Сабақтың тақырыбы: Аппараттық және программалық қамтамасыз ету Негізгі материал: Жаңа сабақ Компьютердің дамуы мен модернизациясы бірін - бірі толыктыратын екі бағытта жүзеге асырылады. Ол - аппараттық және программалык камтамасыз ету.
Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы
Аппараттық қамтамасыз ету перифериялык кұралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта - бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, казіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.
Программалық қамтамасыз етудің дамуы
Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жан - жақты даму үстінде.
Сонымен катар бекітілген белгілер бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз - компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ – ға мына программалар жатады:
Операциялық жүйе. Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады. Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
1. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа - драйвер керек. Драйверді - құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
2. Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері
Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды. Бекіту сұрақтары: Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы?
Программалық қамтамасыз етудің дамуы
Жүйелік ПЖ – ға мына программалар жатады:
Рефлексия Бүгінгі сабақта біз ............ сөз қозғадық