Сабақтың Тақырыбы Асық ату. Шабуылдың техникалық және тактикалық әрекеті Модуль/пән атауы



бет2/2
Дата19.05.2023
өлшемі34,77 Kb.
#177172
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ашык сабак 13 шdocx

Хан талапай ойын ережесі
Ойын ережесі бойынша төрт-бес үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асық өзгелерден ерекшеленіп тұруы қажет. Оның түсі не қызыл, не көк болуы шарт.
Бір-бірден асық үйірусудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады. Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салыпортадағы асықтарды, ханталапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, ойын шарты бойынша келесі үйірі кезегі соған беріледі. Сондай-ақ хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.
Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе, немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.
Межелі ұпай санын (100-50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді. Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.

Ойын шартында асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге болмайды. Ойынның соңына дейін ханға бірде-бір асық тимеуі керек. Себебі ол – хан.


Екі топты шығарып жиналған асықты қоржынға салып шайқап Ханталапай сөзін айтып асықты шашашып жіберу


Екі топты шығарып қай топт асықты көп жинаса сол топ жеңіске жетеді



III Қорытынды бөлім 5-10 мин

Кері байланыс:
1. Бүгінгі сабақта сізге не үйрендіңіз?
2. Бүгінгі сабақта сіз түсінбеген мәселелер болдыма? Оны қалай пысықтағыңыз келеді?
3. Бүгінгі сабақтың сіз үшін айтарлықтай құнды тұстары ( Білім немесе дағдылар)
4.Қарастырылған тақырыпқа қосатын өзіңіздің ой-пікіріңіз барма?




Үй тапсырмасын беру.
Асық ату ойын ережесін қайталау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет