сөйлесуі. Диалог құру.
ІІІ топтың сұрағы: Бір жыл өткен соң не болды?
ІV топтың сұрағы: Құмырсқа дәнді неге үнемдеді?
V топтың сұрағы: Құмырсқа болсаң не істер едің? Ол сендерге ұнай ма? Неге?
VІ топтың сұрағы: Құмырсқа туралы не білесіңдер? Тағы басқа қандай шығарма өлең оқыдыңдар? Құмырсқа қандай екен?
Әр топқа 5 минуттай уақыт беріледі. Талданады, топпен жұмыс біткен соң салыстыру кестесін құрамыз. Тақтаға ақ ватман қағазға ортақ ой жазылады.

Салыстыру кестесі

1. Мысалдың аты,
тақырыбы Шегіртке мен
құмырсқа Қанағат қарын тойғызар
2. Авторы Крылов (Абай аударған) Ел аузынан
3. Оқиға орны Егіс даласында Бақ ішінде
4. Кейіпкерлер Шегіртке мен құмырсқа Оқымысты мен құмырсқа
5. Құмырсқа қандай? Біреу, еңбекқор, қарапайым, үйі бар, дән жинайды Құмырсқа біреу және көп дән жинады, күзетті, інін кеңейтеді
6. Мазмұны, идеясы қандай? Қарапайым, еңбекқор болу керек Ақылды, шыдамды, қанағатшыл болуы керек

Сабақты қорыту. Осы І, ІІ тақырып бізді неге тәрбиелейді?


1. Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.
2. Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Стратегиялар. Еркін жазу немесе Sinkuein бойынша бес жолды өлең жазып келу, түсінігін айту.

Ана тілі


3-сынып

Сабақтың тақырыбы: ҚАСҚЫР ҚЫСТЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ? (М.Дулатов).



Сабақтың мақсаты:
1. Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру.
2. Қасқыр, оның жабайы, жыртқыш аң екендігін ұғындыру, пайдасы, зияны туралы айту, түсінік беру.
3. Халық педагогикасы арқылы имандылыққа тәрбиелеу.
4. Әр түрлі ой дамыту стратегияларын пайдаланып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жан-жануарды, Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қасқыр т.б. жабайы аңдардың суреттері, “Зоопарктегі аңдар” сюжетті суреттер, жеке үй жануарларының суреті, қосымша суреттер, кітаптар, энциклопедия, Ақсу-Жабағылы қорығы туралы буклеттер, аңдардың маскілері, ватман қағаз, М.Дулатовтың портреті т.б.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, 5 жолды өлең т.б. стратегияларды пайдалану.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой ашар:
1. Қыс туралы жұмбақ өлең оқу, жауабын сұрау. Мәнерлеп оқимын, жауабын сұраймын (күз, қыс).
2. Жыл мезгілдерін сұрау. Қыс мезгіліне тоқталу. Сурет бойынша әңгіме, “Қыс туралы” қыс айлары, қыс мезгіліндегі мерекелер туралы сұрау. 16 желтоқсан тәуелсіздік алған күн, Жаңа жыл мерекелерін сұрау. Қай жылы, қай ғасырда өмір сүрудеміз? т.б. сұрақтар қою.
Үй тапсырмасын сұрау: Үйге М.Иманжановтың “Қысқы кеш” әңгімесін оқу, өз суреттерін салу, сурет бойынша әңгімелеу берілген, енді оқушылардың суреттері тексеріліп, 1, 2, 3 оқушыдан сурет бойынша әңгімелеп беруін сұраймын. Қалған оқушылардың суреттері қабырғаға ілінеді.
Тақырып бойынша диалог арқылы пысықтау сұрақтарына жауап алынады. Классик ақын Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдері сұралып, соның ішінде қыс өлеңінен 3 шумағын сұраймын.
Жаңа сабақ: Оқушылардың М.Дулатовтың “Қасқыр қысты қалай өткізеді?” атты әңгімесін оқитынымызды айтамын, портретімен таныстырамын. Тақтаға, дәптерге сол күнді, тақырыпты жазамыз. Енді балалардан қасқыр туралы не білетіндігін сұраймын. Қасқыр туралы өз серіктесімен ой бөлісуін, 2 минуттан кейін оқушылардың жауаптарын тізбектеп, тақтаға жазып шығамын.
Ой қозғау: Қасқыр туралы не білеміз?
Жыртқыш аң.
Жабайы аң.
Орманда, тауда, тоғайда.
Етті жақсы көреді.
Түсі қара көкшіл, сұр, ақ болады.
Оның жауы – бүркіт.
Сүтқоректі.
Аңқау болады т.б. ойларын тізбектеп жазамын.
Ойларын қорытып жазып болған соң мәтінді таныстырамын, авторы – Міржақып Дулатов. Мәнерлеп оқып беремін. Оқушылардан қарындаштарын алып отыруын сұранамын, ескертемін. Түртіп алу жүйесі бойынша +, ?, v, – белгісімен оқушылар жұмыс істейді. Түсінбеген сөздерін сұраймын. Бір-бірінен сұратамын, білмесе өзім түсіндіріп айтып, сөздік жұмысын жүргіземін.
Диалог: Әңгіме ұнады ма, не туралы т.б. өздеріне тізбектеп оқытамын. Сонан соң тақырыпты тереңірек ұғындыру үшін топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топта 4 оқушыдан. Әр үй тобына карточкалар, сұрақтарға байланысты сюжеттік суреттер қоса таратылады. Әр топтың сұрағы. Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беріледі?
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?
Оқиға орны. Табиғат қандай?
Қыс көрінісін айтып бер.
Жалғыз жүрген не? Неге ол жалғыз деп ойлайсың?
ІІ топтың сұрағы: Қасқырдың көңіл-күйі қандай?
Ол не үшін орманда жүр?
Неге ол көңілсіз?
Оның түр-түсі, жүрісі қандай екен?
Оған сендердің жандарың ашиды ма?
ІІІ топтың сұрағы: Ормандағы ең үлкен аң – аю туралы не білесіңдер?
Оның көңіл-күйі қандай?
Неге ол тамақ жинамаған?
“Ораза” деген сөзді қалай түсінесің?
Жалпы аюды суреттеп бер, ол туралы өлең-тақпақ білесің бе?
ІV топтың сұрағы: Түлкі қысқа қалай дайындалған?
Ол неге қу, көңілді?
Ол нені жақсы көреді?
Түлкі туралы қандай ертегі, өлең оқыдыңдар?
Онда ол көбінесе нені алдап кетеді? (еске түсіру).
Түлкі туралы білетін тақпақ, жаңылтпаштарды айтыңдар.
V топтың сұрағы: Қоян мен көртышқан қысқа қалай дайындалған?
Олардың көңіл-күйі қандай?
Олар нені жақсы көреді екен?
Қоянды қыста несі жаудан құтқарады?
Олар туралы қандай мультфильмдер көрдіңдер?
Ол жерде қоян қандай?
Қоян туралы тақпақ, өлең, жұмбақ білесіңдер ме?
VІ топтың сұрағы: Әңгіме қалай аяқталды?
Қасқыр неге қораны аңдыды?
Қасқыр нені жақсы көреді?
Жалпы қасқырдың өмірі туралы не білесіңдер?
Ол Қызыл кітапқа енген бе?
Топпен жұмыс жүргізу, әр топтан сұрақтарға жауап алынып, талданады, қосымша мұғалім толықтырып отырады. Қасқырдың төрт түлік малдың жауы екендігіне байланысты төрт түліктің пірлері сұралады. Қасқырдың зияны мен пайдасы айтылып толықтырылады. Ол ауыл шаруашылығына зиян келтіретіндігін, жұқпалы ауру тарататындығы айтылады. Ақсу Жабағылы т.б. қорықтар туралы буклеттер, кітаптар көрсету. “Аңдар паркінде” атты сюжетті таблицадағы суреттерді көрсету. Олардың тек орманда ғана емес, зоопаркте де болатындығын естеріне түсіру, атын атату. Sinkuein (5 жалды өлең) жаздыру. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Негізгі ойды білдіретін, үш сұраққа жауап арқылы 5 қатарлы өлең жаздыру. Әр қатарға үш түрлі тапсырма беру.
І. Қасқыр. ІІ. Түлкі. ІІІ. Қоян. Өзіндік жұмыс.
1. Не? __________________________
2. Қандай? _________________________
3. Не істеді? ____________________________
4. Синоним (ұқсас сөз) (1 қатарға) сөз, сөз тіркестерін жазу.
5. Жалпы ойды қорытатын бір сөйлем жазу _______________________.
Мысалы: Қасқыр.
Жыртқыш, жабайы, көкшіл аң.
Жортып жүрді, тамақ іздеді, ауылға келді.
Жыртқыш аң.
Аш қасқырдың жағдайы нашар.
Жабайы аңдар мен үй жануарларының ұқсастығы мен айырмашылығын табу, жұппен жұмыс. Тақтаға ақ ватман қағаз ілінеді.
Енді сахналық көрініс, рольдік ойындар, аңдар маскісін киген оқушылар, жүргізуші автор. Тақырыбы “Аңдар айтысы” деп аталады. Жүргізетін автор. Оқушылар ортаға шығып, тақпақ айтып, өз өнерлерін көрсетеді. Сабақ соңында бағаланып, үй тапсырмасына “Еркін жазу” стратегиясы бойынша әңгімені аяқтап келу, өз қиялдарымен әңгіме жазу тапсырылады.
Бағалау кезеңі.

Ана тілі


3-сынып

Сабақтың тақырыбы: ЖЕМІС БАҒЫНДА

Сабақтың мақсаты:
1. Адам және табиғаттың байланысты екендігін пысықтау.
2. Жыл мезгілдері, күз мезгілінің байлықтары, соның ішінде жеміс бағы туралы түсініктерін кеңейту.
3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылықпен ойлануына ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жасыл өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу. Жасыл ағаштардың адам өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Көрнекіліктер: Алма түрлері және суреті, таблицалар, карточкалар, ватман қағаз, жыл мезгілдеріне байланысты сюжетті суреттер, кітаптар т.б. заттар.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, Sinkuein 5 жолды өлең, топпен жұмыс, салыстыру кестесі.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Психологиялық дай ындық:
а) жұмбақ өлең оқу (жауабы: күз).
ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.
Үй тапсырмасы сұралады: “Орман суреттері” әңгімесңн мәнерлеп оқу, суретін салу, әңгімелеу. Борсық, қоян, тиінді суреттеу тапсырылған. Жеке оқушылар сұралады. Салған суреттері қабырғаға ілінеді (жыл мезгілдері туралы Абайдың өлеңдері сұралады, табиғат лирикасына арналған).
Жаңа сабақ: Татар халық жазушысы Н.Базиденнің “Жеміс бағында” атты әңгімесін оқимыз. Тақтаға жазу.
Ой қозғау: Сюжетті суреттермен жұмыс. Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын сурет туралы ой қозғайық. Бұл қай мезгілді білдіріп тұр? Қазір қай мезгіл? – Күз мезгілі. Күз мезгіліндегі заттарды атату. Күз – берек, байлық деу себебіміз не?
Неге алтын күз дейміз? Табиғаттағы құбылыстарды айтқызу, орман, тоғай, бау-бақшадағы өзгерістерді айту. Табиғат пен адамның байлынысн атап өту. Пәнаралық байланыс.
Жыл мезгілдері туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін еске түсіру, жарыс ретінде айтқызу. Енді тақтамен жұмыс.
- Жеміс бағында не өседі?
- Жеміс ағаштары өседі.
Ол бау, бақша болып бөлінеді. Салыстыру кестесі бойынша салыстыру. Бай, бақшаның айырмашылығы неде?

Салыстыру кестесі

Бау Бақша
Ағаштар Көкөністер
Алма Қияр, капуста
Алмұрт Қызамық, сәбіз
Шие, жүзім Картоп, пияз
Жаңғақ Қызылша
Айырмашылығы:
Бұтақта, ағашта өседі. Жерде өседі.

Жұмбақтар жасыру.


Тақтаға сюжетті суреттер ілу, пысықтау.
Диалог: Сұрақ-жауап.
Түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу: +, ?, v, – белгілерімен сөздік жұмыс жүргізу, өздерінен сұрату, жауап алу, оқушылар түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі.
Топпен жұмыс: (Ой толғаныс). Карточка таратылады.
І топ: Жыл мезгілдері туралы не білесің?
ІІ топ: Бауда қандай жеміс ағаштары өседі?
ІІІ топ: Алма бауының күзгі көріністерін суретте.
ІV топ: Алма жинау, еңбек ету, көктем туралы айтып бер.
V топ: Қандай алма түрлерін білесің?
VІ топ: Жеміс-жидектердің қандай пайдасы бар?
Топпен жұмыс жүргізіп болған соң топ басшысы т.б. оқушылар жауап береді. Енді Sinkuein (5 жолды өлең) тақтаға алманың суретін ілу, таблицаны т.б.
1. Не? – Алма.
2. Қандай? – Тәтті, домалақ, қызыл.
3. Не істейді? – Өседі, қызарады, піседі.
4. Алма – витамин.
5. Алма – денсаулытың көзі, сүйікті жеміс.
Пән аралық байланыс, синтездеу, әрі өздері өлең жазып, тақтаға қорытынды өлең жазады.
Алманың пайдасы туралы айтып өту. Жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
Логогриф жасыру: Алмада болса,
Алшада жоқ.
Алшада болса,
Алмада жоқ.

Сабақты қорыту. Жұппен жұмыс, жалпы ортақ ойды тақтаға ақ ватман қағазға жазамын. Жалпы жасыл өсімдіктердің пайдасы туралы айту, қорыту. Жұмбақ жасыру.


3. Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.
4. Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.
Бағалау кезеңі.
Үйге тапсырма: Өздері жақсы көретін жемістерінің суретін салу, сол туралы шағын әңгіме, өлең т.б. жазып келу.

Загружаем единицы на ваш сотовый за рефераты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет