20 минут
|
4 – әрекет.
«Мұз астындағы материк» бейнефильмі көрсетіледі.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтан әр топқа тақырыпшалар бөліп береді.
|
Берілген тақырыпшалар бойынша постер салады, қорғайды.
|
Түрлі түсті карандаштар, флипчарт қағаздары.
|
10 минут
|
5 – әрекет.
Арнайы тапсырмалармен жұмыс жасатады.
5.1
«Материк құжаты»
|
Кіріспе мәтініндегі негізгі мәліметтерді 5 минут ішінде оқып, болған соң бір – біріне сұрақ қоя отырып, жауап алады. Ары қарай Антарктика материгінің аумағын, шеткі нүктелерін, экваторға, меридианға қатысты орналасуын, жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздерді т.б. жазады.
|
Дәптерге орындайды.
|
|
5.2
«Ширақ ой...»
Сөйлемге антоним сөздерді қою.
1 - топқа:
1) Арктика –
2) Экваторда жыл бойы жаз болады –
3) Дүние жүзінде теңіз деңгейі бойынша орташа биіктігі 350 м болатын төмен материк Австралия –
2 – топ.
1) Тұздылығы ең жоғары су Қызыл теңізде 41‰ –
2) 1933 жылы дүние жүзіндегі ең жоғарғы температура Сахараның солтүстігіндегі Әль Азизияда +580 C тіркелген –
3) Дүние жүзінде ең биік шың Джомолунгма (8848 м) –
3 – топ.
1) Жер шарының теңіз деңгейінен төмен орналасқан жері Өлі теңіз (-403м) –
2) Сөнбеген вулкан жоқ материк Австралия –
3) Дүние жүзіндегі континенттердің барлығында адамдар кездеседі –
|
Оқушылар мәтінмен танысып болған соң тапсырмаларды орындайды.
1) Антарктика
2) Антарктика материгінің 99% қалың мұз басқан.
3) Орташа биіктігі жоғары материк Антарктика - 2040 м.
1) Дүние жүзіндегі тұщы су қорының 90% құрайды.
2) 1983 жылы дүние жүзіндегі ең төменгі температура -89,20 C тіркелген.
3) Антрктиданың ең биік нүктесі Винсон (5140м ).
1) Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері Бентли қазаншұңқыры (-2555м)
2) Антарктидада сөнбеген вулканның ең ірісі - Эребус(3794м) Роса аралында.
3) Антарктиданың жергілікті тұрғындары жоқ.
|
Парақ қағаз
|
|
5.3
Жұппен жұмыс. «Капитан және штурман».
|
Топ арасынан оқушы шығып, өздерінің қалауы бойынша бірі капитан, екіншісі штурман аталды. Капитан зерттеушінің есімін атайды, штурман контур картадан жүріп өткен жолын көрсетіп, түсіндіреді.
Дж.Кук, Ф.Беллинсгаузен мен Лазарев,
Р.Амудсен, Р.Скотт есімдері аталады.
|
Ақылды тақта
|