Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»



бет2/2
Дата12.10.2020
өлшемі39,5 Kb.
#68151
түріСабақ
1   2
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Топқа бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат

- Әрбір сабақ? Үйрену, үғу, ұлағат

- Әрбір ісің ? Тірек, тірлік, адамдық

- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік , адалдық.

Бүгін балалар сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Сабақта барлықтарымызға сәттілік тілеймін.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Сандар сөйлейді».

ІІІ. Жаңа сабақ.«Ой қозғау». «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату. Ән туралы не білетіндерін сұрау. Өлеңді мәнерлеп оқыту.

IV. Ойлан - Жұптас - Бөліс

І Топ Өлең құрлысына талдау

ІІ Топ Өлеңнің көркемдегіш құралдарын табу

ІІІ Топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің шығу тарихы мен мазмұнын ашу.

Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.

ИдеясыАдам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр түрілирика,поэзия (өлең)

Шумақ5

Тармақ4

Бунақ2

Буын7-8

Ұйқасшалыс ұйқас (а-б-а-б)

Эпитет Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай.

Кейіптеу су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады.

Риторикалық сұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп?

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәнісұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді.

«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылы композитор Л.А.Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Лирика дегеніміз – көркем әдебиет жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:

-                   Саяси-азаматтық лирика

-                   Махаббат лирикасы

-                   Философиялық лирика

-                   Табиғат лирикасы

Эпитет дегеніміз – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз. Мысалы: сұр бұлт, дымқыл тұман, сұр жебе, қарақат көз, күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз, тістеніп сөйлеу.

Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуі.

Риторикалық сұрақ дегеніміз – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.

V.Шығармашылық жұмыс. 

 І Топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнына сурет салу.

ІІ Топ Сурет бойынша мәтін жазу.

ІІІ Топ Табиғат тақырыбында өлең шығару. 



VІ. Ауызша жұмыс. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнмен айту.

 VІ. Білімді бекіту. «Ыстық орындық» ойыны ( Оқушылар орындыққа отырған оқушыға сұрақ қояды)

VII Рефлексия. Сабақтан алған әсерім.

Тақырып бойынша сұрақтар қою. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.



VIIІ. Үйге тапсырма беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.

VIX. Екі жұлдыз, бір тілек.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет